Ақпарат

Үстіміздегі жылдың желтоқсанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Жастар арасындағы қазақстандық бірегейліктің жалпыазаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтуда ғылыми шығармашылық интеллигенцияның рөлін арттыру» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау тұрғысында жас ұрпақтың сана сезімін жетілдіру, этносаралық бірлік пен патриотизмді дамытудағы этномәдени бірлестіктер қызметінің маңыздылығын талқылау, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау.

Жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері (барлығы-40 адам) қатысты.

Отырыстың модераторы болып «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары Мамедова Парида Иманжанқызы жүргізді.

Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының жетекшісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі «Жастар арасында қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі қырлары» тақырыбында баяндамасын оқып қатысушыларға өз ойын жеткізді. Сондай-ақ, аталған оқу орнының оқытушылары «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы «ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы – өзінің конституциялық саяси құқықтарын жүзеге асыруының негізгі нысаны» тақырыбында, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Еменова Гүлнар Болатбекқызы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда жастардың саяси белсенділігі мен саяси мәдениетін арттырудың маңызы» тақырыбында баяндамаларын оқып өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, тиісті резолюция қабылданды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы


Әулиеата өңірі – татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара келісімнің ордасы

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ол қызметі мен жасап жатқан жұмысы бір-біріне ұқсамайтын, алайда, қоғамымыз үшін маңызы зор көптеген кеңестер мен орталықтарды, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіріп отыр. Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері мыңдаған келелі мәселелердің шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, тіпті, қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелерді шешуге де көшбасшы болып келеді. Ассамблеяға артылған қай міндет болмасын, еліміздің біртұтастығына ықпал етіп отыр деуге болады.

Қасиетін халқы таныған, киесін көпұлтты жұрты мойындаған Әулиеата жері – қашан да татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара келісімнің ордасы болған өлкелі өңір. Мұнда бүгінде татулығы жарасқан, бірлігі ұласқан 87 этнос өкілдерінің басын қосқан 75 этно-мәдени бірлестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында аянбай еңбек етуде.

Осы достықтың отын жаққан 75 ұйымның 34-і қоғамдық аккредиттеуден өтіп, Ассамблея құрамына енген. Ұлы бабаларымыз өз заманында «Бақыттың кілті – достықта, достықтың кілті – халықта» деп, ұрпағына ұлағатты өсиет қалдырған екен. Ал, жас Қазақ елі бүгінде – осы достықтың кілтімен әрбір жүрекке шуақ шашқан киелі елге айналды. Сол мемлекет дамуының символындай болған татулық пен бірлік – егемен елдімізді төрткүл дүниеге танытты. Сондықтан да, мәні жоғары, мәртебесі биік этносаралық қатынас Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саяси бағытындағы мемлекеттік идеологияның ажырамас аса маңызды салалардың бірі болып табылады.

Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгінде Ұлы Дала елінде этносаралық саладағы барлық жұмыстың жүйесін жаңғырту кең ауқымда іске асырылуда. Бүгінде біздің өңірде «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына енуі ойдағыдай жүзеге асырылды. Сондай-ақ, ұлтаралық қатынастар мәселелері бойынша осы бөлімге 5 штат бірлігі бөлінді. Сонымен бірге, республикалық әдістемелік ұсыныстарды ескере отырып, этносаралық қатынастарды дамытудың 2021 жылға арналған ведомствоаралық типтік жоспары жасалды.

Бұдан өзге тиімді және нәтижелі жұмыс істеу үшін облыс ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қызметі қайта қарауға тура келді. Егер бастапқыда кеңестер пен клуб саны – 11 болса, қазір олардың саны 7-ге қысқарды. Жұмыс сапасы арттыруға бағытталған бұл қатарда – ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, шеберлер клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты, қоғамдық келісім, медиаторлар және аналар кеңестері бар.

Сонымен қатар, Республикалық деңгейде Аналар және Медиация кеңестерімен бірлескен іс-шаралардың мониторингі құрылды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың түйткілді мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік желілерде 896 адам тіркелген өңірлік «Аналар» сайты ашылды. Алдағы уақытта ҚХА-ның басқа да құрылымдарымен жұмыстар жүргізілу жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясында медиация институтының рөлі өте зор, өйткені бұл этностар өкілдері арасындағы бірлік пен келісімді барынша нығайтуға ықпал етуде.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сенім телефоны орнатылған медиация кабинеті мен қоғамдық қабылдау жұмыс істейді және тұрғындарға практикалық, медиациялық көмек көрсету үшін облыстағы 40 медиация учаскелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Медиаторлардың жұмысына үлкен мән берілуде.

Қоғамдық медиаторлардың бірыңғай тізімі құрылып, осы орайда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күні 100 медиатор дәріс алып, оның 40-ы қазіргі кезде іс жүзінде жұмыс атқаруда. Есепті кезеңде оларға 571 азамат жүгініп, олардың жанжал мен даулы 448 жағдайын оң шешуға қол жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,4% артық.

Жалпы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 390 160 000 теңгеге 42 898 адамға қайырымдылық көмектер көрсетті.

Мысалы, Ассамблея мүшелері өңірде алғашқылардың бірі болып техногенді апаттан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына 10 млн. 160 мың теңгенің 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегін жөнелтті. Сондай-ақ, өңірімізде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және алдын-алу мақсатында облыстағы Ассамблеяның мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 25 600 адамға 160 млн теңгеге түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның ең басты мақсаты – облысты мекендейтін барлық этнос өкілдері арасындағы татулық пен берекелі бірлікке сызат түсірмей, олдарды алаңдататын өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығару және оны тез арада шешуге негізделген.

Осындай игі істердің нәтижесінде 7 ауданда 5 топ мүшелері 20 мыңнан аса адамды қамтитын 500-ден аса іс-шара өткізді. Жергілікті 355 тұрғынның мәселесі шешілді. Сонымен қатар, этникалық топтардың тығыз орналасқан жерлерінде «Қазақстан аймақтарындағы этносаралық жағдай» тақырыбында фокус-топтар да ұйымдастырылып, қазір өз жұмыстарын жауапты түрде жалғастыруда.

Дүниені әлекке салған пандемия салдарынан жүздеген іс-шаралар онлайн режимінде ұйымдастырылды. Олардың қатарында, ғылыми семинар мен «дөңгелек үстелдер» отырыстары, ашық сұхбаттар мен тарихи-танымдық

конференциялар, тақырыптық кездесулер мен этникалық тарих сабақтары бар.

Бұған қоса, қазіргі уақытта қоғамдағы тұрақтылыққа аса зор назар аударып отырған Қоғамдық келісім кеңестері Үкімет пен тұрғындар арасындағы әмбебап диалог алаңына айналғаны уақыт ақиқаты. Жасыратыны жоқ, Қордай ауданында орын алған келеңсіз жағдай, бәрімізге – үлкен сабақ болды. Ендігі міндет – осындай жағдайға жол бермеу болып табылады. Нақтырақ айтқанда, қазіргі уақытта бүкіл облыс көлемінде 200-ге жуық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайланады. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Қоғамдық келісім кеңестерімен санасатынын да байқап отырмыз. Демек, бұл Кеңестердің айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны барын, беделінің артып келе жатқанын аңғартады. Осы орайда, облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмыстарына тоқталатын болсақ, Жамбыл облысында пандемия кезінде қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмысы жайлы айтар болсақ, Жамбыл облысында 1 облыстық, 10 аудандық, 3 қалалық, 154 ауылдық округтер мен 13 ірі мекемелерде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс жүргізілуде. Достық үйінде облыстық Қоғамдық кеңес және ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі бірлесуімен құрылған 4 топ «Бірыңғай ашық есік күні» аясында тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша қабылдаулар жүргізді, 45 адамның өтініші мен тілегі тыңдалып, 20 мәселе өз шешімін тапты және 25-і тиісті орындарға жолданды. Жамбыл облысында ҚХА қоғамдық келісім кеңестеріне екінші тоқсанда 404 өтініш келіп түсті, 299 өтініш өз шешімін тапты,105-і орындалу үстінде. Атап айтқанда, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен және ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлер салу үшін жер беру, аялдамалар салу және т.б бойынша 147 мәселе, көп балалы, жағдайы төмен, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек беру, аймақтарды абаттандыру бойынша, мектептер үшін кітаптар сатып алу, иесі жоқ иттерді аулау, елді-мекендегі тұрғындардың қауіпсіздігі, жеке меншіктің жиі ұрлануына байланысты мәселелер, тұрғын үй, ғимараттар мәлеселері бойынша 60 мәселе, қайырымдылық жұмыстар: қарияларға көмек көрсету, өрттен зардап шеккендерге үйді жөндеуге қаржылық көмек көрсету бойынша 49 мәселе шешімін тапты.

Мұндай тәжірибе Қордай өңірімен ғана шектелмей өзге этнос өкілдері тығыз орналасқан Шу, Мерке, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында қоғамдық келісім кеңестерінің саны арттырылып, сонымен қатар, бірлескен Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша 87 Қоғамдық келісім кеңестерінің ішінен 12 Бірлескен Қоғамдық келісім кеңесі жаңа бағытта жұмыс атқаруды белсенді қолға алды. Бұл жұмыс облыстың басқа аудандарында да жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Тараз қалалық Достық үйі жанынан өздеріңізге белгілі волонтерлар қозғалысы орталығы да ашылған. Ол әлеуметтік, білім, спорт, медиациялық бағыттар бойынша және облыстық «Жібек жолы жастары», «Біз біргеміз», «Ақ Сұңқар», «Достық», «Ізгілік елшілері» волонтерлық орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Жамбылдық этномәдени бірлестіктің белсенді жастары Тараз қаласындағы Қан орталығында «Ерікті донор» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Тараз қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе отырып, «NEXT ЧЕМПИОНМЫН!» республикалық акциясын өткізді. Акция аясында танымал спортшылардың қатысуымен «армрестлинг», «асық ату», «тоғызқұмалақ», «шахмат» және «футболдан» шеберлік сағаттары мен жарыстар 50 тәрбиеленуші арасында ұйымдастырылды. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы – бұл жастардың тәуелсіз Қазақстаннның стратегиялық бағытын тұрақты қолдауының айғағы. Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясы ұрпақтар сабақтастығына, жастар қозғалысы көшбасшыларын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта «Айбын» әскери-патриоттық клубы құрылды. Клубтың мәдени, танымдық, зияткерлік сабақтары мен саяхат жасау және елмен араласу бағдарламалары бар. Бұл істерге қатысу жасөспірімдер бойында жаңа қазақстандық патриотизмді, жауапкершілікті дарытып, достықты бағалай білуді және мемлекеттің қолауын сезінуді қалыптастырады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастары ұлттық тағамдарды дайындау «Этнодастархан», «Достық дастарханы», «Ұлы Жеңіске рахмет», Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған, «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай өзге этностардың тілдерінде өлеңдер жариялау, «Бірлігіміз жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан!» атты этномәдени бірлестіктердің патриоттық әндерді орындау челлендждері және Әлеуметтік желілерде «Ұлтаралық келісім», «Тілім менің-тірегім» тақырыптары аясында «Біз біргеміз!» телемарафоны ұйымдастырылды.

Ассамблея жастары #Bizbirgemiz!, Мақтаралға көмек”!#, бірыңғай республикалық акциясы аясында және «1 маусым – Халықаралық балалар күніне» орай, «Жаңғыру жолы», «Ақ желкен» жастар лигасы Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы Гродеково ауылының 75 тұрғынына 780 000 теңге көлемінде, өрттен зардап шеккен грек отбасына 500 мың теңгеге көмек көрсетті. Облыстық ассамблея волонтерлері «ҚХА жастары -2020» имиджбордының аясында «Еркін сөйле» пікірталас-алаңдарын ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық қызметті үйлестіру. Осыған байланысты облыстық ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктер барлық іс-шараларында қайрымдылық қызметті қатар атқарып келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары – Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар

кеңесінің қызметінде қайырымдылықты дамытуға ықпал ету шаралары қарастырылған. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 420 000 000 теңгеге 43 мың адамға көмек көрсетті.

Ассамблея мүшелері техногенді апаттан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына 10 млн 160 мың теңгеге 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Өңірімізде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында облыстық ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 25600 адамға 160 млн теңгеге түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Облыста мемлекеттік тілді оқытуда Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облыстың этномәдени бірлестіктері арасында меморандум жасалған.

Достық үйінде «Мәміле» клубы жұмыс істейді. 12 отырыс өткізілді. 24 мәселе қаралып, оған 480 адам қатысты. Клуб өңір аудандарында 10 көшпелі отырыс өткізді, 22 мәселе қаралды, оған 1100 адам қатысты. «Мәміле» клубының отырыстарына барлығы 1580 адам қамтылды. Клуб отырыстарына спикер ретінде белгілі 24 тіл маманы қатысты, олар қазақ халқының тарихы, мәдени мұрасы, салт-дәстүрі мәселелерін қозғады.

ҚХА-ның «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы бойынша облыста 6 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы, «Асыл сөз» шешендік өнер мектебі, латын графикасы бойынша «Sen de bir kirpish dúnіege» шығармашылық конкурсы, этномәдени бірлестіктердің жастары арасында әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша #ózim týraly акциясы, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы және «Тілдер күнін» мерекелеу аясында облыстың барлық өңірлерінде латын графикасында жалпы қазақстандық диктант өткізіледі.

Облыстық штаб мүшелері В.Трегубова, Р. Прияхина мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктері үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев және ҚХА төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар клубы 2015 жылы құрылған. Клуб құрамына этносаралық тақырыптарды баяндайтын республикалық және өңірлік БАҚ-тың 20-ға жуық журналисті және этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар кіреді. Клуб толеранттылықты нығайтуға, мемлекеттегі этносаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени қоғамды сақтауға ықпал етуге; журналистік этика қағидаларын сақтауға, дамытуға және енгізуге, сондай-ақ этносаралық тақырыпты жариялау мәселелерінде журналистік қоғамдастықта жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, қоғамдағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты

нығайту бойынша ұсыныстар дайындайды; этносаралық сипаттағы тақырыптарды дұрыс жариялау бойынша республикалық және облыстық БАҚ үшін ұсынымдар әзірлейді. Жылына екі рет облыстық ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтіп, онда жыл қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар, кеңейтілген отырыста қатысушылар медиа-БАҚ саласындағы өңірлік табысты жобаларын, әлеуметтік желідегі қауымдастықты, сондай-ақ ҚХА қызметін белсенді насихаттайтын бірнеше БАҚ өкілдері марапатталады. Сондай-ақ, отырыстарда Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жүргізіп отырған жұмыстары туралы халықты тиімді және кеңінен ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру жолдары қарастырылады. Клуб аясында жыл сайын этножурналистика саласында облыстық «Бір шаңырақ астында» шығармашылық байқауы өткізіліп, жеңімпаздар республикалық және облыстық көлемде марапатталып отырады. Нәтижесінде, жүлдегер болған БАҚ өкілдерінің қатарында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқаны үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисті Ильдар Гизатуллин Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын облыс көлемінде насихаттағаны үшін алғыс хат иеленді.

Бір сөзбен айтқанда, татулық пен бірлікті ту еткен барлық құрылымдар бірыңғай негізде, ортақ міндеттер мен бағыттар бойынша атқаратын болады.

Жамбылдықтар, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізін қалаушы, төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тұрақтылық пен келісім – бұл жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа жүргізіліп отыратын күнделікті жұмыс болуы тиіс» деген терең ойлы, дана сөзін үнемі басшылыққа алып отырады.

Сондықтан да, мемлекет дамуы мен өсіп-өркендеуінің темірқазығына айналған – этносаралық татулық пен өзара келісімді сақтау және оны бағалай білу әрқашан да аса маңызды. Өйткені, мемлекет байлығына айналған ынтымақ пен бірлікті сақтау – үздіксіз іске асырылатын аса жауапты сала және көпұлтты халқымыздың ортақ парызы. Татулық пен ынтымаққа бастаған ұлы жолда сапарымыз сәтті, жолымыз ақ болсын, ағайын!

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Убайдуллаева Рано Махсұдқызы

Таразда «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындыланды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дарынды жас ғалымдарды қолдау, өңірдегі жастардың ғылыми сарапшылық әлеуетін арттыруға және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындылады.

Байқауға жалпы 60-қа жуық жұмыс қабылданып, сарапшылар сынынан өтті.

Жиынға ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының мұғалімдері қатысты.

Аталмыш іс-шараның қорытындысы бойынша облыстық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері – Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназия мектебінен Лаубай Тоғжан Құралбайқызы мен Меркі ауданының Т.Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясынан Исақұлова Дариға Таулынқызының жұмыстары үздік деп танылды. Тараз қалалық №15 мектеп-гимназиясынан мұғалімі Сәрсенбай Гүлмира мен Тараз қалалық №6 орта мектебінен Королева Анастасия ІІ орынды иеленсе, сондай-ақ, ІІІ орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы Еменова Гүлнар мен Тараз қалалық С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінен Абитова Мереке иеленді.

Қорытындылай келсек, байқау шарттары бойынша өңірлік кезеңде үздік деп танылған жұмыстар республикалық кезеңге жіберіледі. Байқауға қатысушылардың барлығына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің дамуына ықпал еткен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің дамуына ықпал еткен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқан БАҚ өкілдері марапатталды.

Жүлдегер болған БАҚ өкілдерінің қатарында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқаны үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисті Ильдар Гизатуллин Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын облыс көлемінде насихаттағаны үшін алғыс хат иеленді.

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ марапат иелерін шын жүректен құттықтай келе, жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болуына шын жүректен тілектеспіз және де еңбек жолдарыңызда шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы

«Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді.

Жобаның басты мақсаты мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту.

Іс-шараға әр номинация бойынша барлығы 14 үміткер қатысты. «Мың бала» жобасы «Тіл мектебі», «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» сынды 4 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары номинациясы бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Аманбаева Айжан Шакировна І – орын, Қордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Макашева Айсулу Қасембайқызы мен Тараз қаласы, №24 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Абильдаева Бекзат Нуркеримовна ІІ – орын, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Сапарбаева Нұршакүл Cерғазықызы ІІІ – орын иеленді.

«Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу номинациясы бойынша Сарысу ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Фахрутдинова Алсу Данировна І – орын, Тараз қаласы, № 34 орта мектебінің 6 сынып оқушысы – Даутова Сафия Сайфутдиновна ІІ-орын алса, Тараз қаласы,Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 11 сынып оқушысы – Идрисова Анеля алғысхатпен марапатталды.

«Тиімді тілдік орта» ойын алаңы номинациясы бойынша Меркі ауданы №44 ЖББМ 7 сынып оқушысы – Забитов Хаджи Сайрапович және Тараз қаласы, №39 орта мектептің 7 сынып оқушысы – Тешаева Хушафруз алғысхатпен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы – Мамедова Даяна І – орын, Қордай ауданы, №4 Б.Бөлтіріков атындағы мектеп-лицейдің оқушысы – Сурина Мария ІІ-орын, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы – Ибрагимова Севиля ІІІ – орын иеленді.

Ал, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы – Шахмамедов Эмран, Тараз қаласы, №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның 6 сынып оқушысы – Назарова Мафтуна алғысхатпен марапатталды.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Биылғы жылы облысымызда «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары бойынша жалпы 442 білім беру мекемелерінде жұмыстар жүргізілді. Оған әртүрлі этнос топтарынан 5782 бала қамтылды.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы




Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдениет күні өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдениет күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен өтті.

Дәстүрлі түрде өтетін этнос күні «Singende Herzen» вокалдық тобының 10 жылдық мерейтойлық концертімен тұспа-тұс келді. Айта кетейік, вокалдық топ жетістіктері үшін бірнеше рет көптеген хаттармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталған. Этнос күнінде ансамбль: «Zu tirol gehört das jodeln», «Mein schatz» «Das rote Pferd», «Schön ist die Jugend» сияқты халық әндерін орындады.

«Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнердің айтуынша, бірлестіктің барлық мүшелері дәстүрлерді сақтауға, тіл үйренуге және ұлттық мерекелерді бірге атап өтуге белсенділік танытады.

Александр Гибнер, «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті:

«Біз барлық мемлекеттік мерекелерді бірге тойлаймыз. Біздің ансамбль мемлекеттік және ұлттық мерекелер кезінде қала сахналарында өнер көрсетеді. Барлығымызды музыкаға және неміс мәдениетіне деген сүйіспеншілік біріктіреді ».

