Ақыртас қаласына саяхат
Ақыртас қаласы Тараз қаласының шығысында қырық шақырым жерде, Ақшолақ теміржол бекетінен алты шақырым оңтүстікте орналасқан. Көне қаланың қалдықтары бүгінде тек еліміздегі жұртшылыққа ғана емес, алыс-жақын шет елден келетін саяхатшылардың көзайымына айналған құтты мекені. Осынау тарихи жәдігерді көзбен көруге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері де барып қайтты.
Аты тарихта алтын әріппен жазылар Ақыртас қаласының орналасқан аумағын аймақағы алты этномәдени бірлестіктен келген шеберлер мен шығармашыл жастар тобынан құралған барлығы отызға тарта адам тамашалап қайтты.
Мұндағы басты мақсат қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретіп, ҚР халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін қалыптастыру.
Бұл жоспарланған «Мұрагер-сақтаушы-жасаушылар», «Мәдени даму», «Туған жер – Туған ел» атты үш жобаның негізінде жасалған бірінші экскурсия. VII-VIII ғасырларға тән бірегей тас құрылысымен танысу саяхаты шеберлер мен жастар үшін облысымыз туралы тарихи білім көзі және өздерінің жеке шығармашылық жобаларын жасау үшін мықты шабыт болды. Оған себепте жоқ емес. Ел назарына ерекше ілінетін тарихи орынның қойнында жатқан құпиясы әліде көп. Қалашықты 130 жылдан астам уақыттан бері әлі зерттеп бітпеген. Ғалымдар бұл қаланың құрлысы туралы қандайда бір толық шешімге келмеген.
Ақыртасқа бағытталған саяхатты бастап барған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Андреевна «Бұл экрскурсия арқылы жалпы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, көркем дәстүрлері туралы Қазақстан этностарының жалпы білім деңгейін көтеру және халық шығармашылығы шеберлерінің кәсіби және көркемдік деңгейін арттыруымыз қажет. Сондай-ақ, этностарды қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани игеру арқылы топтастыру, Қазақ халықының қолөнерін, мәдени және көркем дәстүрлерін жас ұрпақ бойына дарыту басты міндетіміз» – деді, өз сөзінде.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі