Entries by Администратор

ТАЛАС АУДАНЫНДА АЙМАҚТЫҚ КОУЧИНГ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Талас ауданында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық коучинг өткізді. Семинар-тренингке мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар, жастар және этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы […]

ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ ТУРАЛЫ

Жуырда «Жамбыл облыстық «Полонез» тілі мен мәдениеті орталығының өкілдері облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне барып, Отбасы күнін атап өтті. Қатысушылар өздерінің қамқорлығындағы «отбасыларымен» әңгімелесуде балаларға дәстүрлі отбасылық құндылықтар, адамдарды біріктіретін игі әдет-дәстүрлерді дәріптеу, бір-біріне қамқорлық жасау және өзара сүйіспеншілікті сақтау қаншалықты маңызды екендігін сөз етті. Кеш соңында аталған орталық тәрбиеленушілері […]

ҮЛГІЛІ ШАҢЫРАҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Олар қашанда өзгеге үлгі болмақ. Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында ҚХА-ның ұйымдастыруымен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының «Адал азамат тәрбиелеген отбасы» бағыты аясында 50 жыл отасқан «Алтын шаңырақ» және 25 жыл отасқан «Күміс кереге» номинациялары бойынша өңірдегі үлгілі отбасылар марапат төрінен табылды. Достық […]

ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізде атом электр станциясын салу бойынша 6 қазан күні жалпыұлттық референдум өтетіндігін мәлімдеген болатын. Бүгінде елімізде маңызы зор және ел болашағына әсері мол түйткілді мәселенің жай-жапсарын түсіндіруде кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат […]

«КӨШПЕНДІЛЕР» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» бірлесіп “Қазақстан халқы тілдері күніне”  орай «Көшпенділер» фестивалін  ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында өткен іс-шараға этномәдени бірлестіктердің  басшылары мен […]

ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Қазақстан Республикасының «Барбанг» күрділер қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалы» ҚБ төрағасы Сартиф Алиев бірлестіктің Жастар қанатымен  кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді. Маңызы мол жиында бірлестік жетекшісі Жолдауда көрсетілген эономикалық дамудың 9 бағыты бойынша мақсат-міндеттерін атап өтіп, халықты алаңдатып отырған интернеттегі алаяқтық, […]

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «ЕЛТАНУ» (ҚАЗАҚТАНУ) ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ» АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Қазақ халқының  салт-дәстүрін,   ұлттық құндылықтарын  өзге этностарға дәріптеуге бағытталған  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» (Қазақтану) мәдени-ағартушылық  жобасының ауқымы жыл артып кеңеюде. 2018 жылы ҚХА-ның XXVI сессиясында қабылданған жоба қазіргі таңда қоғамнан қызу қолдау тапты. Баянды бастама аясында бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің Көрме залында мекеме басшысы Мубарак Қасымқызының ұйытқы […]

БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТУ — ҰЙҒЫР БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ

#Мектепкежолакциясы #МектепкежолЖамбыл   Жыл сайын дәстүрлі түрде ел көлемінде тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін «Мектепке жол» акциясы өтеді. Науқанға облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін тең көрсетіп келеді. Қайырымдылық жасаудан қапы қалмайтын этностардың бірегейі «Махмұт Қашқари» атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі ҚР Конституциясы күні мен Білім күніне орай  […]

ЖАСТАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ДРАЙВЕРІ

Қазақстандағы Халықаралық Жастар күні жарқын сипатқа ие болып, жалпы жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы да әлдеқашан  өзгерген болатын.  Бұрын тұжырымдама «жастарға арналған саясат» болса, бүгінде –  «жастармен саясатқа» меңзейді.  Жастар бүгінде өздерінің одан әрі дамуын жүйелі қалыптастырып үйренген.  Мәселен,  олар келешекті қалай көреді,  бүгінгісін  қалай сезінеді және дамуға қандай қажеттілікттер мен бағыттар бар, қазір осының бәріне […]

ҰЛЫ АҚЫН ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

10 тамыз – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Айтулы дата қарсаңында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты танымдық кеш өтті. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттап, қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың қызығушылығын […]