Медиация – бейбітшілік пен келісім кепілі

Өңірдегі  Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс медиаторларының «Медиация-бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты облыстық конференциясы өтті.

Конференцияны өткізудегі басты  мақсат-медиация институтын дамыту бойынша өзекті мәселелер мен жұмыс әдістерін, ҚХА медиация құрылымдарының мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктерін талқылау.

Іс-шараны аша отырып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жақсылык Жасөркен Берікұлы бүгінгі таңда Қазақстан халқы ассамблеясы, медиаторлар, жергілікті атқарушы  органдар және барлық мүдделі мемлекеттік органдар бітімгерлік рәсімдерді қолдану арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында біраз жұмыстар атқарғанын атап өтті.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы  бүгінгі күнге дейінгі медиация мен облыстық Қоғамдық келісімнің кеңесінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесіне тоқталып, «Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметіндегі медиацияның рөлі» тақырыбында баяндама жасады: Өз құзыреті шегінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара бірлесе отырып жұмыс жасайды. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шараларды іске асыруына қоғамдық бақылауды, халық проблемаларының мониторингін жүргізіп, олардың шешілу жолдарын қарастырады. Мәселен, бүгінгі таңда біздің облыста 177 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде 1 облыста, 4 қалада, 154 ауылдық округтерде және 9 ірі кәсіпорындарда “Қазфосфат” ЖШС, “Таразэнерго” АҚ, “Қазақтелеком” АҚ, “Жамбыл-Жылу” КММ, “Тараз – Су”КММ. Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің жалпы саны – 1108. ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, аудан кеңестерінің, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша да бірқатар мәселелер шешілді. Бұл өзара іс-қимылдар біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі сақтау үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.

Жамбыл облысындағы ҚХА медиация кабинетінің қызметі бойынша есеп беру баяндамасында В. Н. Досыбиева конференцияға қатысушыларды кабинеттің атқарылған жұмыстары туралы слайдтар көрсету арқылы таныстырды. Баяндамада Облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы адамды заңсыз бас бостандығынан айырған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық істердің қаралғаны, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер туралы статистикасы бойынша 2019 жылдың жарты жылдығында облыс соттарымен 71 қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылғаны, ал сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу және анықтау бөлімдері медиаторларының қатысуымен тараптардың татуласуына байланысты 139 қылмыстық іс қысқартылғаны мәлімденді.

Одан әрі Жамбыл облыстық сотының судьясы, бітімгершілік шаралар жөніндегі үйлестіруші Д. А. Әзіретқұлов “Азаматтық сот ісін жүргізудегі бітімгерлік рәсімдер туралы” баяндамасында медиация тәртібімен рұқсат етілген “азаматтық істер” санының өсуіне тоқталды және бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,7% – ға көбейгенін көрсетеді.   Аймақтық ассамблея аналар кеңесі төрағасының орынбасары А.В. Плетневаның пайымдауынша – отбасындағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуы, Аналар кеңесі кез келген өзекті мәселелерді шешу үшін іргелі қоғамдық күш болып табылатындығы және балаларды қазақстандық патриотизм рухында  тәрбиелеу үшін отбасылық құндылықтарды қайта жандандыру іс-шаралары жүргізілу керек. Сондай-ақ, С.Нұрмағамбетов атындағы  № 10 орта мектебінің  КММ директоры – Бектұрғанов Бауыржан Өмірзақұлы «Мектеп медиациясы» атты баяндамасында Жамбыл облысында  Медиация кабинетінің ашылғаны үшін алғысын білдіріп, кабинеттің ашылуы  мектеп балалары мен олардың ата-аналарының  тыныштықта болатыны және  мектеп арасындағы қақтығыстар ендігі тезірек және оңай шешілетіндігі сөз болды.

Іс-шара соңында бағдарламада көрсетілген барлық мәселелер бойынша жан-жақты және сындарлы диалог өтті, тиісті қарар әзірленді және осы бағытта ұсыныстар енгізілді.

Медиацияны дамытуға қосқан үлесі үшін ынтымақтастық серіктестері мен ерекше көзге түскен медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция соңында қатысушылар Медиация күніне арналған дайындалған музыкалық бағдарламаны тамашалады.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Этномәдени бірлестік жастары арасында «Мәдениет әлемі» байқауы өтті

Ағымдағы жылдың шілдесінде этномәдени бірлестіктердің жастарына арналған «Мәдениет әлемі» атты байқау өтті.

Байқаудың басты мақсаты ҚР халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретін әлеуетті енгізу үшін жүйе құру болатын.

Іс-шара басында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залы меңгерушісі, аталған жобаға жетекшілік етуші  Майкович Вера Андреевна «Қазақтану» ҚХА ғылыми-ағартушылық жобасы бойынша: «Сақтаушылар-мұрагерлер-жасаушылар» жобасы аясында этномәдени бірлестіктер жастарының арасындағы «Мәдениет әлемі» байқауы өтуде. Осынау байқау арқылы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, көркем дәстүрлері туралы Қазақстан этностарының жалпы білім деңгейін арттыруымыз керек. Халық шығармашылығы шеберлерінің кәсіби және көркемдік деңгейін сондай-ақ,  қазақ халқының құндылықтарын қабылдау, рухани игеру арқылы этностарды топтастыру басаты міндетіміз. Қазақ халық қолөнерінің мәдени және көркем дәстүрлерін жас ұрпаққа беруді қамтамасыз ету және жастарды қазақ халқының құндылықтарын тарату, ену, қабылдау процесіне тартуымыз қажет.» –  деді, өз сөзінде.

Байқауға облыстың сегіз этномәдени бірлестігінен және «Айбын» әскери-патриоттық клубынан он шақты қатысты. Байқау бағдарламасы барлығы үш турдан құралған. Қатысушылар бірінші турда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші турда ежелгі салт-дәстүрлерді қазіргі тұрмыста пайдалану туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, үшінші турда  жеке шығармашылықтары ретінде, этникалық стильдегі киім үлгілерінің дефиле ерекшеліктерін көрсетті.

Қатысушыларға әділ бағасын берер қазылар алқасының құрамында – қазақ халық қолөнерінің дәстүрлі түрлерінде жұмыс істейтін тәжірибелі шеберлер, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық халық шығармашылығы көрмелері мен фестивальдерінің қатысушылары – Мусаева  Сауле Сұлтанбекқызы, Құндұзбаева Раушан Иманәліқызы және Айнабекова Гүлзағира Бекболатқызы болды.

Қазақ халқының дәстүрлері мен халық шығармашылығына арналған байқауда барын салған жамбылдық этнос өкілдері келесідей дәрежелерге қол жеткізді. Бірінші орын – Клименко Полина («Днипро «Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі) мен Юсупова Тахминаға («Вынхуа» Жамбыл облысының дүнген мәдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі») бұйырды. Екінші орын – Ерлан Ильяс («Айбын» әскери-патриоттық клубы») пен Газаева Салимат («Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігі) иеленеді. Ал, үшінші орын – Идрисова Фатима («Вынхуа» Жамбыл облысының дүнген мәдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі») мен Газаева Маргарита («Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігі) қанжығалады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қалған қатысушылардың барлығы қатысушылардың дипломдарымен және ынталандыру ақшалай сертификаттарымен марапатталды.

Байқау кезінде «Shugylakitap» ЖШС-нің Шымкент филиалының өкілі Татьяна Витальевна Левина баспаның жарнамалық ұсынысын айтып, баспа өнімдерінің рөлі туралы бейне ролик көрсетті.

Байқаудың финалында «Ою кадамдары» теориялық және практикалық сабақтарының төрт айлық курсында дәстүрлі қазақ қолөнері мен кәсіпшілігін зерттеу бойынша он бес халық шығармашылығының шеберлеріне сертификаттар табыс етілді. Сертификаттармен бірге оқу құралдары да табысталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Сұхбат Акмарал Жахановамен

Бүгінде еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы көпке үлгі екені даусыз. Әрі Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен бірлігіне кепіл болар үлкен құрылымдық күшке айналды. Осы орайда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі,  Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасы, полиция департаментінің подполковнигі, Тараз  қаласының тұрғыны, көп балалы ана  Жанисова Ақмарал Жаханқызынан өзге этностар арасындағы тыныштық, татулық, біртұтастықты сақтау, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және отбасындағы әйел бейнесі  төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.

Бибігүл  Шахзада: – Құрметті Ақмарал Жаханқызы, сіз полиция қызметкерлігіне қалай келдіңіз және де осы мамандықты таңдауға не түрткі болды? Әңгімеміздің әлқиссасын осыдан бастасақ..

Ақмарал Жаханқызы: 1997 жылы ҚазМУ-дың студенті ретінде мен “Журналистика” мамандығы бойынша жоғары білім алып, оқуымды тәмәмдадым. Бастапқыда менің еңбек жолым  облыстық “Ақ жол”газетінен басталды. Онда біраз уақыт жұмыс істедім. Жолдама бойынша мені полиция департаментіне жолдап, баспасөз қызметінің инспекторы болып бір жарым жыл жұмыс істедім. 1997 жылдан бергі үздіксіз еңбегімнің арқасында қазіргі таңда еңбек жолым 23 жылға таяп қалды. Алғашқы кезде кіші лейтенант атанып, бір жылдан кейін толық лейтенант атағын алдым.  Сол кезден бастап осы уақыт аралығында полиция подполковнигі лауазымына дейін көтерілдім.  Бүгінгі таңда Жамбыл облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесін басқарамын. Яғни, менің қызметім тұрмыста құқық бұзушылық жасайтын агрессорлармен байланысты.  Біздің жұмыс әйелдер қауымының конституциялық құқығын оған қоса,  балалардың құқығын қорғау болып табылады.

Бибігүл  Шахзада: Отбасыңызбен жұмысты тең ұстау сізге қиынға соқпайды ма?

Ақмарал Жаханқызы: Әрине, егер мен жалғыз болсам, қиын болар еді, бірақ менің үлкен отбасым бар болғандықтан, апа-аталарымыз қашанда қол ұшын созып, көмектесіп отырады.  Сондықтан бұл тұрғыдан менің жолым болды.  Балаларымыз қазір кішкентай. Сол себепті,  біз олардың білім алуларына ерекше  көңіл бөлеміз.  Алғашқы жарты күндікте олар мектепте  болса,  күннің  екінші жартысында балалар қосымша сабаққа қатысады. Ал кішкентайымыз  бала-бақшаға барады.  Есесіне кешқұрым дастархан басында үлкен отбасымызбен бәріміз жиналып, мәре-сәре боп кешкі асымызды ішеміз.

Бибігүл  Шахзада: Сіздің отбасыңыздың әдеттегі күні қалай өтеді?

Ақмарал Жаханқызы: Айтып өткенімдей балалар әлі кішкентай, сол себепті отбасымызбен  күнделікті ерте тұрамыз. Балалардың сабақтары таңғы 8-де басталады, менің де қызметім сол уақыт шамасында басталады. Барлығына үлгеру үшін, біз таңғы 6-да  ұйқымыздан тұрамыз.

Бибігүл  Шахзада: 1 немесе 2 балалы аналарға айтар қандай кеңесіңіз бар?

Ақмарал Жаханқызы:  Көптеген ата-аналар қазіргі заманда  “өзгерістер дәуірі” дегенді  айтып  жүр,  ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды. Және бұл мәселеге келгенде олар аса  сақтықпен қарауға тырысады.  Менің ойымша, біздің Қазақстанның демографиясын көтеру үшін, егер денсаулықтары  жарап тұрса, қорықпай, әрі қарай отбасын үлкейте берсе екен деймін.  Тіпті менің өзім мүмкіндік болса, әлі де болса балалы болсам деген ниетім бар.

Бибігүл Шахзада: Сіз ойлаған мақсаттарыңыздың  барлығына қол жеткіздіңіз бе,  әлде,  әлі  де алар асу, шығар биігіңіз бар деп ойлайсыз ба?

Ақмарал Жаханқызы:  Генерал болуды армандамайтын солдат жасық. Сондықтан,  алдағы уақытта полковник болсам деген мақсатым бар.   Егер мүмкіндік болып жатса, генерал да болсам деймін. Дегенмен де, әйел адам үшін ең бастысы – от басы, ошақ қасы. Менің жетістігім – менің балаларым! Олар лайықты білім алып, қоғамның  белсенді мүшесі, еліміздің құрметке лайықты азаматтары болып өссе деймін, бар арманым –осы!

Бибігүл  Шахзада: Құрметті Ақмарал ханым, алтын  уақытыңызды бөліп, бізбен арнайы сұхбаттасқаныңызға рахмет, алғыс білдіреміз.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Этномәдени бірлестік өкілдері жаңа туылған перзенттерге домбыра сыйлады

Үстіміздегі жылдың шілде айының бірінші жексенбісі  –  Ұлттық домбыра күні еліміздің барлық аймағындаатап өтілді.  Қазақстан  халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтар барша қазақстандықтар үшін ортақ игілікке айналған.  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының демеушілігімен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілі, Аналар және ақсақалдар кеңесінің мүшелері қаламыздағы перзентханаларға барып, Ұлттық домбыра мерекесінде бірінші болып туылған перзенттерге арнап қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы –домбыраны  сыйлау  рәсімін өткізді.

Этномәдени бірлестіктер өкілдеріТараз қаласындағы  перинаталдық орталық, облыстық және қалалық перзентханаларда сәбилерін дүниеге әкелген Талас ауданы Ойық ауылының тұрғыны – Бапенова Мадинаға, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылының тұрғыны – Сейіткәрімова Алуаға, Тараз қаласының тұрғыны – Алсиева Гүлжайнаға, Домбыра күнінде туылған сәбилері үшін жас аналарғақазақтың ұлттық аспабы – домбыра сыйлап,               Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  басшылығы перзенттеріне ұзақ ғұмыр тілеп,  Ұлттық домбыра күнімен және  Астана күнінің 20 жылдығы мерекесімен құттықтап, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілегімен бөлісті.

Сондай-ақ, ұлттық домбыра күнін дәл осы рәсіммен Қодай, Жамбыл, Шу, Талас, Байзақ  және т.б. аудандарда да аталып өтті.

Шілде айының жетінші жұлдызы, яғни шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күнінде Жамбыл ауданы, Аса ауылының тұрғыны Тұрғынбек Жанерке,аудандық аурухананның перзентханасында  Қайырғали Медина есімді нәрестені өмірге алып келген. Мереке күні қарсаңында дүние есігін ашқан сәбиге Жамбыл ауданының этномәдени бірлестіктері ұлттық аспап домбыраны тарту етті. Сонымен бірге, дәл осы рәсім  Шу ауданы, Шу қаласының орталық презентханасында  да өтті. Аудан тұрғыны Аманбай Балнұр Раяна Жанарбекқызы есімді нәрестені өмірге әкелген. Сәбиге аудандық этномәдени бірлестіктер домбыра тарту етті. Сонымен қатар, домбыра сыйлау рәсімі Қордай ауданының Қордай ауылы және Сортөбе ауылдарында да аталып өтті. Абайбекова Рамиля және Юсуфова Зульфия есімді ауыл тұрғындарының нәрестелеріне ұлттық домбыра тарту етілді.

Аталған үрдіс әр жыл сайын өз жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

 

 

Ақыртас қаласына саяхат

Ақыртас қаласы Тараз қаласының шығысында қырық шақырым жерде, Ақшолақ теміржол бекетінен алты шақырым оңтүстікте орналасқан. Көне қаланың қалдықтары бүгінде тек еліміздегі жұртшылыққа ғана емес, алыс-жақын шет елден келетін саяхатшылардың көзайымына айналған құтты мекені. Осынау тарихи жәдігерді көзбен көруге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері де барып қайтты.

Аты тарихта алтын әріппен жазылар Ақыртас қаласының орналасқан аумағын аймақағы  алты этномәдени бірлестіктен келген шеберлер мен шығармашыл жастар тобынан құралған барлығы отызға тарта адам  тамашалап қайтты.

Мұндағы басты мақсат қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретіп, ҚР халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін қалыптастыру.

Бұл жоспарланған  «Мұрагер-сақтаушы-жасаушылар», «Мәдени даму», «Туған жер – Туған ел»  атты үш жобаның негізінде жасалған бірінші экскурсия. VII-VIII ғасырларға тән бірегей тас құрылысымен танысу саяхаты шеберлер мен жастар үшін облысымыз  туралы тарихи білім көзі және өздерінің жеке шығармашылық жобаларын жасау үшін мықты шабыт болды. Оған себепте жоқ емес. Ел назарына ерекше ілінетін тарихи орынның қойнында жатқан құпиясы әліде көп. Қалашықты 130 жылдан астам уақыттан бері әлі зерттеп бітпеген. Ғалымдар бұл қаланың құрлысы туралы қандайда бір толық шешімге келмеген.

Ақыртасқа бағытталған саяхатты бастап барған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Андреевна «Бұл экрскурсия арқылы жалпы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, көркем дәстүрлері туралы Қазақстан этностарының жалпы білім деңгейін көтеру және халық шығармашылығы шеберлерінің кәсіби және көркемдік деңгейін арттыруымыз қажет. Сондай-ақ, этностарды қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани игеру арқылы топтастыру, Қазақ халықының  қолөнерін, мәдени және көркем дәстүрлерін жас ұрпақ бойына дарыту басты міндетіміз» – деді, өз сөзінде.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Тараз қаласында «Ару қала астана!» атты көрме өтті

Ағымдағы жылдың шілде айында «Ару қала астана!» атты еліміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай өткізілген көрмеге қатысушы  мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді марапаттау салтанаты өтті.

Көрмені өткізудегі басты мақсат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін нығайту, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық стандарттарын насихаттау болып табылады.

Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балалар, зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған “Болашақ”, саңыраулар мен нашар еститін балаларға арналған “Мейірім” мектеп-интернаттарының, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының ерекше білім беру қажеттілігі бар  балаларға арналған арнайы топ тәрбиеленушілері қатысты.

Астананың  әсем келбетін суреттеген 20 бала 34 жұмыс ұсынды. Олардың ең үздіктері көрме каталогына кірді. Балалардың түрлі-түсті суреттері олардың Астанамен кездесуден алған әсерлерінің ерекше екенінаңғартты.

Ақ Орда, Бейбітшілік пен келісім пирамидасы, Бәйтерек, Министрліктер Үйі, “Хан шатыр” сауда ойын-сауық орталығының ғимараты, көп қабатты тұрғын үйлер мен кешендер сияқты Нұр-Сұлтан қаласының ең танымал сәулет өнерінің озық үлгілерінің суреттері бүлдіршін қылқаламдарынан қағаз бетіріне түсірілген.

Барлық қатысушылар дипломдар, көрменің каталогтары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Назерке Оңғар

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған облыстық «Этномәдени бірлестіктер арасындағы Қазақстан халқы ойындарының облыстық спартакиадасының ақпараты

Ағымдағы жылдың маусымында «Тараз –Арена» спорт сарайында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының  туған күніне арналғаноблыстық Этномәдени бірлестіктер арасындағы «Қазақстан халықтары ойындарының» облыстық спартакиядасы өтті.

Қазақстан халқы ойындарының басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортпен шұғылдану, облыстағы этномәдени бірлестіктердің арасында достық, туыстық қарым-қатынасты арттыру. Сондай-ақ, барлық  этномәдени бірлестіктерді жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу.

Ұлттар достығын насихаттап, ынтымақтастықты нығайтуды көздеген спартакиядаға спорттың 4 түрінен 7 команда қатысты. Олар, «Днипро»  украин этномәдени бірлестігі, Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігі, «Қарашай – балқарлар» қоғамдық бірлестігі,  Жамбыл ауданы,  және  «Неміс»қоғамдық бірлестігі, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігі мен «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінен» келген командалар.

Спортшылармен жанкүйерлер тегіс жиылғаннан кейін спартакияданың шымылдығын «Үкілім-ай» би тобы «Қазақ» биімен түрді.Бәсеке басталмастан бұрын Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы және де Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық бірлестігі» КММ-нің басшысы Убайдуллаева Рано Максудовна  барлық қатысушыларға сәттілік тілеп спартакияданы ашық деп жариялаған соң, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Этнос өкілдері бірінші «Арқан тарту» ойыны бойынша бәсекелесті. Атаған сайыс бойынша бірінші орын ұйғыр этос, екінші орынды Меркі ауданы, кезекті үшінші орынды өзбек этносы иеленді. «Дойбы» ойыны бойынша бірінші орынды қарашай-балқарлар этносы, екінші орынды Меркі ауданы, үшінші орынды украин этносы қажығалады. «Үстел теннисі» ойынынан бірінші орын украйн этносына, екінші орын неміс этносына, үшінші орын ұйғыр этносына бұйырды. Ал, балалар арасында өткен эстафеталық ойындардан меркілік бүлдіршіндер бірінші орынды, украйндық бүлдіршіндер екінші орынды, ұйғыр этносының бүлдіршіндері үшінші орынды иеленді.

Спартакияданың жалпы командалық есебі бойынша бірінші орынды иеленген«Днипро»  украин этномәдени бірлестігі  командасы, ал екінші орынды Меркіден келген команда иеленсе, үшінші орынды «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі олжалады. Жеңімпаз командаларға дәрежелі дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.  Спартакиада соңы «Болашақ» вокалдық триосы «Мен, сен бәріміз» орындап, естелік суреттерге түсумен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің «Арыс балаларына» облыстық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың маусымында техногендік апатқа ұшыраған Арыс қаласының балаларына арналған республикалық акция негізіде облыстық акция өткізілді. Шараны ұйымдастырған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Акцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің  өкілдері мен жастар қанаты, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты Арыс қаласын тез арада, толық қалпына келтіруге елдегі барлық мүмкіншіліктерді пайдалану арқылы сенімділік орнату мәселесі туралы,  мемлекеттің балаларға деген қамқорлығы, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда  қалған азаматтарының (көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала кезінен мүмкіндігі шектеулі балалар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) борыш жүктемесін азайту жөнінде уақытылы көмек көрсету туралы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығын түсіндіру және кеңінен насихаттау болып табылады.

Акцияда барысында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі – Миражапова Мухабатхон Сайдуллаевна сөз сөйледі.  Мухабатхон Сайдуллаевна«Апат айтып келмейді. Арыс қаласындағы орын алқан оқиға бәріміздіңде жанымызға аяздай батты. Облыс ассамблеяның Аналар кеңесі  осы апатты көрген балаларға өз қолдауларымыз бен аналық тілектерімізді айтып жолдауға жиылдық.  Біз, Аналар балалардың жанарынан тамған әр тамшыға қабырғамыз қайысатын жандармыз. Осындай жағдайда біздің қол қусырып қарап отырумыз мүмкін емес.  Облыстағы аналар ақылдасып, пікірлесіп «Арыс балаларына» атты акция арқылы өз көмегімізді тигізуге бел байладық. Арыстағы бүлдіршіндерге арнап ақша жиып тұрмысқа қажетті азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары және ойыншықтар беріп жіберуді жөн көрдік.» – деді өз сөзінде.

Аталған акция аясында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Плетнева Аракси Ваграмовна, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысы «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының» өкілі – Куненова Пайза Сайлаубековна  өз баяндамаларын жасады. Баяндамышлар Арыс қаласының балалары мен аналарына гуманитарлық көмек көрсету жайы және мемлекеттің балаларға деген қамқорлығы, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда  қалған азаматтардың

борыш жүктемесін азайту жөнінде уақытылы көмек көрсету туралы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығын түсіндіріп, насихаттады.

Акция барысында Аналар кеңесі балаларға арналған гуманитарлық көмекті ұйымдастырып, оларға балалар киімі, аяқ киімдері, ойыншықтар, мектеп керек-жарақтары және т.б тұрмысқа қажетті заттарды жолдайтындықтарын айтты.

Акция соңында Арыс қаласының балаларына арналған Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің аналық ізгі тілектерін жолдады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары дөңгелек үстелі өтті

Ағымдағы жылдың маусымында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің басшыларының дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Шерзод Пулатовтың өзі келіп қатысты. Сондай-ақ, іс-шарада Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Аналар, ақсақалдар кеңестері, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері болды.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәсеселелерТүркістан облысы Арыс қаласында техногендік апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы және Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде берген тапсырмаларын талқылау және іске асыру болды.

Аталған мәселелер  төңірегінде Ассамблея Қоғамдық орынбасары  Ш. А. Пулатов «Қайырлы күн! Құрметті Мражан Төреғұлқызы және облыстық ассамблея мүшелері. Арыс қаласында орын алған апат бәріміздің де жанымызға аяздай батты. Әрине, мұндай жағдайда қол қусырып қарап отыратын халықтан емеспіз. Қолдан келгенше ел болып көмек көрсетіп, жұмылған жұдырықтай бірлігіміз бен ынтымағымыздың жарастығын тағы бір дәлелдедік. Арыс қаласына бағытталған гуманитарлық көмек еліміздің түпкір-түпкірінде әлі де жалғасуда.»-деді өз сөзінде.

Қоғамдық орынбасар Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде берген тапсырмаларын талқылау және іске асыру мәселесінде жастарғабасымдылық көп берілгендігін ерекше атап өтті. Шерзод Пулатов «Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде бірқатар маңызды басымдықтарды атап өтті: Біріншіден Елбасы Стратегиясын одан әрі іске асыру – бұл ең алдымен, Қазақстанды Үшінші жаңғырту және Бес институттық реформа. Екіншіден өткір әлеуметтік мәселелерді нақты шешу және әлеуметтік саясатты жаңарту. Үшіншіден қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, Инвестициялар, іскерлік белсенділікті арттыру.Төртіншіден қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау туралы. Сондай-ақ, әсіресе, биліктің халық сұраныстарын тыңдау міндеті, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешу, азаматтар алдында үнемі есеп беру міндеті ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Президент лауазымындағы жұмыстың басымдықтарындағы  нақты 10 міндетті атады. Оның ішінде басты басымдылық жастар блогына түсуде. Жастар ел болашығының негізі. Елімізді дамытудың қозғаушы күші. Осыған орай жастар арсынан «Президенттік кадрлық резерв» құрылатын болады. Аалған мәселе төңірегінде Ассамблеядан ерекеше назарға ілініп тұрған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы болып тұр.»-дейді ҚХА қоғамдық орынбасары.

Енді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеяның атқаратын барлық жобалары мен іс-шараларында жастар барынша қамтылатын болады.

Дөңгелек үстел барысында аталған мәселелер төңірегінде М. Х. Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидатыМамедова Парида Иманжанқызы,Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары – Минаков Юрий Васильевич, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы – Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы, «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшілері мен мүшелері өз баяндамаларын жасады.

Жиын соңы өзара пікір алмасулармен аяқталды.

Жамбыл облыстық әкім аппаратының                        

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Облыс журналистері арасындағы «Бір шаңырақ астында» байқауы өз мәресіне жетті

Елімізді мызғымас бірліктің арқасында 130-дан астам өзге ұлт өкілі тату-тәтті тұрмыс кешіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының туының астына топтасқан сан ұлттың айрандай ұйып, елімізде ұлтаралық келiсiм мен демократиялық қоғам құру, бейбiтшiлiк пен тұрақтылықтың сақталуы жолында бұқаралық ақпарат құралдары айрықша үлес қосып келеді. Осы ретте өз өңіріміздің де қалам ұстаған қауымы сан алуан этностық топ өкілдері мекендеген облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ел ішіндегі ынтымақ пен береке-бiрлiгінің, достықтың салтанат құруына себепкер болып отырғанын айта кеткен жөн. Олар өңіріміздегі саяси тұрақтылықтың орнықты болуын насихаттаудан еш танған емес.

Осыны жақсы түсінетін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі жыл сайын жергілікті БАҚ өкілдері арасында байқау ұйымдастыруды үрдіске айналдырған. Биыл да 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық байқау өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада Қазақстан  халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы меңгерушінің орынбасары, бас инспектор Жасөркен Жақсылық қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

– Журналистердің артылған міндеті ауыр. Себебі, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір іспетті болып жүрген олардың жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар елдің тұтастығын сақтауда БАҚ өкілдерінің алатын орны айрықша. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуға қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолындағы абыройлы қызметтеріңіз жемісті бола берсін. Жаңашылдықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдағы ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де құрметті. Мерейлі мереке құтты болсын,  ұшқыр қалам иелері!, – деді Жасөркен Берікұлы.

Бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева байқауда бақ сынап, топтан оза шапқан жүлдегерлерді марапаттады. Нәтижесінде облыстық «ARAI» газеті мәдениет бөлімінің басшысы Нұржан Қадірәлі бас жүлдені (50 мың теңге) иемденсе, осы басылымның саясат бөлімінің басшысы Саятхан Сатылғанов, «Магнолия» газетінен Михаил Бунин, облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Альмира Омарова І орынды (әр қайсысына 30 мың теңге) теңдей бөлісті. Облыстық «Jambyl» телеарнасының бөлім редакторлары Маржан Қанатова, Ильдар Гизатуллин және республикалық «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Михаил Тё ІІ орынға (әр қайсысына 25 мың теңге) қол жеткізді. Облыстық «Zhambyl news» ақпараттық агенттігінің журналисі Ирина Кожухарова, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лариса Губашева, Тараз қалалық «Жамбыл – Тараз» газетінің тілшісі Арайлым Шәбденова ІІІ орыннан (әр қайсысына 20 мың теңгеден) көрінді. Өзге де бір топ журналистер байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталып, оларға ақшалай 10 мың теңгеден табыс етілді. Бас жүлдеге ие болған Н.Қадірәлі таяу арада республикалық «Бір шаңырақ астында» атты байқауда облыс намысын қорғайды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі