«Біз үшін» челленджін

Мен, Шамсутдинов Ариф Республика күні қарсаңында өткізіліп отырған «Біз үшін» челленджін — бір өзі бір дәуір өнерінің бірегей тұлғасы, қазақ драма театры мен киносының ең танымал тарланы, Алаштың ардақтысы Асанәлі Әшімов жайлы айтумен жалғастырмақшымын.

Көптеген фильмде бас кейіпкер рөлін сомдаған кез келген образы арқылы әлі де бабындағы актер екенін барша жұртқа сан мәрте дәлелдеген Асанәлі аға — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып танылған.

Ұлы дала ұлағатына лайық өнерімен, барша көрерменнің көңілінен шыққан дара таланты мен ерен еңбегінің арқасында Әшімов шебер актер, ойлы режиссер, қайраткер тұлға ретінде болашақта қазақ мәдениетінің төрінде есімі алтын әріппен жазылып,халқының жүрегінен мәңгі өшпес орын алатыны сөзсіз.

Бүгінде театр педагогі, атақты профессор Асанәлі Әшімовтің өзінің шәкірттері мен өнер жастарына берер тағылымы әлі де көп, ғұмыры ұзақ болсын!

 

Облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі жастар қанатының белсенді мүшесі, Ариф Шамсутдинов

Челлендж – Мухаббат Миражапова

#Республикакүні

#Бізүшінчелленджі

#Қоғамдықкелісім

#ЭМБөкілдері

 

Мен Республика күні қарсаңында өткізіліп отырған «Біз үшін» челленджін жалғастырғалы отырмын.

Челлендж мақсаты– ел үшін, халық үшін көп еңбек сіңірген және жасап жатқан нағыз патриоттарды еске алу негізінде екенін ескере отырып, мен бүгін Бақтияр Артаев пен Ақжүрек Таңатаров сынды облыс спортшылары жөнінде атап өтпекшімін.

Атап айтқанда, Бақтияр Артаев – боксшы, Олимпиада чемпионы, «Вел Баркер» кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі «Барыс» орденінің иегері болса, Ақжүрек Таңатаров- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы.

Дәл осы азаматтар сынды облыстың патриоттарын өскелең ұрпақ үлгі тұту керек деп білемін.

Спорт пен мәдениетті дамыту саласында сан жылдар тер төгіп, әлі де спорттың пұшпағын илеп жүрген осындай азаматтарды көргенде алдымыздан қажырлы еңбек пен айтулы жеңістер, әдетте қатар жүретін қиындықтар мен жетістіктер, сонымен қатар қарапайым адами қызықтар сомдаған қайраткер тұлғасы шығады.

Биік рухты, өр мінезді, білімді де білікті, өскен елін өрге сүйрейтін туған жер перзенттерінің қатары арта берсін!

 

Мухаббат Миражапова, Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің өкілі, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі.

 

«Қоғамдық келісім»

25 қазан – Республика күнін мерекелеу қарсаңында Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен жаңа «Біз үшін» челленджі пост түрінде жалғасуда.

Осы негізде Бауыржан Момышұлы және Ғазиз Байтасов сияқты танымал тұлғалардың есімдерін құрметтеу, әрдайым жадымызда ұмытпай сақтап жүру мақсатында жасалып отыр.

Олардың бірі — соғыс кезінің батыры болса, бірі— бейбіт күннің батырлары ретінде халықтың басындағы аласапыран, алапат кезеңнің жауапкершілігін жіті сезініп, Отан үшін от кешіп және кенеттен болған келеңсіз апатқа бейбіт күнде кеудесін оққа тосып қарсы тұра білген қайсарлық иелерінің есімдері ел жадында мәңгі сақталып қалды. Осы тұлғалардың нағыз патриоттық қадамдарын келер ұрпаққа дәріптеп,тәрбиелік мәні зор отансүйгіштікке жанашырлыққа баулу басты міндеттеріміздің бірі.

Челлендждің аты айтып тұрғандай ұлттың ұлы тұлғалары «Біз үшін» келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалағаны сөзсіз.

Осы сұрапыл соғыс күндері өз есімдерін алтындай таспаға жазып кеткен батырлардың орны да ерекше. Бүгінгі ұрпақтың негізгі парыздарының бірі-осы өр тұлғалардың атын өшірмеу, жоқтатпау.

 

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғырлар этномәдени бірлестігі жетекшісі, Мухабат Абдрахмановна Тұрдыева

БАЙЗАҚТА ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Достық керуені» жобасы аясында Ақсақалдар кеңесі бас қосты.

Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың 12 қазанында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы, «Қоғамдық келісім» мекемесінде өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің «Ақсақалдар кеңесі – ел бірлігінің кепілі» атты көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға қатысқандар — Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, этномәдени бірлестіктері, Байзақ аудандық Ақсақалдар кеңесі мен этномәдени орталықтары, БАҚ өкілдері, ауыл тұрғындары.

Сонымен бірге, алқалы топта сөз сөйлегендер қатарында Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Идрис Юнусов, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Ибрахим Зуфаров, «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асабали Поилиев өз ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік ақсақалдар кеңесінің үлгілік жұмыс жоспары мен Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің 2023 жылға жұмыс жоспарының орындалуы талқыланды.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында бекітілген Үлгілік ереженің 8-тармағы, Ақсақалдар кеңесінің міндеттерін басшылыққа алып жұмыс жасау керектігі түсіндірілді. Ұлтаралық келісім, жастар тәрбиесі, діни радикализм жөнінде де айтылды.

Алдағы уақытта да қоғамдағы тұрақтылыққа аса зор назар аударып отырса, Ақсақалдар кеңестері үкімет пен тұрғындар арасындағы әмбебап диалог алаңына айналатыны сөзсіз.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылы, №3 Байзақ колледжінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында ұлттық ойындар спартакиадасы өтті.

Шараның мақсаты — ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу мен коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Оған мектеп оқушылары және колледж білімгерлері арасындағы этнос жастары қатысты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

ТАЛАСТА «ӨНЕРІМ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!» ФЕСТИВАЛІНЕ ІРІКТЕУ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 қазанында Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Өнеріміз саған, Қазақстан!»  атты облыстық фестиваліне іріктеу өтті.

Фестивальдің мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Аталмыш жобағы мектеп оқушылары және колледж білімгерлері арасындағы этнос жастары қатысты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЛАС ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының  «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік “Ассамблея жастары” Талас жастарымен кездесу өткізді.

«Достық керуені»  жобасын ілгерілетудегі мақсат — өңірлік ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Осы орайда, кездесу Талас ауданы А. С. Пушкин атындағы орта мектеп оқушылары және Қаратау құрылыс техникалық колледжі студентерімен өтті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

САРЫСУ АУДАНЫНДА «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІМЕН» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында іс-шарасы өтті.

Шараның мақсаты — ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу мен коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Аталмыш жоба бойынша Сарысу ауданы Жаңатас көпсалалы колледжінде Қазақстан халқының ұлттық ойындары спартакиадасы өтті.

Оған мектеп оқушылары және колледж білімгерлері арасындағы этнос жастары қатысты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

САРЫСУДА «ӨНЕРІМ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!» ФЕСТИВАЛІНЕ ІРІКТЕУ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 қазанында Сарысу ауданы, Жаңатас көпсалалы колледжінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Өнеріміз саған,Қазақстан!» атты облыстық фестиваліне іріктеу өтті.

Фестивальдің мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Аталмыш жобағы мектеп оқушылары және колледж білімгерлері арасындағы этнос жастары қатысты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

САРЫСУДА ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Достық керуені» жобасы аясында Ақсақалдар кеңесі бас қосты.

Дәлірек айтқанда, биылғы жылдың 10 қазанында Сарысу ауданында өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің «Ақсақалдар кеңесі – ел бірлігінің кепілі» көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың модераторы болып Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Сейілханов Асқарбек Ақылшаұлы жүргізіп отырды.

Шараның қатысушылары – Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, этномәдени бірлестіктері, Сарысу аудандық Ақсақалдар кеңесі мен этномәдени орталықтары, БАҚ өкілдері, ауыл тұрғындары.

Отырыс барысында – Сарысу аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы жұрт алдында жергілікті кеңестің атқарған жұмысы бойынша өзінің есеп-баяндамасын жасады.

Сонымен бірге, алқалы топта сөз сөйлегендер қатарында облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің көрнекті тұлғалары да өз ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, Облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары «Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестінің төрағасы Абдырахман Зайнутдинов қатысты.

Баяндамаларда және кеңес мүшелерінің сөз сөйлеуінде аталмыш кеңестің өз ортасында беделді, көпшілікке айтары бар, өмірлік тәжірибесі мол, ақсақалдары этнос өкілдері тығыз орналасқан аймақтарда этносаралық қатынасты нығайту, кеңес жұмысын жандандыру мақсатында ел ішінде жастарға ақыл-кеңес беріліп тұратынын сөз етті.

Атап айтқанда, этносаралық келісім, жастар тәрбиесі, діни радикализм-әртүрлі ағымдарға кетіп қалмау туралы айтылып, Ақсақалдар кеңесі жұртшылық тарапынан қойылған түрлі сауалдарға нақты жауаптар берді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі