Entries by Администратор

Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Дүниені дүрбелеңге салған бұл дерттің сізді айналып  өтпегенін естіп  көңіліміз түсті. Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділері Елбасының денсаулығына қатты алаңдаушылық білдіреді. Нар тұлғалы азаматтың әлемді жайлаған бұл дертті жеңеріне біз жастар кәміл сенеміз және жастарға артқан үміттеріңіздің ақталар күнінің куәгері болуыңызға тілекшіміз! Қазіргі таңда Елбасының жағдайының бірқалыпты екенін естіп шын жүректен қуанып […]

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қоғамның ұйымдасуына, халықаралық бірліктің нығаюына күш -жігеріңізді салдыңыз, Сіз басқарып келген еліңіз өркениетті, әлемге әйгілі, дүние жүзінде теңдесі жоқ, бұл Сіздің еңбегіңіз. Бүгінгі күні Сіздің сауығып кетуіңізді ақ жаулықты Жамбыл облысының ҚХА жанындағы Аналар Кеңесінің мүшелері атынан тілейміз! Қиындықтарды жеңіп, жарқын жақсылықтарға толы өміріңіз ұзақ болсын! Көшбасшылық қасиетіңізбен қатар қарапайымдылығыңыз, мейірімділігіңіз біздер үшін үлгі тұтар, […]

Аса құрметті Елбасы, Тұңғыш Президентіміз, қадірменді көшбасшымыз!

Жамбыл облысының ҚХА Ақсақалдар кеңесі және Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері  Сізге Жаратушыдан шапағат сұрап, Сіздің тез сауығып кетуіңізге ізгі тілектерін жолдап отыр. Өзге этностарды бір  шаңырақтың астында талай жылдар бейбітшіліктің астында уыздай ұйытып ұстап келдіңіз, сізге деген құрметіміз, ризашылығымыз шексіз! Қазақстанымыздың өзге елдермен де одақ¬тастық пен стратегиялық қарым-қатынастарды нығайтып, өзара дұрыс мәмілеге келуі де, осы […]

Белсенділік жолымның биігі деп білемін

Қадыралиев Айбек Амансейітұлы – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы,  Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі    2015 жылдың наурызы. Студенттік кезімнің соңғы жылдары. Ауылдан келген қара баланың талпынысы мен талабын одан ары қаланың тыныс-тіршілігі баурап алып, қоғам өмірінің дамуына қолдан келгенше жастар атынан үлесін қосып, есесіне сол бір белсенділік пен шығармашылықтың арқасында Тараз […]

Көк туымыз әлемдік аренада әлі талай биікке шығады

2012 жылдың 12 тамызы мен үшін ғана емес, Қазақстан үшін де ерекше күн болып есте қалды.  Лондон олимпиадасында  еркін күрестен қола медаль иегері атандым. Жарыс аяқталып, елге оралғанымызда, 2012 жылдың  тамыз айының 25 жұлдызында Елбасымыз олимпиада ойындарында орын алған спортшыларды қабылдады. Кездесу алдында «Елбасының алдында сөйлеуге жүрексінесін, қорқыныш болады»  деген пікірлерді естіген болатынмын. Керісінше, жылы […]

«Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы

2020 жылдың 10 маусымында  Сарысу  және Талас аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында облыстық  ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынды облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімінің әдіскері Кенжебек Өмірбеков ашты. Қайырымдылық акциясы 4 бағыт бойынша өткізілді. Бірінші оқу аудиториясында  «Бейбітшілік  және келісім керуені» қайырымдылық акциясы аясында  аудандарда жергілікті атқарушы билік […]

Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің тағлымы ұрпақ жадында мәңгі сақталады

Отырарлық ұлы ғалым, ойшыл, кемеңгер Әбу Насыр әл-Фарабидің  туғанына биыл 1150 жыл толды. Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист  ғалым, астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп, көптеген трактаттардың авторы. Өкінішке орай, оның мол мұрасы мен рухани туындылары көбісі жоғалып, біздің […]

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбаты

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын оқығаннан кейін өзімнің Қазақстан азаматы екендігімді бұрынғыдан да мықтырақ мақтан тұтамын. Президент  елде тұратын 3,5 миллионнан астам орыстың «біздің халқымыздың ажырамас бөлігі»  болып табылатындығын, және олардың барлық құқықтарды пайдаланатынын атап өтті. Ол Ресейдің Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі зор және ұмытылмайтынын және қазақстандықтардың этникалық […]

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған..

 (Абай Құнанбайұлы шығармаларының  менің өмірімдегі рөлі)  «Халқымыздың  рухани  өміріндегі  қайталанбас  ерекше  құбылыс  – Абай.  Абай  ілімі, Абай  табиғаты,  Абай  үні – мүлдем  ерекше. Бабамыздың:  «Атаңның   баласы  болма, адамның  баласы бол»  немесе «Біріңді  қазақ  бірің  дос, көрмесең істің бәрі бос» деген  қасиетті де, құдіретті   сөздері қай  заман, қай  қоғамда  болмасын  барша  адамзат  баласының  ортақ  тағылымы іспеттес. […]

«Болашақ үшін естелік» тақырыбында тарихи-танымдық онлайн конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық ҚХА және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының Достық үйінде «31 мамыр – қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай, «Болашақ үшін естелік» тақырыбында тарихи-танымдық онлайн конференциясы өтті. Іс- шараның мақсаты: Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, жалпы тарих пен жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық […]