ҚХА ҒСК ЖАС ҒАЛЫМДАР КЛУБЫНЫҢ ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Республикалық Жас Ғалымдар Клубы мен
Өңірлік Жас Ғалымдар Клубтарының онлайн кездесуі өтті.
Жиында Клубтардың қалыптасу қорытындылары мен 2025 жылға арналған
жұмыс жоспарлары талқыланды.
Онлайн өткен шараға ҚХА ғылыми-сараптамалық топ және жас ғалымдар
клубының мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, аймақтық Ассамблеяның Жас Ғалымдар клубының тең төрағасы
Ш.Мұртаза атындағы ХТУ «Ғылыми жұмыстар және халықаралық
байланыстар басқармасы» басшысы, PhD докторы Мурат Әбутәлипов
қатысып, клуб мүшелерімен таныстырып, қысқаша ақпарат берді.
Айта кетейік,қазіргі таңда клуб құрамында 166 жас ғалым бар. Олар
этносаяси, әлеуметтік-экономикалық, конфессионалдық және мәдени даму
үдерістерін, этносаралық қатынастар, этномедиация және Қазақстан
Республикасындағы қоғамдық дамудың өзге де маңызды аспектілерін
зерттеумен айналысады.

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ 30 ЖЫЛ

Ағымдағы жылдың 21 ақпаны күні Достық үйінде Қазақстан халқы
Ассамблеясынын 30 жылдығы және халықаралық тілдер күніне орай,
М.Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйытқы
болуымен «Бейбітшілік пен жасампаздыққа – 30 жыл» атты ашық есік күні
өтті.
Шараға өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, қалалық білім
бөліміне қарасты №34 орта мектеп оқушылары, өңірлік «Ассамблея
жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенді өкілдері қатысты.
Елімізді мекен еткен этностар бірлігін бекемдеп, ынтымақта ғұмыр кешуіне
ықпал еткен Ассамблеяның отыз жылда атқарған нәтижелі қызметі мен
толайым табыстары, тарихы, бейбіт қоғамды құруға атсалысқан
азаматтардың еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен кездесуді
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева жүргізіп,
этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосқан аймақтық
ҚХА мүшелерінің белсенділігін атап өтті.
Тағылымы мол басқосуда М.Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр
этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухабат Турдыева, аймақтық Ассамблея
ардагері Рано Убайдуллаева, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар
кеңесінің төрағасы Абдукаим Мусаев, аталмыш бірлестіктің төраға
орынбасары Данияр Абдусаметов сөз алып, жастарға Ассамблеяның құрылу
тарихынан сыр шертіп, ұрпақ сабақтастығындағы бірлік пен келісімді
нығайтудың қозғаушы күші жастар екендігін алға тартты.
Жиын барысында Мухабат Абдрахманқызы жастарға бұдан өзге, тіл меңгеру,
ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихты білу секілді орамды ойлар айтып,
тәжірибелерімен бөлісті. Ал, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар
кеңесінің жетекшісі Абдукаим Мусаев тарихи мұраның маңызы мен
болашақта этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары,
жамбылдық жастар жетекшісі, облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр ЭМБ
жастар қанатының төрағасы Хамида Турдыева Ассамблея қызметін
жандандыратын жастардың еңбегін атап өтіп, №34 орта мектеп ұжымына
ҚХА тарихы туралы кітапты тарту етті.
Жиын аясында жастар да спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алмасты.
Ерекше форматтағы басқосуда облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ
белсендісі Ширина Шукуралиева баяндама жасап, жастарға бағыт беретін
бірегей құрылым – Ассамблеяның маңызына тоқталды.
Отыз жылдық мерейтой қарсаңында өткен ауқымда шара қатысушыларына
ұйымдастырушылар тарапынан «Қазақстан» шоколады үлестірілді.
Жиын соңында қонақтарға Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева
«Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен жетістіктері» көрмесін
таныстырды.

ТІЛ – ТАНЫМ ӨЗЕГІ

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні. Атаулы күнге орай, бүгін Достық
үйінде облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен
«Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың
дәнекері» атты TEDх форматында кездесу өтті.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілді
орта қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен
практикада қолданылуына ықпал ету мақсатында өткен жиынға облыстағы
жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, 5513 әскери
бөлімінің сарбаздары, орталық тыңдаушылары қатысты.
Еркін форматта өткен шараға облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсендісі,
DAMU high school директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Евгений
Кравчук, ПД Екінші арнайы бөлімінің аға инспекторы, полиция аға
лейтенанты Иван Пономарев, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар
департаменті Тараз қаласы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты,
Карина Карташова және әнші, актер Сергей Семыкин қонақ болып, қазақ
тілін үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті. Шараның ашылу салтанатында
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
басшысының орынбасары Сара Мәдиева сөз алып, келушілерге алғысын
жеткізді. Сұқбатты Тілдерді оқыту орталығы ақпараттық және ұйымдастыру
бөлімінің басшысы Ринат Нұрақбаев жүргізді. Қазақ тілін меңгеріп, әр
салада жемісті еңбек етіп жүрген кеш қонақтары жастарға тіл білгеннің
көкжиегі кеңейетінін жеткізіп, мемлекеттік тілді меңгерудегі қызықты да
ерекше сәттерімен бөлісті.
Жиын аясында жастар да спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алмасты.
Ерекше форматтағы басқосуда белсенділік танытқан спикерлерді Тілдерді
оқыту орталығының басшысы Қуаныш Дәурембеков марапаттап, еркін
форматтағы кездесудің өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екендігін атап өтті.
Шара соңында әнші Сергей Семыкин жанды дауыста «Атамекен» әнін
шырқап, қошеметке бөленді.

АНОНС !!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

#ҚХА30жыл
#АНК30лет
#APK30years
АНОНС !!!
ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ
ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында, 1
наурыз Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар легін назарларыңызға
ұсынамыз.
Қосымша сауалдар бойынша мына нөмірлерге хабарлассаңыздар болады:
+7 775 985 23 67,
+7 747 209 47 13,
+7 705 997 87 92,
+7 707 887 87 23

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30
жылдық мерейтойына орай Достық үйінде «Қазақстан халқы
Ассамблеясының тарихы мен жетістіктері» көрмесі ашылды.
Мерекелік шараға облыстық этномәдени бірлестіктер, өңірлік тарихи-
өлкетану мұражай қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы
және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық
келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева ашып, көрме жұмысына
сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам
Орифов, Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі төрағасы, өңірлік ҚХА
Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов және
облыстық «Полонез» Поляк тілі орталығы және мәдениеті» ҚБ төрағасы
Лариса Калькова, ҚХА Аналар кеңесінің белсенді өкілдері Аракси Плетнева,
Дилорам Каримов, облыстық Немістер қоғамының өкілі Евгения Кобер,
облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
бөлімінің меңгерушісі Лаура Байтұрсынова ҚХА-ның 30 жылдық
мерейтойымен құттықтап, көрменің маңызына тоқталды.
Айта кетейік, көрмеге Қазақстан халқы Ассамблеясының 40- қа жуық тарихи
суреттері, этномәдени бірлестіктердің құрылуы жайлы архив құжаттары, 30
жыл көлемінде жарық көрген кітаптар коллекциясы, этномәдени бірлестік
өкілдерінің тарихи Отанынан алып келген кәдесыйлары қойылды.
Салтанатты жиын соңында Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева
қонақтарды көрме жұмысымен таныстырып, ақпарат берді. Аталған көрме 4
күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашады.

АНОНС !!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

#ҚХА30жыл
#АНК30лет
#APK30years
АНОНС !!!
ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ
ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін онкүндік
іс-шаралар қатарымен танысып, тамашалауға шақырамыз!
Қосымша сауалдар бойынша мына нөмірлерге хабарлассаңыздар болады:
+7 775 985 23 67,
+7 747 209 47 13,
+7 705 997 87 92,
+7 707 887 87 23

ЖАСТАР ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУЫ ТИІС

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Достық үйінде Қазақстан халқы
Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Тарих ғибраты» жобасы аясында
өңірлік ҚХА құрылымдары мен қала жастарының кездесуі өтті.
Мерекелік басқосуда аймақтық Ассамблея құрылымдары жастарға «Адал
азамат», «Салауатты сана» жобалары жүктеген патриоттық тәрбие, ұлттық
құндылықтар, тарихты тану секілді мәселелер төңірегінде орамды ойларын
жеткізді.
Алқалы жиында облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Исмайл
Хаджимуратов және өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының
орынбасары, ғылыми-сараптамалық топ мүшесі Абдурахман Зайнутдинов
жастарға тарихты тану туған елден басталатындығын айтып, тарихтан
тағылым алуға үндеді.
Берік болашақтың негізін қалайтын Аналар кеңесінің де өскелең ұрпаққа
айтары көп. Қоғамның қозғаушы күші болған жас ұрпақты ұлттық
құндылықтарға негіздей отырып тәрбиелеу бағытында аймақ Аналары келелі
кездесуде бірқатар мәселелерге тоқталды.
– Жастар – кемел келешектің кепілі. Ал жастарға салауатты өмір салтын
насихаттап, тәрбиелік танымдық бағдар беру қоғам үшін қомақты парыз. Осы
мақсатта өткен жылдан бері елімізде республикалық «Салауатты сана»
жобасы жүзеге асып келеді. Нашақорлық, құмарпаздық (лудомания),
тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты
әлеуметтік кеселдермен күресу күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып
отыр. Осынау келеңсіздіктерден барынша аулақ болыңдар» – деген өңірлік
ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Сара Даузова қоғамдық
кеселге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру жастардан басталатындығын
тілге тиек етті. Өскелең ұрпақты жастайынан өз елінің тарихын білуге, салт-
дәстүрі мен әдет-ғұрпын қадірлеу ісінде Аналар кеңесінің атқаратын қызметі
туралы өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Пайза Куненова баяндады.
Ал аймақтық Ассамблея жастарының атқаратын жұмысы, белсенділігі
жөнінде «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, жамбылдық
жастар жетекшісі Хамида Турдыева жастарға кеңінен мәлімдеді.
Жиын соңында келген қонақтарға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі
Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева Достық үйін аралатып,
өңірлік этностар тіршілігінен ақпарат берді.

ЕРІКТІ ДОНОР

Жарық дүниеде адамзаттың өмірі мен оның денсаулығынан асқан бағалы
ешнәрсе жоқ. Сын сағаты соққанда ақ халаттылармен бірге қарапайым
адамдардың да өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысатыны рас. Адамзаттың
бұл саналы әрекеті – донор болу, яғни, ерікті түрде қан тапсыру деп аталады.
Жыл сайын наурыздың алғашқы күні «Алғыс күніне» арналған іс-шаралар
шеңберінде өтетін осынау игілікті іске Жамбыл облысы ҚХА мүшелері,
құрылымдар өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ және қала жастарының
белсенділері мұрындық болып келеді.
Жақсылық жасауды дәстүрге айналдырған жастар биылғы жылдың 26
ақпанында Тараз қалалық Қан орталығының қолдауы, «Қоғамдық келісім»
КММ-нің ұйымдастыруымен «Ерікті донор» акциясына қатысты.
Қан тапсырар алдында Жамбыл облыстық «Қан орталығы» МКК директоры
Ғұлам Мұхтарұлы, «Қоғамдық келісім» КММ басшы орынбасары Сәуле
Досымбекқызы және «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Турдыева
жастар бастамасына қолдау білдіріп, ел болашағы жастар қолында екенін
айтты.
Әрі қарай тіркеу бөлімінен өтіп, зертханалық кабинетте талдама жасалынды.
Денсаулығы жарамды деп танылған 60-қа жуық қыз-жігіттер қанға мұқтаж
жандарға өз қандарын өткізіп, қайырымды іс жасады.
Мұндай жауапты әрі өте маңызды шараға жас буынның саналы түрде
қатысуы қуанарлық жағдай. Аталған ізгілікке толы іс келер жылы да өз
жалғасын табады деп күтілуде.
Айта кетейік, халықаралық зерттеулерге сенсек, бір рет қан өткізсеңіз, орта
есеппен үш адамға көмек көрсетеді екенсіз. Сондай-ақ, мамандардың
пікірінше, ұдайы қан өткізіп жүрген адам өз өмірін 5-7 жылға ұзартады.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ КАЛЛИГРАФИЯ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай, Достық
үйінде «Ана тілің алпыс тілге татиды» атты облыстық каллиграфия көрмесі
өтті.
Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, облыс суретшілері ҚХА жанынан
құрылған қолөнер шеберлері, музей қызметкерлері, «Қоғамдық келісім»
мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Көрмеге облыс суретшілерінің 25 қолжазба-еңбектері қойылды.
Шараның ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак
Жинақбаева, белгілі журналист, суретші, өңірлік ҚХА Журналистер
клубының мүшесі, Жамбыл облысының «Коре» корейлер қауымдастығының
өкілі Михаил Те және «Полонез» Поляк тілі және мәдениеті» орталығының
белсендісі, суретші Вера Майкович сөз сөйледі.
Сондай-ақ, келген қонақтар әртүрлі тілде өз қолтаңбаларын қағазға жазып
қалдырды.
Іс-шара соңында мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы көрме
қатысушыларын Алғыс хаттармен марапаттады.

АНОНС!!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

АНОНС!!!
ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ
ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
ҚХА-ның 30 жылдығы мерейтойы аясында, 1 наурыз Алғыс айту күніне
арналған Достық үйінде өткізілетін іс-шаралар легін назарларыңызға
ұсынамыз.
Қосымша сауалдар бойынша мына нөмірлерге хабарлассаңыздар болады:
+7 775 985 23 67,
+7 747 209 47 13,
+7 705 997 87 92,
+7 707 887 87 23
Page 1 of 3
1 2 3