Ағымдағы жылдың сәуір айы Батыс Қазақстан облысының біраз аймақтары үшін жайсыздық тудырғаны белгілі.

Ағымдағы жылдың сәуір айы Батыс Қазақстан облысының біраз аймақтары үшін жайсыздық тудырғаны белгілі.

Еліміздің Батыс өңірінде су тасқыны орын алып, тұрғындарды әбігерге салған болатын. Тосыннан келген сынақты ел болып еңсеріп, жұрт болып жұмылып, өткердік. Жаны жайсаң жомарт қазақ елінің бірлігінің арқасында қиын-қыстау кезең де артта қалды. Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын. Осы орайда, табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы республикалық «Жүректен жүрекке» жобасын қолға алып, қайырымдылық жасаудан жалтарған емес. Игі істің дәлелі, осыған дейін ҚХА қолдауының арқасында Ақмола және Қостанай облыстарының ауылдық аймақтарынан бірнеше отбасы жаңа баспанаға ие болып, қуанышқа кенелді.

 

Ибрагим Зуфаров,

Облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің өкілі