Ассамблея – ұлттардың ұйытқысы

Тәуел­сіз Қа­зақстанда этносаралық қаты­нас­тардың қазақстандық моделін қалып­тастыру – бұл тың көзқарас. Елдегі болып жатқан түрлі жағдайға қарамастан біз бірлікті сақтаймыз. Бұл үрдіс бұған дейін де еш үзілмеген. Дәл солай әрмен қарай жалғаса беретін болады. Осы тұста еш елде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған ісі ауқымды екенін   атап өту маңызды. Осы орайда «Біздің ортақ міндетіміз қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау – тәуелсіз Қазақстан­ның басты әрі даусыз табыстарының бірі. Біздің ынтымағымыз одан ары нығая берсін, ал жүрегі ортақ же­тістіктер үшін мақтаныш пен алғысқа толы болсын» деген еді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазаұқстан халқы Ассамблеяның басты әрі негізігі міндеті – халық бір­лігін, ынтымақтастығын нығай­ту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сондай-ақ, қоғамдағы адамның құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әре­кеттерге қарсы тұруда мемлекет­тік органдарға жәрдемдесу болатын. Бүгінгі таңда тұрақтылық пен бейбіт өмірдің діңіне айналған ассамблея өзіне артылған міндетті айрықша орындап келеді.

Қоғамның көпэтносты, мәдениет пен тілдердің көптүрлілігі біздің артық­шы­лығымызға айналып, елдің дамуына берік негіз болғаны рас. Олай болса бізді әлем елдері арасында артық етіп көрсетіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі күні ширек ғасырдан астам уақытты артқа тастап отыр. Ынтымақ пен бірегейліктің салтанат құрған дәуірі әрмен қарай жалғаса беретініне бек сенімдімін. Мен осы елдің азаматы, күрділер қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде елдегі болып жатқан қуанышты жаңалыққа қуанып, ал, қиындығына өзімше кейіп отырамын. Бұл – осы елге сіңіп, бүгінде өз Отанымыз ретінде мойындағанымыздың дәлелі. Ата-бабамыздың бізге көрсетіп кеткен үлгісі осындай. Бізді бұл үрдісті, одан әрі жалғап өз ұрпағымыздың бойына сіңдірудеміз. Қазақстан халқының мамыражай күн кешіп, ел іргесі аман, тыныш, бейбіт заман болғаны біздің де тілегіміз.

Өз этносымыздың салт-дәстүрі, мәдениеті, өркениеті болмаса түрлі әдет-ғұрыптар секілді ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, оларды болашақ ұрпақтарымызға жеткізуге немесе оларды ұмытылмастай дәріптеуге Қазақстанда ешқашан кедергі болған емес. Мұндай елдің неліктен қасиетті қастерлеп,мейрейін үстем етпеске. Керісінше, бізге осындай жағдай жасап, отырған кеңпейіл Қазаққа, ауадай қажет  ауызбіршілігімізді сақтап отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына алғыстан өзге айтарымыз жоқ.

Біз күрді халқы нәубетті жылдары қазақ жерін паналадық. Демін ішіне тартып тұрған нәубетті жылдарда қазақ жері бізден өзге сан түрлі ұлттарды бауырына басты. Міне, содан бері қаншама уақыт өтті? Бізге Қазақстан құтты қоныс, жайлы мекенге айналды. Біз үшін Қазақстаннан өзге Отан жоқ. Қоғамда өз орнын тауып, тату-тәтті өмір сүріп отырған этно­с­тар­дың басын Ассамблея біріктіріп отыр.

Мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттардың азаматтық ынтымақтастығының арқасында десек қателеспейміз. Бүгінгі күнде отансүйгіштік, мейі­рім­ділік, төзімділік, ауызбіршілік, намысшылдық, батырлық, адалдықты өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіру — әрбір азаматтың парызы. Елбасы айтқан­дай, «Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек». Бұл дәстүр үзіл­ме­се, ғасырлар бойы көпэтносты мем­ле­кетіміздің тыныштығы тұрақты, қоғамдық тұтастығы мықты болмақ.

Айдаров Латиф Амзеевич  

Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

 

Халықаралық театр күні

Ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласының Достық үйі ғимаратында 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы неміс театры» тақырыбында таныстырылым өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – неміс этносының  салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу. Сондай-ақ отырысқа  неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен жастар қанаты қатысты.

Этномәдени бірлестік төрағасы Александр Гибнер қатысушыларды Қазақстандағы неміс театрының тарихымен таныстырып, ерекше қызықты форматта викториналық ойын ұйымдастырды. Сауалдарға дұрыс жауап беріп суырылып шыққан 4 көрерменге құнды сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Қазақстандағы бірінші неміс театры 1975 жылы Қаз КСР мәдениет министрлігінің №34 бұйрығымен ашылды. Араға бес жыл салып Мәскеудегі кіші театрдың жанында құрылған Щепкин атындағы жоғары училищенің 30 түлегі Теміртау қаласына келді. Олар аталған театрда көп уақыт жұмыс істеп, оның жан-жақты дамуына атсалысты.

Қазіргі таңда Республикалық Неміс Драма театры басынан өткен өзіндік қиыншылықтардан кейін неміс халқының мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға атсалысуда.Жыл сайын театр репертуары жаңартылып, оған өзге елдердің сазгерлері мен режиссерлері тартылады.

Қазіргі кезде неміс театры интернационалды тұрғыда қалыптасып, өз мәдени жұмыстарын жалғастыруда.

Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

 

Тараз қаласында Наурыз мерекесіне және ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастырған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен игі іске «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері атсалысты. Жомарт жандар арқылы қаламыздағы 20 ардагер мен әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық түлік үлестірілді.

https://www.youtube.com/watch?v=QWrzPt9SmYU

Тараз қаласында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласында Наурыз мерекесіне және ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастырған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен игі іске «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері атсалысты.

Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы отбасылар мен қарт кісілерге «Мейірімді жүрек» облыстық қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсету. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сынды ізгі қасиеттерді насихаттау, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту болып табылады.

Айта кетейік, жомарт жандар қаламыздағы 20 ардагер мен әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық түлік үлестірді.

Жамбыл облысы әкімдігі

ІСБ «Қоғамдық келісім»КММ

Баспасөз орталығы

Таразда «Ырыс пен ынтымақтың мерекесі – әз Наурыз» кең көлемде аталып өтті

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз ежелден ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің барлығымыз үшін  жолы да, жөні де бөлек.

Осыған орай, бүгін Тараз қаласының «Қазақ халқына мың алғыс» монументі орналасқан арбатында, Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы қарсаңында, өңірлік   Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының қатысуымен  «Ырыс пен ынтымақтың мерекесі – әз Наурыз» атты іс-шара жылдағы дәстүрге сай жоғарғы деңгейде аталып өтті.

«Наурыз» күнін мерекелеудегі мақсат – түркі халықтарының салт-дәстүрін дәріптеу, елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, өскелең ұрпақты бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Ұлыстың ұлы күні өткен іс-шараға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, олардың шығармашылық топтары, жастар қанаты, Тілдерді дамыту басқармасының тіл мамандары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының жастары және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекенің ең шарықтау шегі – сән-салтанаты жарасқан, қарасаң көзтартар  ұлттық киімдерін киген этномәдени бірлестіктері  шығармашылық топтарының  концерттік бағдарламасы болды. Ерекше әдемі, ашық түстерден ұлттық киімдер үлгісімен өнер көрсеткен этнос өкілдері жиналған жұртшылыққа ұмытылмас көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Аллеяға қарсы бетте арнайы жабдықталып тігілген киіз үйден жұртшылық қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз көжелерінен  дәм татты. Сонымен бірге, жиынға келген жұрт назарына  киіз үй ішінде қазақ халқының ұлттық көрмесі де  ұйымдастырылды.

Бұдан өзге, мерекелік думанды көруге келген қала тұрғындарына  облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының Тілдер орталығы  ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгеруге бағытталған викториналық сұрақтар қойылып, оң  жауап берген белсенді  қатысушыларға түрлі сыйлықтар табыс етілді.

Аталған іс-шара соңы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім»  мекемесі мен Тілдерді дамыту басқармасының басшылары – Парида Иманжанқызы мен Хадиша Тұрмағамбетқызы күні кеше ғана өзге этнос өкілдері арасында өткізілген «Қазақ тілі – ғажап тіл» фестивалінің жеңімпаздарын  марапаттауымен аяқталды. Ұлыстың ұлы күніне арналған  мерекелік шара жамбылдықтардың көңілінен шықты.

Наурыз мейрамы – қаланың өзге де аумақтарында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерінің 2021 жылдағы Наурыз мейрамына құттықтаулары

Баршаңызға аян,  Жамбыл облысы үшін  былтырғы жылдар біз үшін оңай жыл болмады. Қордайда оқыстан болған тұрмыстық жағдайдан болған қақтығыстан қазақ пен дүнген үшін әлі де жүректе сызат бар. Жазмышқа озмыш жоқ.. Жамбыл жұртының басына қандай қиыншылық түссе де біз орыс, қазақ, өзбек деп ешқашан бөлінбегенбіз. Тәуелсіздіктің дөңгелек датасы – 30 жыл толуы алдында   халқымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі биыл елімізге, әрбір отбасына ерекше  бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкеледі деп сенемін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең» демекші әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін мерекелі, берекелі күннің шаағаты жылдан-жылға  жалғасын таба берсін.

Еңсесі биік елімізде елдіктің іргесі сөгілмей,  бірліктің бесігі тербеле берсін. Мерекеден мерекеге басымыз аман, бауырымыз бүтін жетейік, барша қазақстандықтар!

 

Абдрахман  Зайнутдинов

Тараз қалалық өзбек этномәдени

бірлестігінің төрағасы

 

Биылғы жылы облысымызда  ҚХА және басшымыз Бердібек Мәшбекұлының бекітіп берген «Бейбітшілік пен келісім» жобасына аса назар адуарылып отыр. Осыған орай, Наурыз мейрамында, бірлік пен  бейбітшілікті және көктемгі жаңаруды паш ететін мерекеде, әрбір қазақстандық үшін қымбат және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратын мейрамда  барша қазақстандықтарға тілерім – бақыт, шаттық, береке! Аналар кеңесінің жетекшісі Гульхумор Довлатова басқарған тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері тәжік халқының «сумаляк» тағамын біз, жылда сүйіспеншілікпен дайындаймыз. Тәжік этносы үшін бұл мейрам «сумаляк» тағамын дайындаумен ерекшеленеді. Ежелгі уақытта сумаляк көктемгі егіс басталғанға дейін дайындалатын салттық тағам ретінде ұсынылған. Ол ұнтақталған бидай дәндерінен дайындалады, одан соң ұн араластырылып, қазандықтағы мақта майында 20-24 сағат бойы қайнатылады. Бұл тағам адамдарға күш-жігер беріп, рухани да, тағам ретінде де азықты болуға зор пайдасын тигізеді дегенсенім  бар. Бұл енді халықтың байырғы заманнан келе жатқан сенім-ниеті, бұл да бір тәжік халқының салт-дәстүріне жатады. Сондай-ақ, аталмыш тағамға дайындау сәтінде кішкене тастар қосылады екен, олар қазанның түбіндегі тағамның түбін күйдіріп алу қаупінен сақтану үшін қолданылады. Сіз егер, осындай тасты тамақтану кезінде ыдысыңыздан тауып алсаңыз, онда жасырын тілек жасауыңыз керек және ол міндетті түрде орындалады деген сенім бар тәжік халқында. Осыған қоса, «Сумалякты» дайындау барысында аталмыш тағамды  қыз-келіншектер бір дауыста әндерін шырқай, билерін билей жүріп, бір-бірімен әзілдесе, көңілді жүріп пісіреді.  Салқындағаннан кейін «сумаляк» толы ыдыс дастарханға қойылып, тілек тіленіп ауыз тиіледі. Тағамның « ақ ниеті» – қыстан аман-есен шыққанға ризашылық  және елде молшылық пен берекенің орын алуы.

 

 

Довлятова Ольга Юсуповна,

Жамбыл облысы Тәжіктер этномәдени бірлестігінің

мүшесі, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілі  

 

Осынау Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында баршаңызды еліміздің ең ұлы мейрамы, адам баласы  мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз Наурыздың тууымен құттықтаймын!
Күллі  шығыс жұртына ортақ Ұлыстың ұлы күні  Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Аспанда күн мен түннің теңесетін, ырысы мол мереке біздің жан – дүниемізді шуаққа бөлейді, ой – ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным-сенім бар.
Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесінде баршаңызды түркі, орыс, неміс демей, халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым – қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт – дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлес қосуларыңызды сұраймын.     Наурыз мейрамы туған күллі жұртшылыққа құт – береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Ибрагим Зуфаров

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі

 Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

 

Каждый представитель  разного этноса  проживающий в Казахстане вносит  свою лепту в процветанию нашей Родины. Этносы которые были по воле судьбы,  переселены на эту благодатную землю никогда не забывали и не забудут те тяжелые дни, когда казахский народ принял и помогал в становлении и призвании каждого этноса.

После этого  теперь мы ежегодно с радостью  отмечаем этот праздник «Наурыз». Мы ежегодно в предверии дня «Наурыз байрамы» со своими членами ЭКО проводим  благотворительные акции, празднуем.  Проводим дни открытых дверей для молодежи разных этносов, учеников школ и студентом колледжа. Разъясняя значимость этого праздника «Наурыз».   Проживая на этой благодатной  нам земле все этносы чувствуют себя гражданином единого народа и равноправного  Казахстана.

Я как председатель ЭКО, как  член АНК, уверена в будущем моих детей и внуков. Я благодарна казахскому народу и разным этносам,  мы вместе строим будущее нашему молодому поколению. И у нас есть что передать им – это наше единство, так, как Казахстан – наш общий дом. С праздником Наурыз байрамы Вас, друзья!

 

 

Председатель Уйгурского этнокультурного

объединения имени М.Кашгари

Турдыева Мухабат Абдрахмановна

 

Праздник Наурыз в Казахстане — один из самых древних и почитаемых. Пробуждается от зимнего сна природа, солнце ласкает теплом и светом землю, появляется первая зелень, распускаются цветы. Люди радостно ждут это весеннее обновление мира. Оно дарит им надежду на новую счастливую жизнь, богатый урожай, достаток и благоденствие.

Праздник Наурыз не только обновляет землю, дает ей новую жизнь, раскрашивает мир яркими весенними красками, он еще обновляет человека.  В этот светлый день ваши сердца наполнятся радостью и любовью. Прошлый год для нас был не простым. Пускай уходят горести и обиды, сожаления и боль утрат. Откройте возможность душе цвести, радоваться и радовать мир вокруг нас. Мейрамдарыңызбен, Қазақ елі!

 

Узденова Леля Ахмадовна,

председатель карачаево-балкарского

 этнокультурного объединения «Архыз»

 Жамбылской области

Узденова Леля Ахмадовна

 

 

 

 

 

Тараз қаласында облыстық этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен «Қазақ тілі – ғажап тіл» тіл фестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 19-наурызында Наурыз мейрамы мен Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай,  Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бірлескен  Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер арасында қазақ тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында «Қазақ тілі – ғажап тіл» тіл фестивалі өткізілді.

Мақсаты  – Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы

достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

      Іс-шара барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті  нығайтуға елеулі үлес қосқан өңірлік ассамблея белсенділері – әр этномәдени бірлестіктері өздерінің салт-дәстүрлерін дәріптейтін ұлттық көрмелерін өткізіп, қазақ халқына ұқсас салт-дәстүрлерімен бөлісті. Бұған қоса, арғыда Абай, Ыбырай, бергіде Фариза, Мұқағали, Қадыр сияқты  қазақтың белгілі ақындарының өлеңдері оқылып, заманауи танымал әндері мемлекеттік тілде нақышына келтіріліп оқылып, орындалды.

Бүгінгі өткізілген тіл фестивалінің негізгі міндеттері қоғамдық келісім мен этникаралық төзімділікті нығайту,  өзге этнос өкілдерінің ортасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеп, бейбітшілік пен келісімде  ұрпақтар сабақтастығын сақтауға жәрдемдесу, сондай-ақ Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерімен байланыстарды дамыту және ақпараттық-мәдени алмасуды жүзеге асыру болып табылады.

Іс-шараға ҚХА жұмыстарын жандандыру мақсатында бүгінгі фестивальге бар үлесін қосқан этнос өкілдері  ерен еңбектері үшін 21 наурыз күні марапатталмақ.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Таразда «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Үстіміздегі жылдың 18 наурызында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облыстық «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» бірлестігі мен «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ЖҚ, «Хабар» Агенттігі АҚ, «КТК» республикалық телеарнасының ұйымдастыруымен республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – қайырымдылық идеяларын насихаттау, белсенді азаматтық бастаманы дамыту.

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосатын және өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Еліміздің барлық өңірлерінен 2020 жылдың 01 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде конкурсанттарды іріктеу жұмыстары жүргізілді.

Наурыз мейрамы қарсаңында анықталған жеңімпаздар қатарында өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де болды. Атап айтсақ, облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрайымы Айша Идыбо, ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, ҚХА Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, сондай-ақ, Әдістемелік бөлімінің басшысы Аққу Қаратаева, көрме залының меңгерушісі Вера Майкович те қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлермен байланысты қоғамның игілігі үшін қызмет ету, көмек көрсету, ерікті негізде және ақысыз игі істер жасау, қайырымдылық іс-шараларын БАҚ-та үздік жариялау, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын материалдардың шығуын қамтамасыз ету номинациялары бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев» қорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім»

Баспасөз қызметі орталығы

Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында фокус-топтық зерттеу өткізілді

Бүгін – үстіміздегі жылдың 17 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен,  Талас ауданының  Қасқабұлақ ауылында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында «этно және конфессияаралық келісім» тобының жетекшісі Альбина Тапаеваның жетекшілігімен фокус-топтық зерттеу жүргізілді.

Фокус-топтық зерттеудің басты мақсаты – этносаралық жағдайдағы негізгі үрдістерді анықтау.

Аталған іс-шараға  ауыл тұрғындарынан 15 адам қатысты. Шара барысында респонденттерді толғандыратын мәселелер талқыланып, ауылдық этнос өкілдерінің ой-пікірлері ортаға салынды. Атап айтсақ, Қасқабұлақ ауылында суармалы жерлер, табиғи бұлақтар мен жер алқаптарын қалпына келтіру өзекті проблемалардың қатарынан орын алды. Алынған ақпараттың құндылығы сонда – пікірталасқа қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, ауыл мәселелерін талқылады.

Жиын соңы өзге этнос өкілдері жастарының  қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

    Қорытынды: осы мәселелерді шешу аталған аймақтың, әсіресе Талас ауданының дамуына оң әсерін тигізеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Жамбыл облысының Талас ауданында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Талас ауданында “Бейбітшілік пен келісім” жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік пен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізу бойынша этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті.

Жиынға этномәдени орталықтар өкілдері, облыстық, аудандық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, БАҚ тілшілері қатысты. Іс-шара барысында Ішкі саясат басқармасының орынбасары Сержан Сапарбайұлы Қуанышев аудан аумағындағы этномәдени орталықтардың жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, кездесуде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өскелең ұрпақ пен жастардың бойында белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру тұрғысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Бибігүл Шахзада,

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ басқармасы

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы