Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Халықтары тілдерінің аудандық «Халықтар достығы» фестивалі өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы мәдениет  үйінде Қазақстан Халықтары тілдерінің аудандық «Халықтар достығы» фестивалі өтті.

Аталған  фестивальдің мақсаты – ауданда тұратын этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытып қолдау және таныстыру, ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі ұлттық саясатты насихаттау, жастардың рухын көтеріп шығармашылық белсенділіктерін арттыру сондай-ақ, этномәдени орталықтардың жетістіктерін көрсету.

Салт-дәстүрмен сабақтасып, ұлттық өнермен ұштасқан фестивальге «Архыз» РҚБ Жамбыл облысындағы «Бірлік-Қарашай балқарлары» филиалынан Аминат пен Руслан Кудаевалар және Ясмин Есенкулова қатысты. Олар «Лезгинка» биін билеп, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жатқа орындады.

Жеңімпаздар дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Достық үйінде Town Hall форматында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде  Достық үйінде Town Hall форматында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды.

Аталған жиынға  ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ, “Ассамблея жастары” РҚБ, ғылыми-сараптама тобының өкілдері қатысты.

Президент Жолдауын талқылау барысында Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Жалил Аббосов, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдахан Бақторазов, “Әулие Ата” қазақ мәдени орталығы” ҚБ төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева баяндама жасады.

Жолдаудың негізгі аспектілері бойынша М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухабат Турдыева, Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының жетекшісі Абдурахман Зайнутдинов, “Радонеж” орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин өз пікірлерімен бөлісті.

Спикерлер Жолдауда айтылған бастамалар мен негізгі бағыттар туралы айтты.

Президенттің бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер талқылаудың негізгі тақырыбына айналды. Әсіресе, баяндамашылар Жолдаудың әлеуметтік бағыттағы реформалар мен саяси өзгерістер туралы айтылған бөлігіне тоқталды.

Кездесуді қорытындылай келе, кездесу модераторы – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева

– Жалпы қазір жер-жердегі этномәдени бірлестіктер Президент Жолдауын талқылап жатқанын білеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Реформалардың мәнін және олардың прогрессивтілігін барлық қазақстандықтарға, түрлі этностар өкілдеріне жеткізу қажет. Ол үшін Жолдауды насихаттау топтарының жұмысы, этномәдени бірлестіктерге түсіндіру жұмыстары маңызды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі  орталығы

Ағымдығы жылдың 9 қыркүйек күні Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округінде аудан медиаторлары Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты мүдделі уәкілетті тұлғалар мен ҚХА Қоғамдық құрылымдарын нығайту мақсатында көпэтносты ауылдық округінің тұрғындары үшін “Ашық есік күнін” өткізді

Ағымдығы жылдың 9 қыркүйек күні Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округінде аудан медиаторлары Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты мүдделі уәкілетті тұлғалар мен ҚХА Қоғамдық құрылымдарын нығайту мақсатында көпэтносты ауылдық округінің тұрғындары үшін “Ашық есік күнін” өткізді.

Жұмысқа ауыл әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және ауылдық округтің қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Қожабергенов, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Тамара Ешеева, ақсақалдар алқасының төрағасы Мамед Сүлейманов, Жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы Шәмшура Жуванышева, аудандық ҚХА медиаторлар қауымдастығының төрайымы Ғайни Көшекбаева бар.

Іс-шара барысында ауыл мектептерінің, балалар оқу орындарының проблемалық мәселелері, сондай-ақ Әлеуметтік және экологиялық проблемалар қарастырылды.  Ал Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Қожабергенов атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ауылдық округ тұрғындарына көмек көрсету мақсатында осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Ғайни Көшекбаева аудан медиаторларының жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтып, медиация саласындағы проблемалық мәселелер (отбасылық және азаматтық даулар) бойынша ауылдық округ тұрғындарына кеңес берді.

Бұған қоса, Есеева Тамара (аудандық мәслихат депутаты) білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сондай-ақ, Шәмшура ауыл тұрғындары арасында, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын жақсарту жөніндегі жұмыс туралы мәселе көтерді. Ол мектептер мен клубтардың жанында спорттық-бұқаралық жұмыстар нашар қойылғанын, ал Талас ауылында Мәдениет үйі мүлдем жұмыс істемейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластау мақсатында қоқысты жинау және уақытында шығару бойынша сұрақтар қойылды.  Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, ал шешілмеген сұрақтар ауылдық округ әкімінің назарына алынды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

«ҚХА жастары – 2022» форумы өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Меркі ауданынындағы демалыс орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА жастары – 2022» облыстық жастар лагері өтті. «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде өткізілген облыстық форумның негізгі мақсаты жастардың заманауи білімін арттыру, жастардың өзін-өзі танытуы және кәсіби, шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатында өткізілді. Жиынның ресми ашылу салтанатынан кейін  форумға қатысушы жастарды екі командаға бөліп, олармен білім, демалыс, танымдық жағынан түрлі жұмыстар жүзілді. Форум барысында жастарды заманауи білімге бейімдеу негізінде облысымызға белгілі тендер маманы Жан Абламатов өзінің бизнес тренингін өткізді. Тренингте тендер жайлы барынша толық мағлұмат берілді. Дәрістен соң жастарға арналған «IQ ANK» интеллектуалдық ойыны ойнатылды. Бәсеке барысында форумға қатысушы жастарға Ассамблея жайында, Қазақстан жайында көптеген күрделі сұрақтар қойылды.  Сондай-ақ форумның бірінші күні танысу кешімен жалғасты. Бұл кеште форумға қатысушы этномәдени бірлестік жастары бір –бірлерімен етене танысып достықтарын нығайта түсті.

Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің жастарына арналған бұл форумды жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған «Қоғамдық келісім» КММ көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Біржан Уксикбаев «Заманның талабына сай форумныңда жыл сайын фарматы мен өткізілу салтын барынша жоғары деңгейде ұйымдастырудамыз. Әлбетте жастармен жұмыс жасау жауапкершілікті, керативти болуды талап етеді. Себебі жастар біздің болашағымыз. Біз олардың бәсекеге қабілетті, ел ертеңін сеніп тапсыра алатындай азаматтар мен азаматшалар болуын қалаймыз. Міне сондықтанда олардың іс-шараларын барынша жоғары деңгейде өткізуді өзімізге мақсат етіп қойдық»- дейді өз сөзінде.

«ҚХА жастары – 2022» форумының екінші күні таңғы ас пен таңғы жаттығудан  кейін жастар Меркі ауданының көрікті, тарихи-мәдени жерлерін аралады. Жастар экскурсия барысында сенбілік жұмыстарын жүзгізіп, табиғатты тазалауға өз үлестерін қосты. Экскурсиядан кейін жастар «Мені тап» деп аталатын квест ойынын ойнады. Екі күнге созылған аталмыш форумда жастар жоағары белсенділік танытып, биылғы форумның қызықты әрі тартысты өтуіне ерекше  атсалысты. Форум  жастардың бойына энергия және көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл демалыс жастар үшін 100% күш-қуат пен мақсаттарына жетуге деген сенімділігін артырып, армандарын айқындады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде дүнген республикалық этномәдени орталығы

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде дүнген республикалық этномәдени орталығы, Тараз қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ананың тілі – айбыным менің» семинар – тренингін ұйымдастырды.

Мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, тілдерді оқыту бойынша тәжірибе алмасу.

Іс – шараға Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, педагогтар, студенттер, «Ұзақ өмір» клубының қатысушылары қатысты.

Іс – шараның модераторы-дүнген республикалық этномәдени орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова. Ол тілдің рөлі, бірнеше тілді білу қажеттілігі, мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығы туралы айтты.

Сондай-ақ, семинар-тренинг тікелей диалог түрінде өтті. Көптеген полиглоттар бар қатысушылар тілдерді үйрену мысалдарымен бөлісіп, практикалық кеңестер берді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

«Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің тұлғасы»

2022 жылдың 7 қыркүйегінде қазақтың көрнекті қайраткері А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің тұлғасы» атты жалпыұлттық диктант өтті.

Мақсаты – мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту, қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Аталмыш іс-шараға Жамбыл облысының түрлі этнос өкілдері белсенді қатысты. Қатысушылар арасында мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері, студенттер, қоғам белсенділері болды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Қостанай облысында орын алған табиғи өрт апатына байланысты облыстық ҚХА тарапынан ұйымдастырылған алғашқы шаралар туралы мәлімет

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы апатқа байланысты ҚХА мәлімдемесі жасалды. Осыған сәйкес 4 қыркүйекте  республикадағы барлық Достық үйлерінде жедел штабтар құрылды. ҚХА мәлімдемесімен өңірлік ассамблеяның барлық құрылымдары таныстырылды. Өңірдегі этномәдени бірлестіктер, аналар кеңестері, меценаттар, “Ассамблея жастары” тарапынан орын алған жағдайға байланысты каржылай және  гуманитарлық көмек жеткізу мәселесі бірауыздан мақұлданды. Мәселе құрылымдардың арнайы чаттары мен телефон арқылы талқыланды.

Алғашқылардың бірі болып өңірдегі түрік, ұйғыр,дүнген, қарашай-балкар, украин  этномәдени бірлестіктері көмек жинау акциясының басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, облыстық ассамблея кеңесі мүшелері де қалыс қалмайтынын білдірді.

Гуманитарлық көмекті үйлестіру  “Қоғамдық келісім” КММ-ге жүктелді. Жауапты тұлғалар мен арнайы шоттар белгіленді. Қазіргі кезеңге дейін келіп түскен көмек сомасы 955 мың теңгені құрайды.

Алғашқы көмек сомасын (300 мың) облыстық “Ахысқа” түріктері этномәдени бірлестігі жіберді, сонымен қатар 260 мыңға азық-түлік жеткізді. Аталмыш этномәдени орталық мүшелері Тараз қаласындағы «Amanat» партиясының ғимаратында орналасқан облыстық штабқа азық-түлік алып келді. Ал құны 260 мың теңге болатын бұл азық-түлік 40 отбасыға есептелген. Сондай-ақ, игі істі облыстық «Тараз 24» телеарнасы және республикалық «Atameken Business», «Хабар» телеарналары түсірді.

М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі 100 мың, қарашай-балкар этномәдени бірлестігі 50 мың теңге қаржы аударды.

«Днепро» украин этномәдени бірлестігі 25 мың теңге қаражат жинаса, облыстық өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов зардап шеккен отбасыға 1 үй (3-4 бөлмелі) салып беретіндігін жеткізді. Бұған қоса, Облыстық тәжіктер этномәдени бірлестігі 200 мың, «Мирзоев Князь Ибрагимович атындағы ғылыми және мәдени мұра қоры» директорының міндетін атқарушы – Латиф Айдаров 100 мың, ҚХА меценаты Юрий Минаков  50 мың және Жамбыл облысы немістер қауымдастығы 100 мың теңге аударым жасады.

Бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желіге жүктеліп,таратылды. Әлі де қайырымдылық жұмыстары жалғасын табады.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы                                                        М.Жинақбаева

Еңселі еліміздің Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына ерекше назар сала отырып

Еңселі еліміздің Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына ерекше назар сала отырып, ел болашағының бағыт-бағдарын айқындайтын саяси реформалардың мемлекеттігіміздің тұтастығы мен бірлігі үшін жасалып отырған Жаңа Қазақстанның жаңа қыры екені сөзсіз. Мұндай тұста еліміздің әрбір азаматы Президенттің жолдауын қолдайды деп ойлаймын. Себебі ел мүддесіне қатысты барлық мәселелер заң үстемдік еткен азаматтық қоғамға байланысты. Жолдаудың мына бір жері маған ерекше әсер етті. «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.

Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді» деген Президент сөзі Тәуелсіз еліміздің баянды болашағына деген сенімімізді еселеп  қалыптастырып отыр.

Зайнуддин Махусеев, «Дүнген республикалық этномәдени орталығы» Қазақстандық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт  берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық.

Ондағы «Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бөлімінде «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр» -депті.

Ендігі кезек күттірмейтін мәселе ел ішіндегі емханаларды қолға алу. Осы тұста Президент: «Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі» деп дұрыс атап көрсетті. Ауылда ағайын ауыра қалса ат сабылтып, қалаға аттандамай, ел ішінде де емделуге мүмкіндік туса нұр үстіне нұр емес пе?

Жалил Аббосов , ҚХА Жамбыл облысы Төрағаның қоғамдық орынбасары

Болашақ бәрінен де маңызды

Болашақ бәрінен де маңызды. Біз жұмыла көтерген әрбір жүк болашақ игілігі үшін болмақ. Бүгінгі еліміздің бірлігі мен татулығында сақтауда болашақтың қамы. Бейбітшілік пен тұрақтылықты басты саясат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірлік пен бірегейліктің қайталанбас институтын қалыптастырған мемлекетпіз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясаты Жаңа Қазақстанның жаңа қадамдарын күн сайын жасап келеді. Бүгінгі жолдауда Мемлекет басшысы балалардың мәселесін ерекше көтерді. Әрине осы ана болғандықтан мұндай тақырыптар бізді бей-жай қалдырмайды.  «Балалар жылының аясында» «Ұлттық қор-балаларға» атты мүлде жаңа бағдарлама жүзеге асқалы тұр. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалардың 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмілет жасына толғанан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады» – деді Президент.  Мен ел Президентінің саясатын әрқашан қолдаймын!

Мухаббат Миражапова, Жамбыл облысы бойынша ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы