«Ассамблея бөбектері»
2023 жылдың 15 наурызында «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында «Қоғамдық келісім» КММ Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімімен Тараз қалалық “Айнелёк” балабақшасында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру,бүлдіршіндердің бойындағы патриоттық сезімді ояту,бірлік пен келісімді нығайту.
Аталмыш жоба өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге бағытталғанын және облысымызда үшінші жыл жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн. Жамбыл облысы балаларды мектепке дейінгі жастан бастап отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды алғашқылардың бірі болып жүзеге асырып келеді.
Жұмыс барысында балалардың қабылдауына қолжетімді ақпаратты жеткізу формасы таңдалды. Атап айтқанда, арнайы суреттер, ұлттық киімдер, ұлттық ойындар, танымдық анимациялық мультфильмдер көрсетіледі.
Бұл жолы бөбектерге Достық үйінің, ҚХА жұмысы туралы кеңінен айтылды.
Іс-шараға кішкентай қатысушылар тақпақ айтып, ұлттық ойындар ойнады. Сондай-ақ бауырсақтардың көрмесі қойылды.
«Қоғаммен байланыс» КММ
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі