Тараз қаласындағы № 23 орта мектепте сәуір айында мамандарды елдің солтүстік өңірлерге көшіру және оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті

Тараз қаласындағы № 23 орта мектепте сәуір айында мамандарды елдің солтүстік өңірлерге көшіру және оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Іс-шараны ұйымдастырғандар – Тараз қаласының өзбек орталығы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы.

Кездесу барысында Тараз қаласы Өзбек орталығының басшысы Абдурахман Зайнутдинов пен жұмыспен қамту орталығының өкілдері жоғары сынып оқушыларына осы бағдарлама туралы егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Спикерлер аталмыш бағдарламаның қоныс аударушыларды жан-жақты қолдауға арналғанын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар қоныс аударушыларды мемлекеттік қолдаудың маңызды шараларымен танысты. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Бейбітшілік пен келісім»

2023 жылдың 5 сәуірінде Тұрар Рысқұлов ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің «Бейбітшілік пен келісім» жобасын жүзеге асыру бойынша кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының қатысуымен аталмыш ауданда алғаш рет «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында, тәжірибе алмасу мақсатында «Ел анасы» ауыл әйелдері Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуде Аналар кеңесінің төрайымы Түзел Сейілбайқызы, білім саласының ардагері Есенкүл Мұхтарқызы, Құлан ауылдық Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директоры Шолпан Дайрабаева, Т.Рысқұлов ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы,Жарлысу ауылы,Қарақыстақ округы Аналар кеңесінің төрайымдары келелі мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен бірге, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Аракси Плетнева да облыстық Аналар кеңесінің атқарған ауқымды іс-қимылдары жөнінде сөз сөйледі.

Өз кезегінде Ш.Дайрабаева көпшілікті өзі басшылық етіп отырған мектеп оқушыларының ата-аналарымен қарым-қатынасы жұмыстарының бағытымен және әйелдер кеңесінің атқаратын міндеттерімен танысып-білісуге шақырды.

Қазіргі қоғам бала тәрбиесіне айрықша мән беруді талап етеді. Осы орайда жиынға қатысушылар жасөспірімдер арасында кездесетін түйткілді мәселелерге (ерте жүктілік,зиянды әдеттерге әуестік) кеңінен тоқталып, алдын-алу шаралары жайлы сөз қозғады.

Тәрбие көзінің бірі – мектеп болғандықтан ондағы психолог мамандардың жұмысының сапасын арттыру мәселесі де қарастырылды.

Отырыс барысында аудандағы Аналар кеңесінің жұмысының бағыты, бүгінгі күні өз күші, ынта-жігерімен жетістікке жеткен әйелдер қауымының игі істері аталып өтті.

Жас ұрпақты тәрбилеуде ұлттық мұралар мен құндылықтарды насихаттау да маңызды рөл атқарады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер қай уақытта болса да өміршеңдігін жоғалтқан емес. Оны келешек ұрпақтың бойына дарыту – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатты ұстанғандар қатарында Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ ауылында қайтарымсыз несие алу арқылы қазіргі трендте жүрген қазақы заманауи нақыштағы тақия, корсет, этножилет тігуді қолға алған екі нәзік жанды да бар.

Сондай-ақ, дәл осы ауылда жас келіндер арасында ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында, жас қыздарға үлгі-өнеге ретінде нан жаюдан байқау өткізілді. Мұндай тәлім-тәрбиенің өзі өскелең ұрпаққа рухани азық болатынына сенім мол.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Қордай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Қордай ауданы жастарымен кездесіп, түрлі іс-шараларға белсене қатысты

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Қордай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Қордай ауданы жастарымен кездесіп, түрлі іс-шараларға белсене қатысты.

Ең алдымен, Қордай ауданы, Масаншы ауылында орналасқан  «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші маңына «Ассамблея жастары» РҚБ ағаш отырғызды.Игі шараға аталмыш бірлестіктің төрағасы Тимур Джумурбаев бастаған жұмысшы топ та атсалысты. Мұндағы мақсат- ауыл жастарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, туған жерді қастерлеуге, көшелерді көркейту – көгалдандыруға шақыру.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы және «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері Масаншы, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарының жастарымен кездесті.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы З.Махусеев, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» ҚБ төрағасы Р.Қайрыев, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері келесі кезекте Масаншы ауылдық мәдениет үйінде Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты және Қаракемер ауылдық округтерінің жастарымен кездесу өткізді.

Емен-жарқын жүздесу барысында сөз алған «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев мұндай жиындар әрдайым жаңа идеялардың жаршысы болатынын, сол арқылы жергілікті жастардың ойынан, ұсыныстарынан хабардар болып, бірге жұмыс істеуге мүмкіндік ашылатынын жеткізді.

Дәл осындай кездесу Масаншы ауылы №12 Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектебінде өтті. Мұнда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымның мектеп оқушыларына ұсынатын мүмкіндіктері, өз жобалары жайында, сондай-ақ, жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде сөз қозғалды. Еркін форматтағы пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуде қатысушылар да қызықтырған сауалдарын жолдап, белсенділік танытты.

Осыдан кейін Масаншы ауылдық Әл-Фараби атындағы №50 орта мектебінің қазақ сыныптарының жұмысымен танысқан жұмысшы топтың өкілдері ұлт бірлігінің басты факторы мемлекеттік тіл екенін айтып, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайтуға, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуге баса мән беру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, ауданымыздың  аймағына іс-сапармен келген меймандар Масаншы ауылындағы №13 Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінде, Сортөбе ауылындағы №18 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Келесі кезекте Сортөбе ауылындағы №16 М.Лермонтов атындағы орта мектебінің музейі мен И.Буларов атындағы тарих кабинетінің жұмысымен танысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері бұл күні жастардың тың бастамаларын тыңдап, жастарды қолдауға бағытталған жобаларды талқылау мақсатында Бұлар батыр атындағы орта мектебінде де ауыл жастарымен кездесті. Басқосуда жастардың қоғамның қозғаушы күші екендігін тілге тиек еткен түрлі сала мамандары өскелең ұрпақты елдегі кез келген өзгерістерден тыс қалмай, белсенді болуға, халықтың ынтымақ-бірлігін нығайтуға қоғамның бір бөлшегі ретінде атсалысуға шақырды.

Қордай ауданының Масаншы, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдық округтерінде ЭМБ өкілдерімен, ауылдық округ жастарымен фокус топтық зерттеулер жүргізілді.

Айта кету керек,этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың қолынан ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алғыс хаттарын алды.

Марапатталғандар қатарында — Қордай ауданы этномәдени бірлестіктер қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Нұрали Ивлеев, Қордай ауданы «Вайнах»  шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің басшысы Эльсихан Хазбулатов, осы ауданның «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшелері Рамиз Әбілқасымов, «Ийнпан» Масаншы ауылдық округінің Дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Лочь Зенебе, Сортөбе ауылдық округінің дүнген этномәдени бірлестігі Исмаил Хуров, Әзірбайжан «Әзери» этномәдени бірлестігінің Худаверді Нұриев, Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген этномәдени орталықтарының қоғамдық бірлестігі Абу-Ханифе Люшер.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері»

Ағымдағы жылдың наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Шу ауданында «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық коучинг өткізілді.

Аймақтық коучинг барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Абдрахманова Айгүл Тұрсынбайқызы «Қарым-қатынас және конфликт.» және «Жеке адамдар арасындағы қақтығысу. Конфликтілердің алдын алу жолдары» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді.

Аталған семинарға мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Жалпы қатысқандар саны – 60 адам.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға спикер мен тренерлер тиісті жауаптарын беріп, іс-шараны қорытындылады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ КӨШІ-ҚОН» ТРЕНИНГІ

Ағымдағы жылдың наурыз айында Winrock International ұйымы АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігінің және тәжік ұлты мигранттарының өкілдері үшін ҚР еңбек заңнамасының жобасы шеңберінде іске асыратын «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» тренингі өтті. Іс-шара олардың өмірлік дағдыларын дамытуға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Аталған тренингтің спикерлері Тараз – АИТВ-ға қарсы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамиль Перзадаев, «Мирэкл» ҚБ қызметкері Гүлсара Тухтамышева және ҚХА медиаторы, азаматтық құқықтарды қорғау жетекшісі Ирина Федорова және ҚХА кәсіби медиаторы болды.

Өз сөзінде Рамиль Перзадаев тыңдаушыларды еңбек мигранттарын консультациялық қолдау бойынша өткен жылғы жұмыс тәжірибесімен таныстырды және «Адам саудасының құрбаны болмау жолы» кейсін ұсынды. Ол жыл сайын жұмыссыздық пен жұмыс күшінің құнсыздануына байланысты Орталық Азия елдерінің миллиондаған тұрғындары жұмыс іздеп үйлерін тастап, олардың көпшілігі еңбек және жыныстық қанау тәуекелдеріне ұшырайтынын атап өтті және өздерін осы тәуекелдерден қалай тануға және қорғауға болатыны туралы теориялық және практикалық білімдермен таныстырды.

«Бүгінде әлемде адам саудасы және мәжбүрлі еңбек сияқты қылмыстар адамзатқа үлкен қауіп төндіретіні ешкімге құпия емес. Ол үшін «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы әзірленді, оның мақсаты адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау, жәбірленушілерді қорғау және үкіметтердің, азаматтық және жеке секторлардың әлеуеті мен өзара жауапкершілігін күшейту арқылы қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесу. Жоба мигранттарды қолдау, олардың еңбек қанауына осалдығын азайту және адам саудасынан зардап шеккен адамдарды қорғау бойынша жұмысты жақсартуға ықпал етеді. Сіздердің әрқайсыларыңыз адам саудасы және мәжбүрлі еңбек жағдайлары туралы тікелей құқық қорғау органдарына хабарлай аласыз!»,- деді Рамиль Оспанұлы.

Гүлсара Туктамышева балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанға жыл сайын негізінен жұмыс мақсатында 2 миллионнан астам адам келеді. Көбінесе ересектер балалармен бірге келіп, оларды қауіпті көші-қон процесіне тартады. Мұндай балалар кейде мектепте қорлаудың, атап айтқанда мазақ ету мен қорлаудың қайнар көзіне айналады», – деп атап өтті Ол.

Ирина Федорова шетелден келген азаматтардың құқықтары мен міндеттері, атап айтқанда заңсыз жұмысқа орналасуға және жалақыны төлемеуге байланысты құқықтардың бұзылуы туралы айтып берді. Оның сөзі халықтың мигранттардың құқықтары, қауіпсіз көші-қон тәсілдері және мигранттардың қабылдаушы қоғамдастыққа қосқан үлесі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Сабақтарда алынған теориялық, практикалық білім мен ұсынымдар мигранттың еңбек құқықтарын сақтау мәселелерін шешуге көмектеседі және олардың адамдарды қанау мен сауданың барлық түрлеріне осалдығын төмендетеді деп үміттенеміз.

Өңірлігіміздің ерекшеліктерін ескере отырып, этносаралық ахуал бақылауымызда үнемі сақталып отырады және кейбір кезде көші-қон ондағы қақтығыс факторы болуы мүмкін. ҚХА медиациясының міндеттерінің бірі жанжалдардың уақтылы алдын алу және оларды сәтті шешу болып табылады! Достық байланыстар орнату және бейімделуге, жұмыс іздеу және жұмыспен қамту жағдайларына көмектесу үшін көп жұмыс атқарылуда! Бұл жергілікті және аймаққа келген мигранттар үшін әртүрлі қақтығыстардың пайда болу қаупін болдырмайды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Тіл –татулық тірегі»

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 наурызында Тараз қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тіл –татулық тірегі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ҚР Ғылым және жоғары білім, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері,облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары, Жамбыл облысының тіл жанашырлары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары, полиция департаменті,ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, этнос өкілдері қатысты.

Алдымен іс-шараға қатысушылар «Тіл бірлігі» көрмесін тамашалап, «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» бейнедәріс топтамасы, «Ғажайып киіз үй», «Сөйле» клубы, ҚХА жастарының «Бірлік тілі», «Тіл мектебі» жобаларымен, «Qazonline» мобильдік қосымшасымен танысты.

Алғашқы сөз ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ерденбекұлы Тлешовке берілді.

Келесі кезекте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев құттықтау сөз сөйледі.

Жиын барысында тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне табанды қарсы тұрып,оның алдын алу және болдырмау,сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері- Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің аға байланыс шебері,азаматтық қорғау аға сержанты Карина Карташова, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры, Республикалық дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Нуралиева, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының менеджері, ҚР спорт шебері Виктория Хан, Жамбыл облысы полиция департаментінің аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Луговой ауылдық емханасының дәрігері Ольга Лушникова сөз сөйледі.

Сонымен бірге жиында тілдерді дамытуға қосқан үлестері үшін – Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры Динара Нуралиева, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының менеджері, ҚР спорт шебері Виктория Хан, Жамбыл облысы полиция департаментінің аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова, азаматтық қорғау аға сержанты Карина Карташова алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан әрі іс-шара Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында жалғасын тапты. Мұнда жұртшылыққа «Ситуациялық қазақ тілі» сабағының барысы, «Ана әлдиі», «Ана тілі» шешендік өнер мектебінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар, қазақ, дүнген, өзбек, орыс, неміс, поляк түрік, тәжік этносының Аналар қауымы өз тілдерінде нақышына келтіріп, бесік жырларын орындап берді. Олардың қатарында:

  1. Қазақ – Куненова Пайза Сайлаубекқызы;
  2. Дүнген этносының өкілі – Азинаева Роза Шарипжанқызы;
  3. Өзбек этносының өкілі – Худайбергенова Сабохати Дадабаевна;
  4. Тәжік этносының өкілі – Давлатова Гульхумор;
  5. Түрік этносының өкілі- Изъятова Роза Индоевна;
  6. Орыс этносының өкілі – Оксана Дьяченко;
  7. Неміс этносының өкілі-Осипова Татьяна Ивановна;
  8. Поляк этносының өкілі –Харина Лариса болды.

Кең көлемде ұйымдастырылған республикалық «Тіл-татулық тірегі» атты дөңгелек үстел «Қызмет көрсетудегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбындағы форсайт-сессиясымен қорытындыланды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Page 3 of 3
1 2 3