7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні.
9 мамыр – Ұлы Жеңістің жалауы желбіреп, ел басынан қара бұлттың сейілген есімізде мәңгі қалатын ерекше күн. Бұл күндер – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін айтулы мерекелер.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, бар ұлтқа ыстық ұя, Ұлы мекен. Мен үшін елімнің , жерімнің амандығы бірінші орында тұрады. 140-тан астам ұлт пен ұлысты бауырына басып, шаңырағынан орын берген еліміздің қай саласына да енжар қарай алмаймын. «Отан отбасынан басталады» қазақ халқының аталы сөзі бар. Менің шағын мемлекетімде Отанға деген құрмет ерекше. Себебі, бас сауға іздеген нәубетті уақыттарда пана болған қазақ елінің жақсылығын қалай ұмытайық. Мұндай көзсіз ерлікті келер ұрпақ естіп, біліп, жадында сақтауы керек. Болашақ ұрпақтың елді, жерді көздің қарашығындай сақтап, аманатты аялау негізгі міндеті.
Елдің тыныш ұйқысын күзетіп жүрген ер азаматтар еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге, халық үшін атқарып жатқан қалтқысыз қызметтеріңізге, ел үшін жасаған ерен еңбектеріңізге табыс тілейміз. Бұл мереке Тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз! Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Эсмира Мамедова
«Мехрибан» әзірбайжан этномәдени
орталығының төрайымы
#7мамыротанқорғаушыларкүні
#9мамыржеңіскүні