Қарттар күні
Зан айының басында қарияларға арналған мерекені атап өту жақсы дәстүрге айналды. Жас ұрпақ үшін олар еңбекқорлық пен табандылықтың, батылдық пен парасаттылықтың үлгісі болып қала бермек.
2022 жылғы 30 қыркүйекте Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Достық үйі ғимаратында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара мол дастарханымен, түрлі концерттік бағдарлама, сондай-ақ, жылы қауышу, тамаша көңіл-күйімен есте қалды. Дастарханға Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің қариялары, жасы үлкендері жиналды. Олардың барлығы – еліміздің өркендеуіне, бейбітшілік пен келісім саясатын қолдауға үлкен үлес қосқан жандар.
Жиынға қатысушыларды мейрамдарымен құттықтап, Жамбыл облысы әкімдігі ІІБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева, еврей қауымының ақсақалы Михаил Бунин, Аналар кеңесінің өкілдері және ұйғыр, өзбек, тәжік, қытай, поляк, еврей этномәдени бірлестіктерінің төрайымдары мен төрағалары жылы лебіздерін білдірді.
«Біз Қазақстанға барамыз», «Анама рахмет» және «Туған жер» әндерін талантты орындаумен «Поющие сердца» және «Juwell» вокалдық топтары, сондай-ақ, «Шабыт» триосы көрермендердің көзайымына айналды. Жеке вокалдық нөмірлермен Илья Филипов («Ягода малинка» әні), Вячеслав Лапшин («Отан Ана» әні), Ирада Ишанқұлова («Менің отбасым» әні), Камила Дүйсен («Сен мықтысың») және тағы басқалар өнерлерін ортаға салды. Жиылған жұртты «Бәйшешек» және «Қарлығаш» хореографиялық ансамбльдері қазақ және неміс билерін орындаумен қуантты. Сонымен қатар, №40-мектеп-гимназия оқушыларының орындауында поэтикалық композиция орындалды.
Мереке барысындағы ең әсерлі сәт сыйлықтар мен фотосессия болды.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы