Кездесу өтті

Бүгін Достық үйі ғимаратында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты  «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедраларының студенттері мен КИСТ колледжінің студенттері Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тұрдыева Хамида облыстық ҚХА және жастардың негізгі қызметімен қысқаша таныстырып өтті. Сондай-ақ, студенттерге еріктілердің осы күнге дейін атқарған қомақты іс-шараларының бейнематериалдары LED-экранда көрсетіліп,  жастардың бойында  лидерлік қасиеттерін айқындайтын тренинг ұйымдастырылды. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен естелік суреттер түсірілді.

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

 

Мектеп медиациясы – уақыт талабы

ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың медиация институтын дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 16 сәуірде Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінде Байзақ ауданы ҚХА Медиаторлар қауымдастығы мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектеп медиациясы-уақыт талабы” атты облыстық семинар өтті. Семинарға әкімдік, ішкі істер, білім бөлімінің өкілдері, ауылдық қоғам қайраткерлері, педагогтар, мектептің ата-аналар комитеті және аудандық ҚХА медиаторлары қатысты. Онда білім беру саласындағы медиация институтын ілгерілету мақсатында жалпы білім беру мекемелерінде мектеп медиациясы қызметін (ММҚ) құру мәселелері талқыланды

Спикерлер өз сөздерінде Мектеп медиациясы жанжалды азайтуға жағдай жасайды және оқушыларға құрдастарымен ғана емес, ересектермен де қарым-қатынасты сауатты құруға көмектеседі деген пікірде болды.

Байзақ ауданы ҚХА Медиаторлар қауымдастығының төрайымы-Көшекбаева Ғайни Ақылбекқызы өз сөзінде түрлі мәдениетаралық және этносаралық қақтығыстар туындауы мүмкін көп ұлтты сыныптардағы ОММ рөліне назар аударды. Мектеп медиациясы әдісі мұндай даулардың алдын-алу әдісі ғана емес, сонымен бірге жанжалсыз ұлтаралық қарым-қатынас идеясын қалыптастырады, жасөспірімдерде олардағы мінез-құлықты тәрбиелейді. Мектеп медиациясы әдісі мұндай даулардың алдын-алу әдісі ғана емес, сонымен бірге жанжалсыз ұлтаралық қарым-қатынас идеясын қалыптастырады, жасөспірімдерде олардағы мінез-құлықты тәрбиелейді. “Біздің тату және көпұлтты республикамыздың көпжылдық тәжірибесінде бірлікте-біздің күшіміз деп айта аламын! Көші-қон процестерінің күшеюіне байланысты этносаралық жанжалды азайту үшін балаларымызды өз халқының дәстүрлерін құрметтеуге ғана емес, басқа ұлттардың салт-дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге үйрету қажет! Мұнда қауіпсіз кеңістіктің индикаторы ретінде медиацияның маңызды рөлі бар!”Одан әрі ҚХА медиаторы қатысушыларды медиацияның әдістемелік негіздерімен және оның білім беру жүйесінде қолданылуымен таныстырды. Оқыту интерактивті тренинг форматында жүргізілді, онда Инновациялық технологиялар қолданылды: кейстер, бейнероликтер көрсетілген квесттер, іскерлік ойындар. Мектеп әдістемелік қызметінің кураторлары мектеп медиациясы бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.

Осы семинар аясында мектептегі медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды! Мектептегі медиация қызметі бұл дағдыларды тек мектеп алаңында ғана емес, сонымен қатар болашақтағы іс-әрекеттерді қолдана отырып, дау-дамай жағдайында өзін-өзі ұстаудың жаңа мәдениетін қалыптастырады деп сенеміз.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз қалалық Мемлекеттік университетінде Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы қарсаңында «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының мәдени іс-шарасы өтті.

Осыған орай, аталмыш университеттің “Мәдени-тынығу жұмысы” факультеті студенттерінің қатысуымен осы тәуелсіздік мұратына өмірлік, өнегелік еңбегімен зор үлес қосқан ұлы тұлғаларымыздың қатар келген мерейтойларына арналған театрландырылған композициялық қойылым көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ елінің ағартушы қоғам қайраткерлерін рухани жаңғырту негізінде жастардың ұлттық-рухани мәдениетін қалыптастыру.

Концерттік қойылымда ұлы тұлғаларымыз – Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Мұқағали Мақатаевтың бейнелері сахнада көрініс тауып, олардың шығармалары көрермен назарына ұсынылды.

Концерттік қойылым соңында  университет ректоры Ержан Әмірбекұлы көрермендер мен қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, 1-курс студенттеріне алдағы уақытта таланттарының шыңдала түсуіне тілек тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының жетекшісі, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, профессор Айгүл Кабиқызының ықпалымен және ұйымдастыруымен өнер көрсеткен және «Дулати жастарының»  ізбасарлары ретінде қалыптасып келе жатқан 1-курс  білімгерлеріне алдағы өнер жолдарына шығармашылық табыстар тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

#тәуелсіздікке30жыл

Рамазан – игі істер айы

Рамазан айында Жамбыл облысы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі шаһардағы аз қамтылған және көпбалалы 40 отбасыға азық – түлікпен көмек көрсетті. Қиын сәтте өзгенің жүгін жеңілдетіп, пана болу адамгершілік қасиеттің асылы. Акция ұйымдастырушылары аз қамтылған отбасылар мен көмекке зәру жандарға қолда барымен бөлісті. Қайырымдылықтың жалпы соммасы  400 000 теңгені құраған. Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазанда жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болғай!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі

саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталығы

Дәулет Кәрібек облыстың этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті

Бүгін жуырда ғана Әулиеата өңірінің бас идеологы атанған, облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында Дәулет Жамаубайұлы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедованың, Жамбыл облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени» бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиқызының баяндамаларын тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.

«Дүниежүзі қазақтары» қауымдастығы мен «Отандастар» қоры Жамбыл облыстық фронт офисінің директоры – Төлебаев Арқабек Төлебайұлы өңірдегі қандастарымыздың түйткілді мәселелері бойынша сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар кездесу барысында облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері бірқатар ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі

саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталығы

Көктем әні

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Көктем әні» атты концерт өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, неміс этносының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дүйім жұртқа паш ету, сондай-ақ, аталмыш этностың мәдениетімен таныстыру.

Жиынға Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері,  Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және ЭМБ жетекшілері қатысты. Мерекелік концерт барысында «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гибнер Александр Абрамович ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап сөз сөйлеп, «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне ерекше еңбегі сіңген, «Поющие сердца» вокалдық ансамблінің  белді мүшесі Алла Сергеевнаның 75 жылдық мерейтойымен құттықтап сый-сияпаттарын табыс етті. Сондай-ақ, дәл осы күні өмірге келген Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциацясының Ақсақалдар алқасының мүшесі Сулейманов Абдукарим Исаевичтің 80 жасы да ерекше аталып өтті.  Туған күн иелеріне арнап «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы құрмет грамоталарын мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Концерт барысында «Juwel» және «Поющие сердца» вокалдық ансамбльдері, Алла Сергеевна,  Фирсов Андрей, Эльвира Ропперт, Эльвира Чардаш әуезді әндерімен тыңдарман жүрегінен жол тапты. Ал, «Эремурус» би ансамблі қазақ, өзбек, неміс, татар халықтарының ұлттық билерін және «Көктемгі танго» атты тамаша туындынымен көрерменді көзайым етті.  Әсіресе тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, ерекше әсер сыйлаған  Андрей Фирсовтың орындауындағы «Бір үйдің баласындай» әні мен қазақ биі  болды.

Аталған шаралар легі күз мезгілінің соңғы айларына дейін жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі

саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталы

Ассамблеяның алдағы сессиясынан күтер үмітім зор

Ассамблея – тұрақтылық пен бейбіт өмірдің мызғымас мекені, татулық пен ауызбіршіліктің берік бітімі, достық пен бауырластықтың айнымас болмысы. Ол, саналы ғұмырымыздағы ел бірлігін сақтаған және халықтар достығын ғасырларға жеткізетін бірегей институт.

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, халықтардың рухани-мәдени ортақтығы, азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде  мемлекетіміздегі  этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Алда Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-шы сессиясы өтеді. Сәйкесінше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Ассамблеяның  барлық мүшелерін «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты кезекті сессиясына шақырды.  Сессия  – Ассамблея мүшелерінің жиналысы. Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.  Жыл құсында әр көктемде бір рет қана өтетін жиында Қазақстан халқының ауызбіршілігі, атқарып жатқан жұмыстар, маңызды құжаттары,  рухани-мәдени салалары, діні, тілі т.б. көптеген мәселелері ортаға салынып ортақ шешімдері табылады. Әр сессияда көкейдегі сан-сауалдың шешімі табылатын болғандықтан, биылғы жылғы жиынды да асыға күтіп отырмыз.

Мен, алдағы сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған ғылыми сараптамалық топта қандай өзгерістер болатынын білгім келеді. Сондай-ақ бұл мен үшін және ғылыми салада жүрген менің барлық әріптестерім үшінде аса маңызды деп білемін. Неліктен мен ғылыми сараптамалық топқа ерекше екпін түсіріп отырмын? Себебі,  Қазақстан халқы Ассамблеясындағы жанын құрылған ғылыми сараптамалық топ әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму тенденцияларына, этносаралық және конфессияаралық қатынастарға сараптамалық баға беру, қоғамдық келісімді нығайтып, өзара ынтымақтастықты қалыптастыруда рөлі өте зор. Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық қолдау,  аймақтағы ұлтаралық, конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмегі мен атқаратын қызметтері тіклей аталған бөлімге арқау болып келеді. Сонымен қатар, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, ұлтаралық келісімге қол жеткізуде демократияны дамытудағы азаматтық институт ретіндегі ассамблеяның рөлін арттыруға ғылыми сараптамалық топ ерекше дем беріп келеді.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасына аймақтағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясат саласындағы ахуалға ғылыми-сараптамалық баға берілген ақпарат пен материалдар ұсынып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында тәжірибе алмасу және зерделеу үшін халықаралық ұйымдармен және осыған ұқсас шетелдік құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруда ғылыми сараптамалық топтың басты функцияларының біріне жатады.

Сөзімді түйіндей келе бірлікке басымдық берген елде тірліктің де дәрежесі жоғары, жарасымдылығы да өміршең келеді демекпін. Олай болса  ел үміт еткен сессия сенімімізді ақтап,  Ассамблеяның  арқасында ауызбіршілігіміз жандана берсін.

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ішкі саясат басқармасы

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Мамедова Парида Иманжанқызы 

 

 

 

 

 

Бала бақытынан асқан не бар?

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мұрындық болуымен «Ізгілік айы» қайырымдылық шаралар легі жалғасуда. Соның бірі бүгін Достық үйінде осал топтар, әлеуметтік жағдайы аз қамттылған, көп балалы және әлі күнге дейін құжаттары рәсімделмеген отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясы өтті.

Қасиетті айдағы қайырлы іске Еуразиялық экономикалық одақ, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы және Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдау білдірді.

Балалардың жағдайына алаңдаған облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің өкілі Лола Давлатова жоғарыда аталған қайырымдылық ұйымдарына хабарласып көмек қолын созуды сұраған.

Акция аясында 44 балаға оқу-құралдары, жеке гигиенелық заттарға толы күнделікті мектепке және спорттық киімге арналған қос сөмкелер таратылды.  Сонымен қатар, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы балалар мен ата-аналарының құжаттарының рәсімделуіне де өз көмектерін беретіндерін тілге тиек етті. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға барлығы 200 мың теңге жұмсалған. «Ізгілік айы» атты қайырымдылық шаралар легі рамазан айының соңына дейін жалғасатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Достық үйінде «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында «Вольф Ирина. Халықтық мерекелер» атты көрме өтті.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Достық үйінде  «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында  «Вольф Ирина. Халықтық мерекелер» атты көрме өтті.

Көрменің мақсаты – Қазақстан этникалық топтарының мәдениетін халық арасында таныстыру және танымал ету, қазіргі әлемде қазақстандық мәдениетті насихаттау; отансүйгіштік пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында біздің алдымызға қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жаңа ауқымды міндеттер қойып отыр. Оның негізгі шарттарының бірі – мемлекеттің ұлттық стратегиясының бөлігі ретінде өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау, оның іргелі негізін патриотизм құрайды.

Ирина ВольФ жеке көрмесі ҚХА «Алауан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» мәдени-ағартушылық жобасына жоспарланған 10 көрменің үшіншісі.

Жоба әдеби, көркем, мәдени аспектілер арқылы қазақстандық алуан түрлілі этностарды рухани-мәдени танымал етуге бағытталған. Сонымен қатар,  қазақ халқының заманауи суретшілері мен Жамбыл облысының этникалық топтарының көркем шығармашылығын зерттеу арқылы қазақ халқының және түрлі этностардың дәстүрлі мәдениетін тануды көздейді.

Ирина Вольф 1971 жылы 28 қарашада дүниеге келген. Ол, Абай атындағы Жамбыл облыстық гумманитарлық колледжінде және «Әулие-Ата» университетінің көркем өнер бөлімін тәмамдаған.

Ирина Валерьевна бүкіл өмірінің өнермен байланысты болғанына қарамастан, ол өз жұмысымен жақында ғана айналыса бастады. Бұл суретшінің алғашқы дебюттік көрмесі деп айта аламыз.

Ол тоқуды жақсы көреді, графикалық техникада, қарындаштар, фломастерлер, шарикті қаламдар арқылы сурет салуды ұнатады. Қазіргі уақытта №40 мектеп-гимназиясында сурет мұғалімі болып жұмыс істейді.

Көрмеге суретшінің 26 туындысы қойылған. Ирина Валериевна – кең ауқымды суретші, графикалық жұмыстарды да, сәндік-қолданбалы өнерді де  тамаша жасайды. Сондай-ақ, оны суық батик пен көп қабатты киізден жасалған картиналар техникасымен және талғампаз графикамен жұміс істеу қызықтырады. Көрменің тақырыбы – «Халықтық мерекелер». Көрмеге батик техникасында жасалған панно, көп қабатты киіз және графикалық парақтар қойылды.

Көрмеге  суретші «Неміс халық ертегілері», «Халық музыкасы» және «Халықтық мерекелер» атты үш үлкен сериясын  ұсынды. Туындылар өте талғампаздық таңдалған түстермен, кейіпкерлердің жарқын және алуан – түсті болмыстарымен сондай-ақ, әдемі әзілді картиналармен ерекшеленді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

Таза қаланың тынысы кең

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының жастары және ассамблея еріктілері «Taza Alem» атты экологиялық сенбілік өткізді. Қаламыздағы Балуан Шолақ көшесі бойындағы «Майская роща» мәдениет және демалыс саябағында өткен сенбілік қаламыздың әсем келбетін сақтауына өзіндік үлестерін қосты.

Шараға қатысушылар қоқысты жинайтын арнайы жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етілді. Сенбілік өткізудің басты мақсаты –жастардың назарын қала аумағын таза ұстауға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аудару. Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Қазір сенбіліктердің қажеттілігі жоғары. Қоршаған ортаға, оның ахуалына қамқор адамдардың саны өсіп келеді. Жастардың пайымдауынша, мұндай акциялар барысында ортақтасып еңбек ету көпшіл болуға, бір-біріне ықылас танытуға дағдыландырады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.