Entries by Администратор

Ауыртпалықты бірге көтерген абзал

Небір қилы кезеңді, тар заман мен зар заманды бастан өткерген халықпыз. Бауырмалдығымыз бен қонақжайлығымыздың жөні бір бөлек. Жатты жатырқамайтынымыз, бауырмашылдығымыз сол, тағдыр тауқыметін тартып, қазақтың кең даласына күштеп жер аударылған талай халықты құшақ жая қарсы алдық. Паналаттық, үзім нанды бөліп жедік. Енді міне, сол халықтармен бірге бір шаңырақ астында достық шыраймен, бауырлық пейілмен жарастықта тұрмыс […]

Тараз қаласында «Бірлігіміз жарасқан» атты этнофестивалі өтті

Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан өңірлік ассамблея белсенділеріне құрмет көрсету, дәріптеу мақсатында үстіміздегі жылдың желтоқсанында Тараз қаласының Достық үйінде Тәуелсіздік күні мерекесі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық ассамблея ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың желтоқсан […]

Тараз қаласы Достық үйінде «Меценат-2020» қайырымдылық форумы өтті.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Меценат-2020» қайырымдылық форумы өтті. Форумға 2020 жылда облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына және пандемия кезінде зардап шеккен жандарға қайырымдылық жасаған меценаттар, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, белсенділері, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты – қайырымдылықты […]

Тілім менің- таусылмайтын байлығым!

Тілім менің- таусылмайтын байлығым! М. Жұмабаев айтқандай: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады”. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы керек.Менің ойымша тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау […]

Бейбіт күннің қадірін білейік

Дәл қазір бізге не керек?! Алда 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні мейрамы келе жатыр. Бізге керегі – ұлтаралық келісім, ауызбіршілік, тұрақтылық пен түсіністік. Бірлігіміз бекем болса, бізді берекенің өзі іздеп келеді. Ұлы даланы мекендеген барлық халықтың мақсаты мен мүддесі бір болғандықтан, қоғамдағы келісім мен саяси тұрақтылықты сақтай отырып, ел тәуелсіздігінің тұғырын тайдырмас үшін Отанға адал қызмет […]

Өз басым Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде білемін

Өз басым Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде білемін. Біздің елімізде 140-тан астам өзге ұлт өкілдері тұрады, өзге ұлт өкілінің бірі -өзім. Еліміздегі саяси тұрақтылық мен үшін өте маңызды. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысым шексіз және тұрып жатқан елімді, жерімді мақтан етемін. Біз болашаққа сеніммен қараған тәуелсіз және заманауи мемлекетте тұрамыз. […]

Тараз қаласында корей халқының этнос күні өтті

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында өңіріміздегі Достық үйінде «Жамбыл облысы «Корё» корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі этнос күнін атап өтті. Салтанатты кешке құрметті қонақтардан «Жамбыл облысы «Корё» корейлер қауымдастығы» ҚБ-нің төрағаасы Кан Анатолий Лаврентьевич, «Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы орынбасары Пак Анатолий Иванович және кәріс этносының өкілдері мен жастары қатысты. Жамбыл облыстық «Ноиндан» ақсақалдар алқасының мүшесі Пак Анатолий […]

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне сәйкес алдымен этносаралық саладағы ахуал және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов есеп берді. Басқарма басшысы ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың […]

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазы анықталды

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен басталған Еріктілер жылы да аяқталуға жақын. Бұл ауқымды жоба аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есе артқанын көрдік. Мемлекет үздік волонтерлік жобаларды қолдап, түрлі идеялар мен тәжірибелердің үлкен базасын құрды. Жыл шеңберінде жарияланған еріктілердің байқауына қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірі және шетелдерден 768 өтінім түсіпті. Екі іріктеу кезеңінен […]

Таразда поляк этносының мәдениет күні өтті

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тараз қаласының Рим-католик шіркеуінде поляк этносының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, мәдениеті мен тарихына арналған этнос күні аталып өтті. Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Этнос күні «6-желтоқсан – Әулие Николайды еске алу» күніне тұспа-тұс келді. Бұл күні католиктер саяхатшылар мен балалардың қамқоршысы атанған Әулие Николайды еске алады. Қасиетті […]