МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҚАСИЕТІМ, ҚАСТЕРЛІМ
Рәміздер күніне орай «Қоғамдық келісім» мекемесінде ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ-ның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея жастары мен студенттер қатысты. Кездесуде Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, аймақтық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі Хамида Турдыева, аталмыш мекеменің заңгері Дина Амиреева, қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің […]