Entries by Администратор

Ақпарат

Үстіміздегі жылдың желтоқсанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Жастар арасындағы қазақстандық бірегейліктің жалпыазаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтуда ғылыми шығармашылық интеллигенцияның рөлін арттыру» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау тұрғысында жас ұрпақтың сана сезімін жетілдіру, этносаралық […]

Әулиеата өңірі – татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара келісімнің ордасы

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ол қызметі мен жасап жатқан жұмысы бір-біріне ұқсамайтын, алайда, қоғамымыз үшін маңызы зор көптеген кеңестер мен орталықтарды, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіріп отыр. Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері мыңдаған келелі мәселелердің шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты […]

Таразда «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындыланды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дарынды жас ғалымдарды қолдау, өңірдегі жастардың ғылыми сарапшылық әлеуетін арттыруға және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындылады. Байқауға жалпы 60-қа жуық […]

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің дамуына ықпал еткен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің дамуына ықпал еткен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді. Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқан БАҚ өкілдері марапатталды. Жүлдегер болған БАҚ өкілдерінің қатарында Жамбыл облыстық ішкі саясат […]

«Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді. Жобаның басты мақсаты мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту. […]

Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдениет күні өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдениет күні өтті. Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен өтті. Дәстүрлі түрде өтетін этнос күні «Singende Herzen» вокалдық тобының 10 жылдық мерейтойлық концертімен тұспа-тұс келді. Айта кетейік, вокалдық топ жетістіктері үшін бірнеше рет […]

Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы: – Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы 15 одақтас республика өзінің даму жолына түсті. Көптеген елдерден айырмашылығы, Қазақстан әрқашан өз бағытынан тайған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын дағдарыс кезеңі деп атауға болады. Түрлі экономикалық қиындықтар болды, адамдар айлап жалақы алмады, көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Осы кезеңде Қазақстанға […]

Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, қазіргізаманға қатысты тағы басқа да […]

Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Дәл осыдан 29 жыл бұрын, яғни,1991 жылдың 1 желтоқсанында ұлттық сайлау нәтижесі бойынша – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып қайта сайланды. Кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне үлкен үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы бола білді. […]

Бигелді Тәжібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

Бигелді Тәжібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы: – Расында, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз. Сондықтан да Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты […]