АССАМБЛЕЯ БӨБЕКТЕРІ ЕРТЕГІ АЙТЫП БАТА АЛДЫ
1 наурыз – Алғыс айту күні. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен құттықтаулар акциясы жалғасын табуда.
Соның бірегейі — 2019 жылдан бері қолға алынып, ілгерілетіліп келе жатқан облыстық «Ассамблея бөбектері», «Әжемнің ертегісі» және «Батаменен ел көгерер» жобалары.
Аталмыш жоба аясында кезекті Марфуға Балтабаева басқарып отырған №17 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасына жол түсті. Ақпан айының соңында ҚХА Ақсақалдар, аналар кеңесінің өкілдері аталған балабақша тәрбиеленушілерімен кездесті.
Балалар шара басын өз туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікпен «Атамекен» әнін орындаумен бастады.
Атап өтейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ассамблеяның 31-сессиясында «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» республикалық жобасын қарқынды іске асыруды тапсырған болатын.
Жобаны іске асыру мақсатында арнайы «Әжемнің ертегісі» жобасы негізінде ҚХА Аналар кеңесі өкілдері бүлдіршіндерге ертегі айтып, түркі халықтарының ертегі жинағын сыйлады. Аталмыш республикалық жоба аясында «Батагөй» шарасы қоса ұйымдастырылып бөбектердің бата беру дәстүрі тамашаланды. Ақсақалдар кеңесінің өкілдері бата берудің түрлі жолдарын көрсетіп, бүлдіршіндерге бата берді. Бұдан соң. арнайы қазақы салт-дәстүрмен жабдықталып, ұлттық астар қойылған дастарханнан дәм ұсынылды.
Жалпы, «Ассамблея бөбектері» жобасының мақсаты — жас ұрпаққа «Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру, «Ассамблея бөбектері» жобасы бойынша «достық үйі», «ассамблея», «этнос», «алғыс айту» деген ұғымдар жөнінде бүлдіршіндердің түсініктерін бекіту, бейбітшілік, достық, бірегейліктің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, оның әлеуметтік мәнділігін ұғындыру.
Сондай-ақ, атаның батасы, әженің ертегісі арқылы әже мен атаның немеремен арақатынасын нығайту, өсиет сөздеріне баулу, бата беруді, бата алуды үйрету, ертегі тыңдату және өздеріне айтқызу арқылы балабақша бөбектерінің түрлі іс-шараларда өз шешендік өнерін, қабілетін көрсетуде еркін сөйлеуін қалыптастырып, ауызекі, әдеби сөйлеуге белсенділіктерін арттыру, таланты мен талабын зерделеу, балаларды өзін-өзі тануға, өзін құрметтеуге үйрету, жақсылық істеп бата алуға және өздерін жеке тұлға ретінде қалыптасуға дағдыландыру болып табылады.
Аталған үш жоба да өскелең ұрпаққа Отанына, туған жеріне, еліне деген патриотизмге, жалпықазақстандық бірегейлікке, бірлік пен ынтымақты қызғыштай сақтауға меңзейді.
Орайлы кездесу соңында ертегі айтқан балабақша бүлдіршіндеріне
мекеме атынан аналвр мен аталар түркі халықтарының ертегі кітаптарын сыйлап, баталарын берді.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі