ТОП ЖАРҒАН «INFINITI»

Мәскеуде өткен «Растопим сердца!» беделді халықаралық гранттар байқауында жеңімпаз атанған Жамбыл облысы Гректер қауымының «Infiniti» хореографиялық ансамблін кезекті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Байқаудың мақсаты- шығармашылық қызметті қолдай отырып шығармашыл ұжымдар мен қатысушылардың шығармашылық әлеуеттерін арттыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, репертуарлық әзірлемелер және ұжым басшыларының шығармашылық ізденістерінің деңгейін анықтау.

Қатысушылар сегіз жас санатында бақ сынасты. Атап айтқанда, 7 жасқа дейін, 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас, 19-25 жас, ересектер (25+),аралас жастағы топтар.

Байқауға алты шығармашылық номинация ұсынылды. Олар: «Би шығармашылығы», «Вокалдық шығармашылық», «Театр шығармашылығы»,

«Аспаптық жанр», «Бейнелеу шығармашылығы», «Цирк өнері». Қазылар алқасы байқау нәтижелерін әр номинация бойынша және әр жас санаты бойынша жеке бағалады. Қатысушылардың өнерін бағалау 10 балдық жүйе бойынша белгіленді.

«Infiniti» хореографиялық ансамблі «Би шығармашылығы» номинациясына қатысты. Бұл номинация өте ауқымды болып саналады. Оған «Эстрадалық би», «Заманауи би», «Халық биі», «балдық билер», «көше биі», «Фламенко», «Степ», «Хип – хоп», «Латын Америкасы биі», «би театры», «Шығыс биі», «Классикалық би», «Би шоуы».

Байқау қорытындысы бойынша «Infiniti» қатысушылары бір бірінші, бір екінші және бес үшінші орынға ие болды. Абсолютті лауреаттар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, аталған хореографиялық ұжымның жетекшісі, хореограф Елена Малхосьянға «Растопим сердца!» халықаралық гранттық конкурсының қатысушыларын дайындауға қатысқаны үшін Алғыс хат табысталды!

«Қоғамдық келісім» КММ

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы Мойынқұм ауданында жалғасын тапты.

Осыған орай , 2023 жылдың 12-13 сәуірінде «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері аталған жоба аясында облыс тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесті. Шара барысында тұрғындардың көкейінде жүрген түйткілді мәселелеріне ден қою және этносаралық татулықты сақтау басты негізге алынды.

Іс-шараға аталмыш топ ішінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ҚХА этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулет және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Жоба аясында құрылған жұмысшы топтар келелі мәселелері бар Ұланбел, Бірлік, Биназар, Қарабөгет, Сарыөзек, Қарабөгет, Жамбыл, Мойынқұм, Мирный, Хантау, Кеңес, Айдарлы, Мыңарал, Қылышбай, Көкжелек, Бурыл Байтал, Күшаман ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында кәсіп ашу, грант және несие алу, әлеуметтік көмек алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ветеринария, цифрлық технологиялар, дене шынықтыру, спорт, жастар саясаты мәселелері және білім, тілді дамыту салаларына қатысты ішкі саясат басқармасы жауапты мамандары түсініктеме берді.

Облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ сарапшылары мен өңірлік «Ассамблея жастары » қоғамдық бірлестігімен жұмыс жүргізетін мамандар Мойынқұм, Ұланбел,Қарабөгет ауылдық округтерінде мектеп оқушыларына арналған тимбилдинг өткізді. Сондай-ақ, Мәдениет үйі ғимаратындағы кітапханада аз шоғырланған этнос өкілдері мен ауыл тұрғындарына қатысты фокус-топтық зерттеулер жүргізді.

Кездесулер барысында Мойынқұм ауданындағы білім орындарындағы маман тапшылығы,үйірмелердің жоқтығы, ғаламтор желісінің әлсіздігі, көгілдір отын және ауыз су тәрізді бірақатар мәселелер анықталды.

Жалпы алғанда, жұмыс сапарымен барған аталмыш топ 28 кездесу, 5 қоғамдық қабылдау, 2 үгіт-насихат, ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Бейбітшілік пен келісім»

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және мүшелерімен, сондай-ақ халыққа құқықтық көмек көрсету, қоғамдағы жанжалды азайту мақсатында Луговое станциясы – ауыл тұрғындарымен консультативтік-әдістемелік кездесу өтті.

Оған Жамбыл облысы әкімдігінің ІІБ басшысы – Ұлана Сламбекова, аудан әкімінің орынбасары – Әлібек Терлікбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Мүбарак Жинакбаева қатысты.

Медиация кабинеті меңгерушісі Валентина Досыбиева медиация институты туралы айтып, оның принциптерімен және қолдану саласымен таныстырды. ҚХА медиаторы өңірдегі этномедиацияның дамуына егжей-тегжейлі тоқталды. «Этникалық негіздегі жанжалдардың жиілеуіне және қоғамдық тәртіпті бұзудың өзге де әрекеттеріне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ға мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп этномедиация және этносаралық қатынастар саласындағы кәсіби келіссөз жүргізушілер курстарын ұйымдастыру тапсырды. Мемлекет басшысының осы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері» оқу курсы бойынша жобаның бірінші кезеңі тиімді іске асырылды. Білім алушылардың нысаналы тобы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, білім беру жүйесінің өкілдерінен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен және облыстың этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Қордай, Шу, Меркі, Байзақ және Жамбыл аудандарының медиаторларынан құрылды. 2023 жылы штаттық қазақстандық этномедиаторларды даярлау бойынша оқыту курстары жалғастырылатын болады» – деді Ол.

Айтуынша, Этномедиация – ҚХА-ның жаңа бағыты. Ол ұлтаралық қатынастардың реттеушісі болып табылады және Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің мүдделерінің тепе-теңдігінің қолданыстағы тетігі болуға тиіс.

«Кез-келген тұрмыстық жанжал этникалық реңктермен боялуы мүмкін. Дау-дамайды болдырмаудың амалы – этномәдени бірлестіктермен, олардың ақсақалдар және аналар кеңестерімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы шешімін табады. Бүгін біз бәріміз елімізде этносаралық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек!»- деп аяқтады Валентина Досыбиева.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Отанға, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, еліміздегі бейбітшілік пен келісім құндылықтарының маңыздылығына, қазақ халқының және Қазақстан этносаралық мәдениетіне құрмет көрсету мақсатында Меркі ауданы, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін” атты кездесу өткізілді.

Іс-шарада Х.Казимов, Г.Аскарова, С.Асадова еліміздегі бейбітшілік пен тыныш­тықтың қаншалықты маңызды екенін, қазақстандық патриотизмді дамыту мен нығайтуда, туған жерлері – Қазақстанның мәдениетін, дәстүрлерін, тілін дамыту­ға барынша қолдау көрсететінін атап өтіп, ортақ шаңырағымызға тыныштық тіледі.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс

Ағымдағы жылдың сәуір айында Байзақ ауданының “Аманат”

Ағымдағы жылдың сәуір айында Байзақ ауданының “Аманат” партиясының филиалында көпшіліктің мәселелерін шешуге құқықтық көмек көрсету үшін азаматтық қабылдау ұйымдастырылды.

Азаматтарды қабылдауға «Аманат» партиясы филиалының төрағасы – Индира Спаналиева, аудандық мәслихат депутаты – Тамара Ешеева, аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары – Абдрасилов Шара аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеттерінің заңгері – Айтқұлова Ләззат, ҚХА медиаторы – Көшекбаева Гайни қатысты.

Іс-шара барысында 1 медиативтік келісім, медиация рәсіміне 1 өтініш (еңбек дауы) және 12 консультация берілді. Бұл жер учаскелерін бөлуге қатысты мәселелер, әлеуметтік қорғау және материалдық көмек мәселелері, жұмысқа орналастыру мәселелері, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және көліктің қолжетімділігі жөніндегі өтініштер. Бірде-бір өтініш жауапсыз қалған жоқ, азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауаптар мен кеңестер берілді.

Бүгінгі таңда қоғамдық қабылдаулар азаматтардың мәселелерін шешудің тиімді тетігіне айналуда. Оған сілтеме жасай отырып, адам оны тыңдауға, өзекті мәселені шешуге көмектесуге сенеді және сол арқылы ол қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуда билік пен басқару органдарының қоғамдық – маңызды мәселелерді шешуіне белсенді әсер етеді.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

“Шиват Цион”

2023 жылдың 7 сәуірінде Тараз қалалық “Шиват Цион ” Еврей қауымдастығы еврейлердің Мысыр құлдығынан тарихи көшуін бейнелейтін ежелгі Песах мерекесін атап өтті. Бұл оқиға шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 13 ғасырда орын алған. Мерекені атап өту барысында Тараз қаласындағы еврей қауымының ақсақалы Михайл Бунин оқиғаның шығу тарихына, ол туралы көптеген деректерге тоқталып, маңызын аша түсті.

Құтқарылу мейрамы еврей Нисан айының 15-ші күнінен басталады (наурыздың аяғында немесе сәуір айының басында Григорий күнтізбесінде).Бұл еврей күнтізбесіндегі библиялық жылдың бірінші айы, Григориан есептеулерінің наурыз-сәуір айларына сәйкес келеді. Құтқарылу мейрамы-бейбітшіліктің жаңаруын және адамның азат етілуін бейнелейтін бостандық пен қадір-қасиетке ие болу мерекесі болып саналады.

Мерекелік үстел Киара деп аталатын тағаммен безендірілген. Бұл тағамның құрамында жұмыртқа, тауықтың аяғы,ащы шөптер мен желкек бар. Сондай-ақ, ақжелкен жапырақтары батырылған тұзды суы бар ыдыстар қойылған. Мұның барлығы да мерекені атап өтуге байланысты қойылған тағам түрлері деуге болады.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

РАМАЗАН – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ АЙЫ

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі. Осындай шарапаты мол айда өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі «Ізгілік айы» акциясы аясында ауыз бекіткен қала тұрғындарына су мен құрма таратып, оразаларының қабыл болуына тілектестік білдірді.

Ел келешегінің жарқын болуына атсалысар жалынды жастар жасаған қайырымдылық – кейінгіге өнеге,үлгі тұтарлық игі амал.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

РАМАЗАН – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ АЙЫ

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі. Осындай шарапаты мол айда өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі «Ізгілік айы» акциясы аясында ауыз бекіткен қала тұрғындарына су мен құрма таратып, оразаларының қабыл болуына тілектестік білдірді.

Ел келешегінің жарқын болуына атсалысар жалынды жастар жасаған қайырымдылық – кейінгіге өнеге,үлгі тұтарлық игі амал.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Достық үйі»

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Тұрар Рысқұлов ауданында ұйымдастырылған іс-шара Құлан ауылдық «Достық үйі» мекемесінде жалғасын тапты. Мұнда этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері жиылды.

Басқосуға Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева қатысты.

Облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Өтегенов Серік Асанханұлы бірлестіктердің жалпы жұмыстарымен таныстырып өтті. Т.Рысқұлов аудандық Қазақ ұлттық этномәдени бірлестігінің жетекшісі Айгүл Сейсенбекқызы, Қарашай этномәдени бірлестігінің жетекшісі Эльмира Жақсыбайқызы, Неміс этномәдени орталығының жетекшісі Елизавета Шарипова, Орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Юлия Николаевна, Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Жолдас Айтбаев, Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Фатима Гогуева сөз сөйлеу барысында жуырда ашылған «Достық үйі» мекемесінің жұмысының әрі қарай жанданатындығына сенімділік білдіретіндіктерін жеткізді.

ҚХА-ның қоғамдық жұмысының жандануы мен этносаралық келісімнің нығаюына аталмыш бірлестіктің жетекшілері аянбай үлестерін қосуға дайын екендерін айтып өтті.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Тараз қаласындағы № 23 орта мектепте сәуір айында мамандарды елдің солтүстік өңірлерге көшіру және оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті

Тараз қаласындағы № 23 орта мектепте сәуір айында мамандарды елдің солтүстік өңірлерге көшіру және оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Іс-шараны ұйымдастырғандар – Тараз қаласының өзбек орталығы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы.

Кездесу барысында Тараз қаласы Өзбек орталығының басшысы Абдурахман Зайнутдинов пен жұмыспен қамту орталығының өкілдері жоғары сынып оқушыларына осы бағдарлама туралы егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Спикерлер аталмыш бағдарламаның қоныс аударушыларды жан-жақты қолдауға арналғанын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар қоныс аударушыларды мемлекеттік қолдаудың маңызды шараларымен танысты. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі