«Алғысым саған, туған ел»
Қоғамдық келісім мекемесінде 1-наурыз Алғыс күніне орай ұйымдастырылған «Алғысым саған, туған ел» атты Достық үйіне саяхат экскурсия жалғасуда.
Бұл жолы Жамбыл жеріндегі этнос өкілдерінің қара шаңырағына айналған Достық үйіне келген жас қонақтар Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясының оқушылары.
Қонақтарға мекеменің жұмысы, этностық бұйымдар және ғимарат сәулетімен Көрме залы меңгерушісі Жазира Шілдебаева таныстырды.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі