Жаңа жолдау рухани серпін берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың жаңа жолдарын айқындап берді.

Ел Президентінің сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық дамуы қарыштай түсетіні айдан анық.

Қоғамның дамуында мәдениет пен руханият ерекше орын алады. Осы кезге дейін де мемлекет тарапынан мәдениетке, руханияттың дамуына көп көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта да бұл саланың тасы өрге домалай беретіні анық.

Жалпы, еліміздің экономикасы нығайған сайын мәдениет саласына бөлінетін қаражат көлемі де көбейіп келеді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы жылдары біршама жоғарылады. Бұрынғы мүмкіндікпен салыстырып қарағанда едәуір алға жылжып, ілгеріледік. Бұл жолы Президент экономика, мемлекетке тартылатын инвестиция туралы көбірек мәселе қозғады.

Экономиканың алға басуы руханияттың дамуына оң серпіні берері анық. Президент «Келешек» бағдарламасы бойынша әр туылған балаға салынатын депозит жөнінде де кеңінен тоқталды. Бұл шешім мәдениет саласының қызметкерлерін де қуантып отыр.

Әр балаға салынған қаржы ата-анаға үлкен көмек болары анық. Жолдау да еліміздің әр ауласын, әр отбасын дамытуға бағытталған мәселелер көп айтылды. Оның бәрі де өзекті.

Марат Кулибаев, облыстық “Ақжол” газетінің тілшісі, ҚХА Журналистер клубының белсенді мүшесі

Президент әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарына мән берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы тыңдадым.

Жолдау барысында Ел Президенті елімізде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтіп алда тұрған басты міндеттерді атап өтті. Президент: «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді.

Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн» деді.

Шындығында да ауыл шаруаышылығымен айналысатын шаруалардың дені суды көп қажет ететін дақылдарды егетіндігі ақиқат. Мәселен биылғы жылы ағын су тапшылығын нақты сезіндік. Сондықтан алдағы уақытта Президент айтқандай, ағын суды аз қажет ететін пайдасы көбірек болатын дақылды егуді қолға алған жөн деп ойлаймын.

Жалил Азимұлы Аббосов, Жамбыл облысы Байзақ аудандық “Ахыска” Түріктер этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі

ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ БОЛСЫН ДЕСЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-қыркүйек күні «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Өз Жолдауын мемлекет басшысы бүгінде алдыңғы бастамаларының басым көпшілігінің жүзеге асып жатқандығы жайлы айта келіп, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті» деп арнайы айтып өтті. Сонымен қатар Президент алдағы уақытта «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын одан әрі қарай іске асыру қажеттігіне тоқталып кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек» екендігін айта келіп, «осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалармен ұштастыру қажет» екендігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазір әлемде геосаяси ахуалдың ушығып тұрғандығын атап өте келе, «… Жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды» деп тұжырым жасады.

Мемлекет басшысы әлемдегі осындай аса маңызды шақта еліміздің зор экономикалық серпіліс жасауға толық мүмкіндігі бар екендігін айрықша атап өтті. Ол үшін еліміз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуі керек. Президенттің сөзімен айтар болсақ, «Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс.»

Жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналатын қағидаттар – әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтып кеткендей, «Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді.»

Президент одан әрі қарай экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, арнайы атап өтті. Ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру, сонымен қатар еліміздің экономикасын өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу. Мемлекет басшысы сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажеттігіне айрықша тоқталып кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздің тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаларды жүзеге асыру керек екендігіне тоқталып өтті. «Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн.»

Қорыта айтқанда, еліміз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы экономиканың жаңаша даму үлгісіне көшуі тиіс. Президент айтқандай, «мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек.»

Президент өз Жолдауында сонымен қатар отандық өнім өндірушілерді қорғау және сирек кездесетін металл кеніштерін игеру қажеттігіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру, су ресурстары, көлік-логистика саласы мен энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне және экономиканың басқа да бірқатар өзекті әрі маңызды бағыттарына тоқталып, күн тәртібінде тұрған міндеттерге талдау жасап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған экономикалық реформаның мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, өз Жолдауын мынадай сөздермен қорытындылады: «Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. …

Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз. … Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз. Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз.» Еліміз Президентінің осындай ізгі мақсаты мен асқақ арманы орындала берсін деп тілек айта отырып, біз де Жолдауда айтылған міндеттердің орындалуына өзіміздің қолдан келер үлесімізді қоссақ екен деген ниетімізді білдіреміз!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

философия және саясаттану кафедрасының

аға оқытушысы Баярисов Режеп Оразбайұлы

Қазақстанның әр азаматы сияқты бәріміз белгілі бір кезеңде жасылынатын

Қазақстанның әр азаматы сияқты бәріміз белгілі бір кезеңде жасылынатын Жолдаудан елді елең еткізетін жаңалық пен жылылық күтетініміз анық. Биыл да күттік. Президенттің жаңа жолдауынан елдің еңсесін көтеретін және көпшіліктің көңілінің түкпірінде екіұдай сұрақта тұрған маңызды мәселелерге де нақты жауап алды деп ойлаймын.

Оның біріншісі ел экономикасын көтеру үшін қазіргі басты міндет – елімізде мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан “өңдеу саласына жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет” деп атап көрсетті.

Демек, алдағы уақытта еліміз тек шикізат өндірмейді, оны өзімізде өңдеп одан дайын өнім алуға мүмкіндік жасалынады деген сөз. Бұл қосымша жұмыс және табыс көзі болмақ. Экономикамыз өркендеп, алдыңғы қатарға көтерілеміз деген үміт оты осы.

Елдің арасында екі ұдай пікір қалыптастырған АЭС салу мәселесіне де нүкте қойылып, референдум арқылы шешілетін болды. Бұлда аса маңызды саяси шешілетін жағдайдың бірі болатын. Бұл шешімді жұртшылық аса түсіністікпен қабылдады. Аталған референдум Тоқаев дәуіріндегі екінші рет өткелі тұрған айтулы оқиға болмақшы.

Бұл енді жариялылықтың белгісі.

Берілген уәде бойынша салынатын 400 жайлы мектеп еліміздің болашағы балаларға мемлекет тарапынан жасалынып отырған үлкен қамқорлық.

Жолдауды алғаш тыңдап шыққандағы жүрек жарды пайымдарымыз осылай боп шықты.

Асқарбек Ақылшаұлы Сейілханов, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Әулие Ата Қазақ мәдени орталығының мүшесі

Президенттің жаңа жолдауы қазақ жастарының келешегін асқар биікке шығарғалы отыр

Президенттің жаңа жолдауы қазақ жастарының келешегін асқар биікке шығарғалы отыр

Президенттің жаңа жолдауы – бүкіл еліміздің көңілінен шыққан, тың қарқын, тың серпін беретін Жолдау, өміріміздің күре тамырын түгел қамтитын тарихи құжат. Бұл әсіресе жастарға тікелей қатысты айтылған ұран десе де болады. Себебі, дүниені жаңғыртатын да, өзгертетін де, алдыңғы қатарға алып шығатын да жастар емес пе?!

Біз осы күндері жәй ғана қатардағы ел емеспіз, үйрене келіп, үйретуге айналған елміз. Билік айтатын, жауласқан елді бітімге шақыратын, бейбіт өмірдің туын тіккен елміз. Осының бәрі – Президентіміздің дана саясатының, қажыр-қайратының, мықты жігерінің арқасы.

Кеңестік дәуірде қарыштап дамып, келе жатқан Қазақстанды Сәкен Сейфуллин жүйткіп бара жатқан экспресске теңеп еді. Бүгін де көсегесі көгерген Қазақстан көкке қолын созған ғарыш кемесіне ұқсайды.

Президенттің Жолдауынан «сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, біз жанбасақ лапылдап, аспан қайтіп ашылад?!» – деп жар салған ұранды танимыз. Осылай дейді де ол: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін!» – деп түйеді ойын.

Бүгінгі қиялдан озған шындық білім мен ғылымның ғажайып жетістігінің арнасы екені анық. Ал сол игілікті елімізге әкеліп, кенелтіп отырған ел қамқоры, кемеңгер басшымыз бар.

Жаңа жолдау сол білім мен ғылым кеңістігін айқара ашып, Қазақстан жастарының келешегін асқар биікке шығармақ.

Кабиева Айгүл Кабиқызы, “Жамбыл облыстық Әулие Ата Қазақ мәдени орталығы” ҚБ төраға орынбасары, өңірлік ҚХА мүшесі, М.Х.Дулати ат. Тараз қалалық өңірлік университетінің профессоры

ІЗГІЛІК НҰРЫН ШАША БІЛ!

Жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, мұқтаж жанға сый-сияпат көрсете алу – адамдықтың белгісі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатыр, бұл – имандылықтың белгісі.

Жаңа оқу жылының алдында оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы жүріп жатқаны баршамызға белгілі.

Оқу жылы жақындағанда этнос өкілдерінен тұратын қоғамдық-мәдени бірлестіктер, облыс меценаттары, қайырымдылық топтары, еріктілер әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасы, жартылай жетім және сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылар санын анықтап, акция аясында көмек түрлерін белгілейді.

Осындай қамқорлықпен ағымдағы жылдың 1-қыркүйек Білім күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облыстық “Ахыска” Түріктер этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Мираддинович Давришев бастаған Аналар кеңесі және аудандағы түріктер этномәдени бірлестіктері республикалық “Мектепке жол” акциясы бойынша жылда дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Облыс бойынша аз қамтылған, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен түрік отбасыларынан шыққан 50-ден астам мектеп оқушысына керекті барлық оқу құралдары салынған аспалы сөмкелер, түрлі жастағы балаларға арналған мектеп формалары мен спорт киімдері сыйлыққа беріліп, сондай-ақ, олардың отбасыларына да қаржылай көмек көрсетілді.

Игі істеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын, ахыскалық түрік ағайындар!

”Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс” бөлімі

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Акция аясында мейірімге мұқтаж жандарға көмек беруде өңірлік ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қай-қайсысы болса да бейқам отырған жоқ.

