Entries by Администратор

Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік семинары

2016 жылғы 7–9 қыркүйек күндері Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сайрайында (Сәтпаев көшесі, 28) Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік  семинары өтеді. Семинардың мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру. Семинарға Жамбыл облысында этносаралық және конфессияаралық […]

«Тәуелсіздік – тірегім» велошеруі

Тараз қаласында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тірегім» атты велошеру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды. Велошеру «Достық» алаңынан бастау алып облыс орталығының көшелері арқылы халықаралық «Әулие-Ата» әуежайына дейін жалғасты. Велошеруге  барлығы 700-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев, әкімнің орынбасарлары, құқық қорғау және сот органдарының, өңірлік басқармалар мен мекемелердің, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» […]

Жамбыл облысында «Ақ орамал» акциясын қорытындыланды

Бүгін Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері «Ақ орамал» акциясын қорытындылады. Іс-шараға ҚХА, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы қатысты. Акция барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын қолдау мақсатында  облысымыздың Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бейбіт шеру ұйымдастырды.           […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін барша прогрессивті адамзат Семей ядролық полигонының  жабылғанына  25 жыл толғанын атап өтуде. Семей полигонының трагедиясы  –  халқымыздың  ортақ  қасіреті. Ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен ұрпақтардың  тақсіреті  әр ананың жүрегін  жаралайды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  бастамасымен әлемде тұңғыш рет ядролық сынақ полигоны жабылып, Қазақстан халықаралық саясатта сенімнің жаңа моральдық […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды

Құрметті Отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды. Еліміздің Ата заңы саяси және экономикалық жүйенің бастапқы қағидаларын анықтап, жалпы адами және жалпы ұлттық құндылықтарды айқындады. Конституция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделі ретінде жүзеге асқан бейбітшілік пен келісім саясатының және қоғамдағы бірліктің қағидаларын […]

Мектепке жол – жарық жол

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы республикамызда өтетін басқа да қайырымдылық акциялары сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  жыл сайын өтіп тұрады. Аталған акция 1-ші қыркүйекке дейін жалғасса да бүгінде облыстық ҚХА хатшылығына алдын-ала қорытындысы келіп жатыр. «Мектепке жол» акциясы тек қайырымдылық шарасы ғана емес. 1-20 тамыз аралығында өткен өңірдегі іс-шаралар, бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңына […]

Бірінші аймақтық семинар

Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында «Менің Елім-Мәңгілік Ел» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Оған облысымыздың ірі үш ауданы Шу, Қордай, Мойынқұмнан қоғамдық келісім кеңестері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Семинар жұмысын кіріспе сөзбен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашты. Мекеменің бас сарапшысы Лариса Лысова өз сөзінде «Мәңгілік Ел» […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы – жастар үшін

12-13 тамыз аралығында Берікқара тау шатқалында Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктердің жастары арасында жыл сайын өткізілетін  «ҚХА жастары – 2016» бесінші форумы өтті. Форумға 80-нен астам бозбала мен бойжеткендер қатысты, оның ішінде аудандық ішкі саясат басқармаларының этносаралық қатынастар саласы бойынша жұмыс істейтін жаңа тағайындалған мамандар да бар. Сондай-ақ, форум жұмысына аудандардан келген үздік оқитын 19 оқушы […]

Медиаторларға арналған семинар-тренинг

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нде ҚХА жанынан құрылған медиация кабинетінің медиация мектебі «Кәсіби емес медиаторларға арналған этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сонымен қатар медиаторлар жұмыс жасау менеджері қатысты. Семинардың басты мақсаты кәсіби […]

Жамбыл облысындағы «Медиация күні»

5 тамыз күні республика бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «Медиация күні» кеңінен аталып өтті. Бұл күн, ендігі кезеңде, жыл сайын, кәсіби мереке ретінде аталып өтеді деп күтілуде, оған жамбылдықтар да атсалысуда. 2011 жылдың тамызында заңды және жеке тұлғалар арасындағы даулар мен жанжалдарды арнайы дайындықтан өткен […]