Entries by Администратор

БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Ізгілікті іске ұйытқы болып, қайырымдылық жасауда Жамбыл облыстық этномәдени бірлестік өкілдері әрдайым белсенділік танытып келеді. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында облыстық «Хазар» Әзірбайжан этномәдени бірлестігі жақсылыққа жаршы атанып, тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созды. Бірлестік төрағасы Асабали Поилиевтің бастамасымен қаладағы 16 отбасыға азық-түлік таратылып, көпбалалы отбасылардың алғысына бөленді. «Қайырымдылық жасауға асығу бірлестіктің басты мақсаты. Берекелі айда сауапты іске атсалысып, ары қарай жалғастырамыз» – дейді Асабали Поилиев.

ЕРТЕГІ – ТАНЫМНЫҢ КӨЗІ

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі жүзеге асырып отырған «Әжемнің ертегісі» жобасы аға буын өкілдері мен балалардың басын біріктіріп, білім ошақтарын кеңінен қамтып отыр. Соның бірі ағымдағы жылдың 12 наурызы күні Тараз қаласындағы №13 мектепте түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға арналған «Әжемнің ертегісі» атты фольклорлық сабақтар топтамасы өтті. «Радонеж» Орыс қоғамдастығының өкілі, аталмыш мектептің музыка пәнінің мұғалімі […]

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «ШАБЫТ» ОБЛЫСТЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 11 наурызында Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай, «Арт-Тараз» шығармашылық тобының «Шабыт» атты облыстық көркем сурет көрмесі ашылды. Аталмыш көрмені тамашалауға бүгін өңір суретшілері, облыстық этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы, студенттер және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева ашып, көрме жұмысына […]

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында Жамбыл облыстық Немістер қоғамы 9 наурыз күні Достық үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Концерттік бағдарламамен өрілген кеш аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының әйелдер қауымына, көпбалалы аналарға, әжелерге және отбасы құндылықтарын нығайту мен қоғамдағы үйлесімділікке елеулі үлес қосып жүрген барлық әйелдерге арналды. Концерт барысында әйелдердің мейірімділігі мен парасаты, сұлулығы мен даналығы, олардың өмірдегі орны мен […]

ӨЗБЕК БІРЛЕСТІГІ АРДАГЕР АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі мерекелік құттықтаудың алғашқы легін бастады. Өзбек этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрағасы Диларам Каримова бастаған аналар аталмыш бірлестіктің ардақты ардагерлеріне мерекелік құрмет көрсетіп, құттықтап қайтты. Бүгінде облыстық, қалалық Өзбек этномәдени бірлестіктерінің негізін қалауға күш-жігерлерін арнап, ел өркендеуі жолында еңбек еткен, жеке кәсіптен нәсібін тапқан бірлестік ардагерлерінің алды 100-ге […]

АДАМНЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ – АДАМГЕРШІЛІК

Ағымдағы жылдың 6 наурызында С.Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебінде облыстық ҚХА медиация орталығының ұйымдастыруымен «Адамның рухани байлығы – адамгершілік» тақырыбында оқушылармен сынып сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге қалалық Өзбек орталығының және аймақтық ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов және облыстық «Қоғамдық келісім» КММ этномедиация орталығының меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысты. Жастарға жалпы адамзаттық құндылықтарды ұғындыру арқылы адамның рухани байлығын […]

ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Достық үйінде халықаралық әйелдер күніне орай, «Әйел – әлемнің тірегі» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесінің отырысы өтті. Аймақтық Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали жүргізген жиынға өңірлік кеңес мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, серіктес мекемелер, қоғам белсенділері қатысты. Әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлін нығайтып, кеңес аналарының түрлі ұйымдармен өзара байланысын бекемдеуді көздеген шарада «Қоғамдық келісім» […]

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «АНАНЫҢ ӘНІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Халықаралық әйелдер күніне орай республикалық «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Қоғамдық келісім» КММ мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесі бүгін Достық үйінде «Ананың әні» байқауын өткізді. Облыс орталығы мен аудандардан 18 бен 45 жас аралығындағы 15 үміткер қатысқан бәсекенің мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін, мемлекеттік тілді насихаттау, ән арқылы үйрету. Сондай-ақ, еліміздің бірлігін сақтау және этностар мәдениетінің […]

ЖАСТАРМЕН ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Ағымдағы жылдың 4 наурызында облыстық ҚХА этномедиация кеңесінің ұйымдастыруымен Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын насихаттау мәселелері бойынша өскелең ұрпақпен кездесу өтті. Іс-шарада өңірлік ҚХА этномедиация кеңесінің мүшесі, аталмыш оқу орнының директоры, «Қазақстан татарлар мен башқұрттардың конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы […]

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН МЕРЕКЕ

Алғыс айту күні қарсаңында Т.Рысқұлов аудандық Достық үйінде «Татулықты ту еткен мереке» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл, аудандық этномәдени бірлестіктер өкілдері, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Ассамблеяның құрылу тарихы, оның еліміздегі саяси және әлеуметтік маңызы төңірегінде мазмұнды баяндама жасап, пікір алмасты. «Т.Рысқұлов ауданында көптеген этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті […]

Page 1 of 159
1 2 3 159