Осы шараға этнобірлестіктердің барлығы да өз мүмкіндіктерінше бір кісідей атсалысып, демеушілік көрсетіп жүр.

“Әрбір жасалған жақсы істің қайыры бар” демекші, акция бойынша ең алғашқылардың бірі болып, “Қазақстандық татар-башқұрт конгресі” республикалық ҚБ-нің Жамбыл облысындағы филиалы жаңа оқу жылы басталмастан бірнеше балаға қуаныш сыйлап, аталмыш акцияға өз үлесін қосқан болатын.

1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне арнап, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Фарида Фаридқызы Нақыш қаламыздағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларының мектеп жасындағы оқушы балаларына барлық қажетті мектеп құралдарын сыйлады.

Көмекке зәру балалардың нәумездігіне жол бермей, мектепке ел қатарлы қысылып-қымтырылмай баруына зор себепші болған қайырымды істеріңіздің берекесін берсін, этнос өкілдері!

”Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс” бөлімі

КӨҢІЛДІ ӘРІ ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС

2023 жылдың 27 шілдесінде өңірлік ҚХА-ның атынан 5-9 сынып аралығында білім алатын әртүрлі этнос өкілдерінің балалары Ақмола облысы, Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласына жол тартқан болатын.

Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес “Біз біргеміз- Қазақстан!” атты ҚХА балаларының кездесуіне қатысып, жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізді.

Бірнеше күнге жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысып, пайдалы әрі тиімді уақыт өткізулеріне оқу-сауықтыру орталығы үлкен мүмкіндік сыйлады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ТАРАЗДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІКТ СИМВОЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

2023 жылдың 8 тамызында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы» облыстық байқау өтті. Оған 10 аудан мен Тараз қаласынан іріктеуден өткен  7 үміткер қатысты. Қатысушылар арасында Жамбыл облысы, Жуалы аудандық «Мехрибан» Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Назифа Мамедова да бар.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Үміткерлер байқауда 4 кезең («Жұлдызды сәт», «Сөздің көркі»,«Ой ұшқыны», «Ұщқыр сұрақ, ұтқыр жауап») бойынша бақ сынасты.

Байқау нәтижесі бойынша І орын иегері Жамбыл ауданынан қатысқан Камила Убатова,  ІІ орын иегері Шу ауданынан қатысқан Мамедова Ризвангүл, ІІІ орын иегері  Қордай ауданынан қатысқан Сарова Махбуба атанды. Ал «Тіл тірегім» номинациясы бойынша  Жуалы аудандық «Мехрибан» Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Назифа Мамедова марапатталды.

Жеңімпаз атанған қатысушы республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«ҚХА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІНІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ҚХА АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ

Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация туралы» Заңның қабылдануымен медиация институтын ілгерілету жөніндегі миссияны өз мойнына алды. Бүгінгі таңда еліміздегі бірлікті, бейбітшілікті, тыныштықты одан әрі нығайту үшін өңірлік ҚХА-ның барлық мүшелері жүргізіп жатқан қоғамдық жұмыстарда татуластыру рәсімдерін қолданудың маңыздылығын асыра бағалау қиын.

Медиация күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 4 тамызында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім»  КММ-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»  республикалық акциясы өтті.

Акция Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Берікбол Байхожаевтың, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Назгүл Есенқұлованың, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты Айнұр Аманжолованың, Жамбыл облыстық сотының судьялары Айгүл Әлиақпарованың және Тараз қалалық сотының судьялары Гүлмира Әлімқұлованың тікелей қатысуымен өтті.

Белсенді қатысушылар арасында-медиаторлар, облыстың этномәдени бірлестіктерінің және өңірлік ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері бар.

Іс-шара «Қоғамдық келісім» басшысы Мүбарак Жинақбаеваның құттықтау сөзінен және салтанатты марапаттау рәсімінен басталды. Рәсім барысында бірқатар медиаторлар «Қоғамдық келісім»  РММ Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұдан соң, соттарда медиацияны қолдануды, медиативтік практиканың оң динамикасын, медиативтік қорытынды жасасу кезінде прокуратураның, атап айтқанда медиативтік келісім жасасу кезінде іс бойынша қатысушы прокурордың рөлін және оны азаматтық және әкімшілік істер бойынша соттың кейіннен бекітуін талқылады.

Іс-шара барысында қатысушылар азаматтық сот ісін жүргізудегі жаңалықтармен таныстырылды. Әкімшілік істер жөніндегі жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік органдармен және мекемелермен соңғы іс жүргізу қалауы болған кезде және егер бұл келісім медиацияға қатыспайтын үшінші тұлғалардың немесе қоғамдық мүдделердің мүдделеріне сәйкес келмесе, мидиативтік келісімдер жасасу мүмкіндігін көздейтініне назар аударылды.

Сонымен қатар, әйелдер құқығының бұзылуына жол бермеу, қалыңдықтарды ұрлау және мәжбүрлі неке тәжірибесін жою туралы айтылды. Осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

 

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі