Ақпарат

Үстіміздегі жылдың желтоқсанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Жастар арасындағы қазақстандық бірегейліктің жалпыазаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтуда ғылыми шығармашылық интеллигенцияның рөлін арттыру» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау тұрғысында жас ұрпақтың сана сезімін жетілдіру, этносаралық бірлік пен патриотизмді дамытудағы этномәдени бірлестіктер қызметінің маңыздылығын талқылау, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау.

Жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері (барлығы-40 адам) қатысты.

Отырыстың модераторы болып «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары Мамедова Парида Иманжанқызы жүргізді.

Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының жетекшісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі «Жастар арасында қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі қырлары» тақырыбында баяндамасын оқып қатысушыларға өз ойын жеткізді. Сондай-ақ, аталған оқу орнының оқытушылары «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы «ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы – өзінің конституциялық саяси құқықтарын жүзеге асыруының негізгі нысаны» тақырыбында, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Еменова Гүлнар Болатбекқызы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда жастардың саяси белсенділігі мен саяси мәдениетін арттырудың маңызы» тақырыбында баяндамаларын оқып өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, тиісті резолюция қабылданды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы