Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Биылғы жылдың 23 қарашасында  Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз орналасқан 32 елді мекен этнокартасы негізінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Жуалы аудандық «Мехрибан» әзірбайжан этносының жетекшісі Эсмира Мамедова Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы ауызбіршіліктің жай-күйін саралау мақсат еткен іс-шараға ауыл ақсақалдары, ардагерлер, билер кеңесінің төрағалары, көп балалы батыр аналар, этнос өкілдерінің басшылары мен белсенділері, қандастар, жастар ресурстық орталығының өкілдеріқатысты.

Жиын барысында саяси реформалардың, Жаңа Қазақстаннның идеялары мен құндылықтарының маңызы, жалпыелдік «Бірлік даму үшін!» ұранымен этносаралық келісім түсіндіріліп, округ тұрғындарының түйіткілді мәселелерінің шешілу жолдары қарастырылды.

Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ ҒСТ бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков пен жастар ісі бойынша маман Рахат Ерханұлы ауыл жастары арасында тимбилдинг өткізіп, округ жастарына қазақстандық қоғамдық келісім, бірлік пен бейбітшілік, ортақ Отанымыз Қазақстанның өсіп өркендеуі, жастардың бәсекеге қабілетті болып дамуының негіздерін түсіндірді.

Сондай-ақ, округтегі аналардың арасындағы алаңдатарлық жайлардың мәселесіне арнайы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Аққу Қаратаева үңілді. Ол этнос өкілдері арасындағы жағдайларды зерттеу шеңберінде көп балалы аналармен сұқбат жүргізіп, этностар жинақы тұратын елдімекендергі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес беріліп, аналар тәрбиесі бойынша әңгіме өрбітті. Сұқбат барысында ерте некеге тұру, ерте жүктілік, қыз балаларды әуелі білім алуға насихаттау және т.б мәселелер көтерілді.

Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз орналасқан этнокарта негізіндегі сапар әрмен қарай Қордай ауданындағы ауылдардан жалғасын табатын болады.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы 

Шақпақ ата ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында  Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз орналасқан 32 елді мекен этнокартасы негізінде Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылының өнер мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Этносаралық жай-күйді зерделеуді мақсат еткен іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева,  Жуалы аудандық «Мехрибан» әзірбайжандар қауымдастығының төрайымы Эсмира Мамедовамен ауыл ақсақалдары, ардагерлер, билер кеңесінің төрағалары, көп балалы батыр аналар, этнос өкілдерінің басшылары мен белсенділері, қандастар, жастар ресурстық орталығының өкілдері кездесті.

Жиын барысында саяси реформалардың, Жаңа Қазақстаннның идеялары мен құндылықтарының маңызы, жалпыелдік «Бірлік даму үшін!» ұранымен этносаралық келісім түсіндіріліп, округ тұрғындарының түйіткілді мәселелері тыңдалды.

Іс-шара барысында  «Қоғамдық келісім» КММ ҒСТ бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков пен жастар ісі бойынша маман Рахат Ерханұлы ауыл жастарын жинап тимбилдинг өткізді. Мұндағы мақсат округ жастарына қазақстандық қоғамдық келісім негіздерін түсіндіру еді.

Жиында  округтегі этнос өкілдері арасындағы жағдайларды зерттеу шеңберінде көп балалы аналармен «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Аққу Қаратаева сұқбат жүргізді. Сұқбат барысында этностар жинақы тұратын елдімекендергі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес беріліп, аналар тәрбиесі бойынша әңгіме өрбіді. Кездесуде бұдан өзге ерте некеге тұру, ерте жүктілік, қыз балаларды әуелі білім алуға насихаттау және т.б мәселелер көтерілді.

Бұдан өзге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Жуалы аудандық  Жуалы аудандық «Мехрибан» әзірбайжандар қауымдастығының төрайымы Эсмира Мамедова ауылдық округтегі әлеуметтік, мәдени және білім беру нысандарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиын соңында өнер мектебіндегі «Шақпақ» би тобы қыздарының биін тамашалады.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Көлбастау, Талапты ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың қараша айының 23 күні Жуалы ауданы Көлбастау, Талапты ауылдарының тұрғындарымен Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз орналасқан 32 елді мекен этнокартасы негізінде кездесу өтті.

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Жуалы аудандық   «Мехрибан» әзірбайжандар қауымдастығының төрайымы Эсмира Мамедовамен ауыл ақсақалдары, ардагерлер, билер кеңесінің төрағалары, көп балалы батыр аналар, этнос өкілдерінің басшылары мен белсенділері, қандастар, жастар ресурстық орталығының өкілдері кездесті.

Кездесудің басты мақсаты облыс аймағындағы  этнос өкілдері тығыз орналасқан  этнокарта негізінде этносаралық жай-күйді зерделеу болатын.

Мақсатқа сәйкес жиын барысында саяси реформалардың, Жаңа Қазақстаннның идеялары мен құндылықтарының маңызы, жалпыелдік «Бірлік даму үшін!» ұранымен этносаралық келісім түсіндіріліп, округ тұрғындарының түйіткілді мәселелері тыңдалды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында  «Қоғамдық келісім» КММ ҒСТ бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков пен жастар ісі бойынша маман Рахат Ерханұлы ауыл жастарын жинап тимбилдинг өткізді. Онда округ жастарына қазақстандық қоғамдық келісім негіздерін, патриотизм, бірлік пен бірегейлікті  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиынның өзекті тұсының бірі округтегі этнос өкілдері арасындағы жағдайларды зерттеу шеңберінде көп балалы аналармен «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Аққу Қаратаеваның сырлы сұқбаты еді. Батыр аналармен болған өзекті әңгіме барысында этностар жинақы тұратын елдімекендердегі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес беріліп, аналар тәрбиесі турасында әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұдан өзге ерте некеге тұру, ерте жүктілік, қыз балаларды әуелі білім алуға насихаттау және т.б бірқатар мәселелердің ара жігі ажыратылды. Арасында кейбір аналардың шешімі қиын проблемалары бойынша жеке қабылдау өткізіліп, кеңес берілді.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы 

Тіл – татулық тірегі

Жамбыл облысы Байзақ аудандық  «Үлгілі» ауылдық орта мектебінде  тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ілгерілету мақсатында  «Тіл – татулық тірегі» атты іс-шара өтті.

Мектеп директоры Нұркен Айтбекұлы Кенжеқұлов пен мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, директордың құқықтық тәрбие орынбасары және  ҚХА медиаторы Мелдебекова Динара Сабырбекқызының басшылығымен ұстаздар ұжымы, әсіресе, тіл мамандары іс-шараға жаппай атсалысты.

Ерекше атап өтейік, аталмыш мектеп аудан бойынша ҰБТ тестілеуден алдыңғы орында келеді екен.

Аталған жиынға Жамбыл облысы ішкі саясат басқарамасының  «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева және Баспасөз қызметі, аудандық ішкі саясат бөлімі және тіл бірлестігінің мамандары, мектеп ұжымы, оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында мектеп өзге ұлт өкілдерінен тұратындықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, атқаратын қызметі мен берілген құқығы, мақсаты,  маңызды бағыттары және этномәди бірлестіктер туралы оқушылар тарапынан ақпараттар беріліп, викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, іс-шарада  Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығын негізге ала отырып, түрлі ұлт өкілдерінің қазақ шаңырағына қонаққа келуі туралы шағын қойылым ұсынылды. Онда өзге этнос оқушылары сахналық қойылымға сай қазақ тілінде өлеңдер оқып, өнерлерін ортаға салды.

Сонымен бірге, Бітімгерлік саласына қатысты  және алда келе жатқан Сайлау жұмыстары жөнінде ҚХА-ның Байзақ бойынша медиаторы, аудан  белсендісі Ғайни Көшекбаева шараға аса ыждаһаттылықпен дайындалған оқушылар мен ұстаздарға ілтипатын көрсетіп, жүрекжарды алғысын білдірді.

ҚХА медиаторы Гайни Ақылбекқызы  өз сөзінде балалар мен жастардың азаматтық сана-сезімін,  қоғамда сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытатын, жанжалды жағдайлар мен құқық бұзушылықтар санын азайтатын  бірқатар Медиация қызметтерімен таныстырып, оны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан әрі ол Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сөз соңында Г.Ақылбекқызы өзінің “Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары” атты кітабы мен  бітімгерлік қызметін  ұйымдастыруға көмек беретін құжаттардың толық пакеті ұсынды.

Бірлік пен бірегейлікті арқау еткен шара соңы  концерттік бағдарлмаға ұласып, келген қонақтардың  “Үлгілі” орта оқу орнының  үлгілі оқушылары мен ұлағатты ұстаздарына жылы лебіздерін білдіруімен тәмамдалды.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Таразда “Мың бала” мәдени-ағартушылық жобасы өз мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың 27-қазанында «Қоғамдық келісім» КММ «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңінен іріктеу өтті.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты, түрлі этностық топтардың жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу.

Аталған іс-шараға Тараз қаласы мен аудандардағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары (этнос өкілдері) және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш жоба мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл үйретудің жаңа форматтарын іздестіру, жастардың бойына кітап оқу мәдениетін, қазақ әдеби тілі мен поэзиясын меңгеруге қызығушылық дарыту, қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау көрсету және ынталандыруға міндеттейді.

Мемлекеттік тілдің мерейін көтеруге бағытталған іс-шара тұжырымдамасы бойынша «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары, «Өнер алды – қызыл тіл» көркемсөз оқу мектебі, «Жарқыра, жас дарын!» ақындық байқауы, «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсы жалпы 4 жоба бойынша байқаулар өткізді. Іс-шараға әр номинация бойынша оқушылар мен мұғалімдер – барлығы 40 үміткер қатысты.

Байқауда «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары номинациясы бойынша Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі – Манат Оралбаева І орын, Меркі ауданы, №44 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі – Айнұр Сүйімбаева ІІ орын, Қордай ауданы, №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі- Айнұр Тоқбаева ІІІ орынды иеленді.

«Өнер алды – қызыл тіл» көркемсөз оқу мектебі номинациясы бойынша Жуалы ауданы, №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушысы – Кристина Чакова І орын, Жамбыл ауданы, Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің оқушысы – Руслана Чижикова және Байзақ ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы гимназияның оқушысы – Сона Бурханова, Талас ауданынан Рерих Дарья ІІ орын, Қордай ауданы, Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары – Райхан Қалыбаева, Абдумалик Турсунов және Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы- Зейнеп Фахулова ІІІ дәрежелі орынға тұрақтады.

Аталған номинация бойынша бақ сынасқан оқушылар өзге этнос өкілдері болса да мемлекеттік тілді жетік меңгергендіктерін көрсетіп, өздерін жыр шумақтармен таныстыруда да, шығармалардан үзінді оқуда да бір-бірінен қалысар емес.

Ал, «Жарқыра, жас дарын!» ақындық номинациясы бойынша І орынды Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің оқушысы – Алина Айдаралы, Тараз қаласы, №34 орта мектебінің оқушысы – Гульмира Иминова ІІ орын, «Дарын» лицей-интернатының оқушылары – Руфина Бакирова және Назерке Эрнисбекқызы ІІІ орындарды иеленді.

Жоғарыдағы үш номинация бойынша бақ сынасқан үміткерлерге облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Гаухар Шеримова және «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталғының әдіскері Самал Ақбердиева қазылық етіп, шын жүйріктерді анықтады.

Жобаның бәсекесі қызу «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсы бойынша Шу ауданы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Лунара және Динара Зайцевалар І орын, Жуалы ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназия оқушысы – Дарья Рудометова, Тараз қаласы, М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің оқушысы – Зульфия Юлдашева ІІ орын, Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының оқушысы – Гузаль Абдумуталибова және Шу ауданы, М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің оқушысы – Гребюнук Роман ІІІ орындарды иеленді. Аталған номинация бойынша қатысушылардың өнері бір-бірінен асып тұр. Қазақтың ұлттық аспабы домбырада ойнау шеберліктер, ән айтудағы ерекшеліктері жиылған жұртшылықты тамсандырды. Аталған номинация барысында бақ сынасқан үміткерлерге мәдениет саласының үздігі, әнші, композитор Жандос Омаров, К.Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның көркемдік жетекшісі Аида Смағұлова және «Мәдени көпшілік іс-шаралар» бөлімінің басшысы Біржан Уксикбаев қазылық етті.

Жоба жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқауға үміткер басқа да қатысушылар алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

Баспасөз қызметі орталығы

«Demo Day» форматындағы тренинг сәтті аяқталды

Үстіміздегі жылдың 28-қазанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» РҚБ-нің «Your-Path» білім беру платформасымен бірлесіп өткізген «Demo Day» форматындағы тренингтің екінші бөлімі ойдағыдай аяқталды.

Тренингтің екінші күні қатысушылар топ-топқа бөлініп қоғамға қажетті бизнес жоспарларын жасап, стартаптарды құрастырды. Нәтижесінде, топ басшылары өз жұмыстарын қорғап, бастамашыл жастардан кеңес алды. Ал «Your-Path» жобасының негізін қалаушы – Александр Скалкин және Санжар Сүлейменовтер бизнес жоспарын әрі қарай дамытамын деушілерге өз тараптарынан көмек беріп, қолдайтындарын атап өтті.

Жалпы, «YOUR – PATH» қызметі – білім беру саласындағы қазіргі тенденцияларды меңгеруге және әр адамның әлеуетін ашуға мүмкіндік беруге бағытталған білім беру платформасы.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» -республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері – «Social Assembly» – жастарды әлеуметтік қолдау, білім деңгейін көтеру, жұмысқа орналасуға көмек беру, «Jastar media – медиа-жобаларды дамыту және медиа-сауаттылықты арттыру, «Ел мұрасы» – тарихи-мәдени мұраны сақтау, «Таза орта» – экология мен қоршаған ортаны қорғау, «Қасиетті парыз» – әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру жобалары бойынша облысымыздағы іс-шараларға үнемі белсене қатысып жүрген жастар. Дегенмен де, бүгінгі тренингте осы жобаларға қатысып сауаттылықтарын одан ары еселеп, нықтап, толықтырып, білім көздерін аша түсті.

Шара соңында, Жамбыл облысы «Ассамблея жастары» ҚБ төрайымы Хамида Турдыева қатысушыларға сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, белсенді жастар алғыс хаттармен де марапатталды.

Ерекше атап өтейік, «Your-Path» жобасының негізін қалаушылар, Мәскеу жобалар акселераторының қатысушылары, Start-up жобаларын құрудағы мамандар, Enactus Kazakhstan өңірлік менеджерлері – Александр Скалкин мен Санжар Сүлейменовке «Болашақ жастардікі. Әлеуметтік жобаларды құру бойынша бастамаларды дамыту» республикалық жобасына қатысты тың идеяларымен бөлісіп, бизнес-жобаларды ілгерілетуде, еліміздің әлеуметтік даму стратегиясына, жобалық қызметтің Қазақстан Республикасында қарқынды дамуы мен жетілдірілуіне үлес қосып жүргендеріне және кәсіпкерлік пен экология тұрғысынан адам өмірін жақсы жаққа өзгертер маңызды жобалардың дүниеге келуіне себепші болып жүргендеріне Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі атынан зор алғысымызды білдіреміз.

Баспасөз қызметі орталығы

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ “ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ” ЖАЙЫЛДЫ

Республикалық ҚХА және Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің “Дустлик” қауымдастығы және ҚР АҚДМ ның “Қоғамдық келісім” РММ Республика күніне арналған “Достық дастарханы” “Shymkent palau fest 2022” халықаралық фестивалін өткізді.

Осыған орай, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген 41 аспаз, палаудың 41 түрін даярлады.Аспаздардың барлықтарына бағалы сыйлықтар, Министрлік тарапынан “ҚХА этномәдени қоғамдық бірлестіктерімен қатынас басқармасының” жетекшісі Асилов Абдимомын Манапұлы қатысып, алғысхаттар берді. Қала әкімінің орынбасары және экс-сенатор Орынбай Рахманбердиев және басқа да беделді азаматтар фестивальді салтанатты түрде ашып, аспаздар ісіне сәттілік тіледі.

Сонымен бірге, атаулы іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері – облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Тохтасунұлы Муминовбастаған бірлестік өкілдері де қатысты. Олар да шараның сәні – ұлттық тағам «Өзбек палауын» дайындауда өз үлестерін қосып, ұйымшылдықпен атсалысты.

Қазақстан Республикасының ӨЗБЕК АҒАЙЫНДАРЫ «Дустлик» қауымдастығы және «Лилия» туристик фирмасы атынан бір қырғызстандық және екі қазақстандық аспаздарға өздерінің шеберлігін көрсеткені үшін осы төменде көрсетілген қалалардың біріне, яғни, Таиланд, Грузия, БАА және Дубай қалаларына турист болып баруына арнайы сертификаттар берілді. Халықаралық палау фестивалі 800-ден артық азаматтар арасында 50-ден астам этнос өкілдерін басын қосып, бір дастарханнан дәм татып, «Ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін» және нағыз достықтың, бірліктің үлгісін көрсетті.

Өзбекстандық аспаз Ферғананың чоңғара күрішінен «Азия ынтымақтастығы» палауын, Иран ҰЭМО төрағасы Сулеймани Мами «Шах» палауын, алматылық Владимир Краснобородкин «Самарқан» палауын, қырғызстандық Адуахат ака «Бірлік» палауын, сонымен қатар, Шымкент қалалық 17 ЭМБ төрағалары 300 адамға арналған үлкен қазанда 30 кг «Достық» палауын, даярлап халыққа таратты.

Фестивальге Өзбекстаннан келіп, шығармашылық шырай көрсеткен Дильфуза Рахимова және Малика Эгамбердиевалар да қазақстандық әншілермен бірге сахнада концерттік бағдарламамен ән айтып, өнер көрсетіп, халықтың көңілінен шықты. Елімізде мұндай фестиваль болған емес десек те қателеспейміз. Тек «Ұлы даланың» перзенттері ғана ізгі істердің басында тұратыны сөзсіз.

 

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі

Бүгін, қазан айының 18-інде, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингке спикер ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қатысты

Бүгін, қазан айының 18-інде, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған  брифингке спикер ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қатысты.

Брифинг барысында   «Бірлігіміз әралуандықта» баяндамасын жасап, жамбылдық тілші-журналистерінің сан түрлі сауалдарына жауап берді. Мекеме басшысы аймақтық ассамблеяның  іс-қимылдары, жалпы атқаратын қызметі жөнінде айта келе, ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, қоғамдық келісім кеңестері, шеберлер клубы, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, медиаторлар және Аналар кеңестері жөнінде толық ақпарат берді. Барлық құрылымдардың бірыңғай негізде, ортақ міндеттер мен бағыттар бойынша жұмыс атқарып, 87 этностық ұйымының 75-і өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында белсенді еңбек атқарып жатқандығына тоқталды.

Мүбәрак Қасымқызы брифинг барысында күні кеше облыс көлемінде аталып өткен «Әралуандық арқылы – бірлікке» іс-шарасының жай- жапсарына тереңінен тоқталып, республика күніне арналған  бірқатар жұмыс жоспарымен де таныстырды.

Баспасөз қызметі

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі»

Ұлттық мереке, 25 қазан – Республика күніне орай,  қазан айының 18-і күні «Достық үйі» ғимаратында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңы өтті.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді ілгерілету, елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру, өзге ұлттардың қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде қолданып жатқанын көрсету.

Форумға Жамбыл облысы ҚХА мүшелері, мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдері, этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» ҚБ, тілдерді оқыту орталығы, тіл ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Ең алдымен қатысушылардың қазақ тілін қалай еркін үйренгендігі жайлы өз тәжірибесінен ойлары тыңдалды.

– Қазақша сөйлеуіме әсер еткен ата-анам,туған жерім, – дейді корей қызы Ким Аяна. Оның айтуынша, өзінің талап-тілегімен бала-бақшада қазақ топта болып, кейін қазақ сыныбында оқыған.

Ал, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған «Текті келін» байқауының жүлдегері, дүнген қызы Роза Юнусова қазақ жігітке тұрмысқа шыққандығын алға тартты. – Қазақ тілін енді тұрмыстық жағдайда да қолданып жүрмін, – дейді Ол.

Ұлты орыс, әнші Сергей Владимирович Семыкин және ұлты ұйғыр, республикалық «Абай оқулары» және «Жамбыл жырлары»  байқауының 1- орын иегері, Абай атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алеханова Мухаббат Бахытқызы да осы  тақырыпта әңгіме өрбітті.

Жиын соңында, Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің 10-сынып оқушысы, қарашай-балқар қызы, айтыскер ақын Алина Айдаралы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» жобасы аясында өтіп жатқан іс-шараға арнауын оқыды. Сондай-ақ, қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Баспасөз қызметі орталығы

Этножурналистика саласындағы үздіктер

Ағымдағы жылдың 17-қазан күні Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” мекемесінде облыстық ҚХА Журналистер клубының отырысы және Қазақстан Республикасы күніне арналған «Бір шаңырақ астында» этножурналистика саласындағы облыстық шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Журналистер клубының кезекті отырысына осы бірлестіктің өкілдері, қазылар алқасы, республикалық, өңірлік, қалалық, аудандық БАҚ журналистері қатысты.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім»  КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева құттықтау сөзімен ашты. Спикер өз сөзінде ҚХА, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері өткізетін іс-шараларды үнемі жариялап отыру қажеттігін және бірлескен жұмыстың маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұдан әрі «Бір шаңырақ астында» байқауы талқыланды. Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының төрағасы, республикалық «Казахстанская правда» газетінің жеке тілшісі Михаил Те байқаудың жұмыстары бойынша өз пікірін қатысушыларға егжей-тегжейлі жеткізді. Ол байқауға түскен материалдар жоғары деңгейде болғанын және жеңіске жетуге үміткер тілшілердің ішінен таңдау жасау қиындау болғанын да атап өтті. Бұған қоса, байқау жұмыстары арасында аналитикалық, публицистикалық, репортаждық сипаттағы сапалы материалдар, сұхбаттар құпталғанын түсіндіре кетті.

Сонымен қатар, Михаил Те байқау өткізуде келесі жылы номинациялар бойынша жүлделі орындар беруді ұсынды. Ұсынысын қатысушылар бірауыздан қолдады.

Баспасөз қызметі