Entries by Администратор

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақ халқы мен түрлі этностардың достығын нығайту, бір-біріне алғыс айту арқылы бауырмалдық сезімді арттыруды көздеген Алғыс айту күні қарсаңында Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестік өкілдері Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясында облыс орталығында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Аймақтық Ассамблея мүшелері бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты. Сондай-ақ, Алғыс […]

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы мерейтойлық шара салтанатты жиынға ұласты. Мерекелік кеш Ассамблеяның 30 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетілімінен басталды. Мемлекеттік Гимн орындалған соң, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің тақырыптық театрландырылған қойылымымен жалғасты. Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құтықтауын жеткізіп, аймақтағы қоғамдық келісім […]

АССАМБЛЕЯ БӨБЕКТЕРІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатуда «Әжемнің ертегісі» және «Ассамблея бөбектері» жобасының берері мол. Достық үйінде өтіп жатқан мерекелік шаралар легі қарсаңында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев пен қатысушы қонақтар «Алтын шаңырақ» алаңшасында «Ассамблея бөбектерінің» қойылымын тамашалады. Тараздағы №17 «Балбөбек» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндеріне облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында татулық, достық тақырыбында ертегілер айтып берді. Өз кезегінде бүлдіршіндер де Алғыс […]

ҚҰЖАТТАР АЛАҢШАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Достық үйіндегі мерейтойлық іс-шаралар барысында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы мен қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеяның 30-жылдығына арналған архивтік құжаттар алаңшасымен танысты. Атаулы алаңшаны көпшілікке облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Сағындық Зейнуллаұлы таныстырып, аймақтық Ассамблеяның тарихы, этномәдени бірлестіктердің құрылуынан хабар беретін құжаттар жайлы мәлімет беріп өтті.

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ» ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ

Тараздағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылу салтанаты өтті. Мерейтойлық ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Жамбыл облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Махметғали Сарыбеков сөз алып, тарихи тақтаның маңызына тоқталды. Бірлік пен бірегейліктің институты болған Ассамблеяның мерейтойына арналған ескерткіш тақтаны Жамбыл облысы әкімі Ербол Шырақпайұлы және облыстық Қазақстан халқы […]

ҚОРЖЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Халықтар арасындағы ажырамас ынтымақ жібін жалғап жатқан игілікті істің бірі – қайырымдылық. Тұтастықтың тұғырын нығайту жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық шаралардан қалыс қалған емес. 1-наурыз Алғыс күніне және ҚХА-ның 30 жылдығына орай Достық үйінде өткен мерекелік жиын барысында «Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы «Қоржын» қайырымдылық акциясына бастау берілді. Аталған жиында Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының жетекшісі, облыстық мәслихат төрағасы […]

БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ – 30 ЖЫЛ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Жүзден астам этностар басын бір арнаға тоғыстырған еліміздегі іргелі институт бүгінде тұрақтылық пен тыныштықтың тірегіне айналып, этносаралық татулықты қамтамасыз ету сынды бірқатар маңызды миссияны атқарып келеді. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында дәл бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар легі көрініс табуда. Атаулы мерейтой және Алғыс айту күніне орай бүгін Достық үйінде ақпарат және қоғамдық […]

БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

  Күні кеше Мемлекет басшысының «Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар» атты мақаласы шықты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді» дей келе, өзінің мақаласында 2024 жылда этносаралық келісімді нығайтуға, қақтығыстардың алдын алуға, этномедиацияны дамытуға, мамандарды даярлауға және этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға […]

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚХА ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінде этномедиация Кеңесінің отырысы өтті. Шараға облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, аталған кеңес мүшелері, ЭМБ төрағалары және өңірлік ҚХА медиаторлары қатысты. Отырыста этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов барлық қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, өңірдегі этносаралық шиеленістің алдын алу шараларын […]

«АЙНАЛАЙЫН» СӘБИЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл және 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Айналайын» жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табыстау акциясы өтті. Акция барысында облыстық ҚХА ардагерлері мен Аналар кеңесінің белсенді өкілдері перинаталдық орталыққа барып жаңа туған сәбилердің аналарына домбыра, алғашқы керек-жарақтары салынған сөмкелер табыстады. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева «Айналайын» хатын оқып, алдағы келе […]