Entries by Администратор

МЕДИАЦИЯ – ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Дана қазақ «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп тегін айтпаған. Бірлік барда берекелі тірлік көрініс табары анық. Бүгінде қазақ жерін мекен еткен 140-тан астам этнос өкілдері осы бірліктің арқасында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Біз қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтап, қашан да алауыздыққа қарсы тұра білуіміз керек. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт […]

АСТАНАДА ҚХА МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

5 тамыз – елімізде медиация күні. Ағымдағы жылы «Медиация туралы» заңның қабылданғанына 13 жыл толып отыр. Осыған орай, күні кеше Астана қаласында өткен республикалық ҚХА медиация кеңесінің кеңейтілген отырысында бітімгерлік институтының атқаратын қызметі, қоғамдық келісімді сақтау және нығайту мәселелері төңірегінде тереңірек айтылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен шараға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті […]

АЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БОЙЫНША КУРСТАР ӨТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез-келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық […]

ZOOM ПЛАТФОРМАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында қоғам дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген белсенді жастар қатарының артқандығын алға тартқан болатын. Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйықты болуымен «Zoom» платформасында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің жұмысы турасында онлайн кездесу өткізілді. Жиынды республикалық «Қоғамдық […]

АНАЛАР ДОЙБЫДАН ДОДАҒА ТҮСТІ

Бұқаралық спортты дамыту әрі халықты салауатты өмір салтына бағыттау – еліміздегі күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Әсіресе, тұрмыс тіршілігінен қолы босамайтын аналардың спортпен шұғылдануы да айрықша маңызға ие. Осыған орай, ҚХА-ның “Салауатты сана” жобасын жүзеге асыру мақсатында Меркі аудандық Аналар кеңесінің өкілдері арасында дойбы сайысы ұйымдастырылды. «Аналар асыл жандар» атауымен өткен спорт жарысына ауданға қарасты […]

Дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанғанына баршамыз куәміз.

Дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанғанына баршамыз куәміз. Отандасымыз осылайша ел қоржынына алғашқы алтын медальді сыйлады. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Жарайсың Елдос! Қазақ елінің даңқын шығарған жеңісті жолдарың тарихта алтын әріппен жазылып қалды. Сенің талмас күш-жігерің мен асқан шеберлігіңді,адал азаматтық биігіңді,шынайы перзенттік сезіміңді, талантты өнеріңді жоғары бағалаймыз! Өркендей бер,жүрегі ел […]

Париж-2024: Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Париж Олимпиадасының алғашқы күндерінде-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Айтулы аламанда қазақстандық спортшылар Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы нысана көздеуден қола медальге ие болса, жерлесіміз, жамбылдық дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тағынып, татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медальді қанжығалады. Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Ел намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз алдағы уақытта да […]

БАЙЗАҚТА ЖАҢА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Байзақ ауданында ҚХА төраға орынбасары Лугмар Буларовтың жетекшілігімен «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» арнайы жобасы аясында мемлекеттік, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен және мемлекеттік қызмет көрсететін, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерімен кездесулер және семинар-тренингтер өткізу жалғасуда. Мемлекет пен қоғамның сенім мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын алға тартқан […]

ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

Қазақ тарихындағы ең алғашқы сәулеттік құрылыстың бірі – киіз үй екені даусыз. Ал құнын жоғалтпаған қазақтың киіз үй жабдықтарының да түрі мен атқаратын рөлі ерек. Ұмыт болған ұлттық бұйымды қайта жаңғырту мақсатында өңірлік ҚХА жанындағы қолөнер шеберлері Достық үйінде шеберлік сыныбын өткізді. Бұл жолы қолөнер шеберлері ертеде кез-келген шаңырақтан табылатын шашақ бауды жасап үйренді. Әсемдік […]

ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

Қазақ тарихындағы ең алғашқы сәулеттік құрылыстың бірі – киіз үй екені даусыз. Ал құнын жоғалтпаған қазақтың киіз үй жабдықтарының да түрі мен атқаратын рөлі ерек. Ұмыт болған ұлттық бұйымды қайта жаңғырту мақсатында өңірлік ҚХА жанындағы қолөнер шеберлері Достық үйінде шеберлік сыныбын өткізді. Бұл жолы қолөнер шеберлері ертеде кез-келген шаңырақтан табылатын шашақ бауды жасап үйренді. Әсемдік […]