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы





Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы 15 одақтас республика өзінің даму жолына түсті. Көптеген елдерден айырмашылығы, Қазақстан әрқашан өз бағытынан тайған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын дағдарыс кезеңі деп атауға болады. Түрлі экономикалық қиындықтар болды, адамдар айлап жалақы алмады, көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Осы кезеңде Қазақстанға елдің ахуалын түзетіп, дұрыс экономикалық жол таба алатын тұлға қажет болды. Ол – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еді. Сол тұста Мемлекет басшысы «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» қағидасы бойынша әрекет ете бастады. Қазақстанның инвесторларды тарту арқылы экономикалық батпақтан шыға бастаған жылдары жақсы есімде. Бірақ экономикалық мәселеден де басқа бірқатар түйткілдер күн тәртібінен түскен жоқ. Саяси жүйені де жетілдіру қажет болды. 90-шы жылдардың басында қазақстандықтардың шет мемлекеттерге көшіп кету деректері көбейгенін көзімізбен көрдік. Осыған байланысты Мемлекет басшысы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында өзара тиімді іс-қимыл жасап, халықтың бірлігін нығайту мақсатында жұмыс істейтін институт құру қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Осылайша, 1995 жылы наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа қоғамдық ұйым – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Жуырда өзге де дамыған мемлекеттер біздің елдің осындай ұйымдарды құру тәжірибесін енгізе бастады. 25 жыл ішінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ел үшін үлкен рөл атқарды. Расында, біздің жағдайымыз шат-шадыман, көрші елдермен қақтығыстарға бармаймыз. Тұрақсыздықтың көптеген мысалдары бар. Көрші Қырғызстанда, Украинада, Белоруссияда, Арменияда және Әзірбайжанда болған оқиғаларға көз жүгіртуге болады. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз, бұл ретте біздің Тұңғыш Президентіміздің атқарған істері орасан. Ол тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартты. Халықаралық аренада Қазақстан өзге мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу процестерінде маңызды рөл атқарады. Бізде көптеген ұлтаралық және конфессияаралық форумдар өткізіліп тұрады. Бұл біздің елдің толеранттылық деңгейін көрсетеді. Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыруда. Ол бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында нәтижелі еңбек етуде. Мен барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл – ел үшін маңызды дата. Нұрсұлтан Әбішұлы тілге тиек еткендей, елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, басымызда көк аспан орнасын!

Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, қазіргізаманға қатысты тағы басқа да игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек – қателеспейміз. Бұл – ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

Елбасы ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алды. Тәуелсіздікке жиырма жыл толмай жатып-ақ елімізді Еуропа төріне шығарып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен мемлекеттер ретінде мойындалып отыр.

Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Айгүл Кабиева

«ӘУЛИЕ АТА» қазақ мәдени

орталығы төрағасының орынбасары,

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі

Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Дәл осыдан 29 жыл бұрын, яғни,1991 жылдың 1 желтоқсанында ұлттық сайлау нәтижесі бойынша – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып қайта сайланды.

Кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне үлкен үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы бола білді. Ол – бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді тұғырлы eту жолындағы қиын бeлeстeрдeн халқын аман алып өтті.

Тәуeлсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап-ақ Елбасымыз білім және ғылым саласын дамытуға айрықыша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда елі-міздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес жетілдіріліп келеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, еліміздің талантты жастарын шетелдік озық университеттерде оқытуға мүмкіндік алдық. Арадан өткен осы жылдарда бұл бағдарлама бойынша көптеген қазақстандық жастар әлемдік деңгейде білім алып, бүгінде экономикамыздың барлық салаларында табысты еңбек етуде.

2019 жылы Қазақстан тарихи оқиғаны бастан өткерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Өзі басқарған 28 жыл ішінде Қазақстан Республикасы қарқынды дамыды, экономика тұрақталды, білім мен ғылым жүйеге келді. Бұл атқарылған тірліктер Елбасының әлемдік аренада саяси портретін айшықтап көрсетті. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақстандықтар үшін тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы аңыз адам.

Жамбыл облыстық «Айнұры» татар-башқұрт

этномәдени бірлестігінің төрағасы

Халиков Амир Шафкатұлы

Бигелді Тәжібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

Бигелді Тәжібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

– Расында, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз. Сондықтан да Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты», – деп жазылды. Бұл – даусыз шындық. Өйткені Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Бұл ретте мен татулықты тұғырына балаған Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге шақырамын! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құтты болсын!