Entries by Администратор

Қасіретті жылдар ұмытылмайды

Зұлмат жылдар. Зобалаң уақыт. Алапат аштық. Айтуға ауыр, естелігінің өзі есіңді алған тарихтың қиын-қыстау кезеңі. Осыны ұмытпау үшін бүгінгі ұрпақ 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады. Бұл күн қазақ тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлермен қатар, тар жол тайғақ кешкен қасіретті кезеңдердің де аз болмағанын көрсетеді. Сонау қасіретті жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа […]

Достық үйінде ҚХА еріктілері марапатталды

Еріктілер жылында өңірлік волонтерлерді қолдау мақсатында, 29 мамыр күні Тараз қаласы Достық үйінде марапаттау рәсімі өтті. Жамбыл облысы ҚХА “Жаңғыру Жолы” жастар қозғалысының өңірлік штабының орынбасары, облыстық ассамблея волонтерлік қозғалысының әлеуметтік бағытының координаторы Алиев Хабиб Соханалиевич, сондай-ақ штабтың екінші орынбасары және волонтерлік қозғалыстың спорттық бағыты бойынша координатор Лигостаев Артур Михайлович және өңірлік “Жаңғыру Жолы” штабының […]

30 мамыр

30 мамыр күні Мемлекет басшысының 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеумен толық таныстым. Отанымызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады, деп мәлімдеді ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл отандық тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. XX ғасырдың 20-50-ші жылдарында КСРО-да тоталитарлық режим құрылды, ол жүздеген мыңдаған адамдардың қаза болуына […]

ТАРАЗДА БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕЛІК КЕШІ ӨТТІ

31 мамыр қазақстандықтар үшін үлкен мән мағынаға ие. Қынабынан қан тамған заманда «Халық жауы» атын иеленіп, саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, отбасы да, жақындары да бірге жапа шекті. Бұл қилы замандағы қасірет халықтың көзінен кетсе де, көңілінен кетпеді. Ал Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу […]

ІЗГІЛІКТІҢ ІЗІ

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без!», – дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жабырқау жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну болып табылады. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Рамазан айында ҚХА облыстық Аналар кеңесі және Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығының жастар қанатының бастауымен, сондай-ақ, қаламыздағы барлық […]

ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ҚАЛАШЫҒЫНАН ТАБЫЛҒАН СҮЙЕК БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚОЛӨНЕРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

 Жарылқапова Айжан Ғалымбекқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері»  тарихи-мәдени қорық-музейің тарихшысы,  Жамбыл облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі     ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ҚАЛАШЫҒЫНАН ТАБЫЛҒАН СҮЙЕК БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚОЛӨНЕРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ   Әр ұлттың, халықтың, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Қазақтың өмір салты, […]

Көпұлтты жамбылдық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысындағы ерен ерліктері.

Бақторазов С.У. –  М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің доценті,тарих ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облыстық ҚХА ғылыми- сараптамалық тобының мүшесі Ұлы Отан соғысының жан алып, жан беріскен төрт жылы бұрынғы КСРО-ның көпұлтты халқының басына түскен ең ауыр зауал болғаны анық. Осы орайда, жамбылдықтар өз Отанын қорғау жолындағы Ұлы іске ат салысқанын мақтанышпен еске алады. Қазақ КСР-інде, соның ішінде […]

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этнобірлестік өкілдерінің карантин кезіндегі атқарған қайырымдылық іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурызындағы №285 Жарлығына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны барлағымызға аян. Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоғалтпайтын құндылықтардың бірі – қайырымдылық ісі. Осы игі іс бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының басты бағыттарының бірі саналады. Ағымдағы жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейінгі аралықта облыстық ассамблеясының мүшелері […]

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХЫ

Сейткулова Жанна Мамбетовна            М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті Тараз, Қазақстан  Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселесіне айналған этносаралық қатынастарды жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мен жұртшылығы маңызды қызметтерді атқарды. 1990 жылдың басында Елбасы Н.Ә. Назарбаев барлық этномәдени орталықтарды бір ұйымға біріктіру идеясын жариялаған еді. Жамбыл облысында 1991 жылдардың өзінде облыста […]

Сырлыбаев Бахыт Уәлиұлы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы

«Адам адамға дос, бауыр, жолдас» деп жатамыз. Ол анық. Сол аныққа айғақ боларлықтай аталы сөзін айтып, «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйекті Үндеуін оқып, қуана құптадым. Шындығында, әлемді жайлаған кеселді дүрбелең кезінде халқын сабырлыққа, байсалдыққа шақырған Нұрсұлтан Әбішұлын қолдамай тұру мүмкін емес. Осынау сын сағаттан еліміздің […]