Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар мен ғалымдар арасындағы облыстық үздік ғылыми жобалар байқауын өткізу жоспарланған

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар мен ғалымдар арасындағы облыстық үздік ғылыми жобалар байқауын өткізу жоспарланған.

Байқауға облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

Байқау шарттары қосымшада берілген.

Байқауға қатысу туралы өтінімді, 2019 жылдың 25 қыркүйегіне дейін мекеменің ғылыми-сараптамалық қолдау бөліміне, Төле би көшесі 23Б, 3-бөлме немесе neg-jo@mail.ru электрондық адресіне жолдауға болады.

Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары: (87262) 54-12-23, 87775840788, 87779777578.


ЕРЕЖЕСІ


ЕРЕЖЕСІ


Өңірдегі этнос өкілдері қазақ тілінде диктант жазды

Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында  Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде ашық диктант өтті.

Диктантқа барлығы 68  адам қатысты.Олардың басым көпшілігі өзге этнос өкілдерінен, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер және мектеп оқушылары жаңа әліпби бойынша сауаттылықтарын тексерді.

Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету болып табылады.

Жалпықазақстандық диктант «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жүзеге асуда. Диктант «2019 – Жастар жылы» тақырыбында жазылды.

Ашық диктант қазақ тілінде еліміздің барлық облыстарында 2019 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының  уақытымен сағат 11:00-де басталды. Диктантты сауатты жазуын тексеру үшін арнайы комиссия құрамы бекітіліп, мәтінді оқуға дикциясы анық әрі таза, жаңа қазақ әліпбиін меңгергендігін растау туралы сертификатталған мамандар тартылуда.

Диктанттың қатесін тексеруші арнайы комиссия құрамында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ әдіскері Өмірбеков Кенжебай Қалкөзұлыда болды. Кенжебай Қалкөзұлы «Осындай іс-шаралар тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуды сондай-ақ,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында аталған заман талабына сай жаңа қазақ әліпбиін қолданудың маңыздылығын қоғам санасына сіңіруді одан әрі күшейте түседі. Біздің мақсатта сол Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, қатысушыларға  қазақ тілін білу, сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру және сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту»- деді өз сөзінде.

Диктанттың қорытындысы бойынша 13 адам -өте жақсы, 19 адам-жақсы, 36 адам-орташа деп бағаланды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Бірыңғай күннің шеңберінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауын  қолдауға  бағытталған  Бірыңғай күннің шеңберінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен басшылары, ҚХА мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері, Жамбыл облысының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО оқытушылары мен студенттері және  БАҚ өкілдері қатысты.

Модераторлық тізгінді өз қолына алған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы меңгерушісінің орынбасары Жақсылық Жасөркен Берікұлы Жолдаудың қоғамды қозғаған сұрақтарға жауап болғанын айтты.

Жасөркен Берікұлы «2 қыркүйекте Қазақстан Президенті К. Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы айтылды. Президент қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелер бойынша айқын шешімдер қабылдап, тапсырмалар берді. Президентіміз Қ.Тоқаев Жолдауында түрлі мәселелер, соның ішінде мемлекеттік тіл, мемелекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптар қозғалды.  Сондай-ақ, Президентіміз аталған мәселелердің толық жүзеге асуына уәде беретінінде айтты.»-деді, өз сөзінде.

«Жолдаудағы бірінші кезектегі міндеттер» туралы Тараз қаласының Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі – Зайнутдинов Абдрахман Юлдашевич өз ойын ортаға салды. Сомен қоса, «Еріктілер – бастамшылық қасиетін дамытатын ерекше мүмкіндік» туралы облыстық еріктілер жетекшісі Нұрділдаұлы Медет өз пікірімен бөлісті.  Ал,      «Отбасы және аналар институтына қолдау» туралы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жетекшісі Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы «Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық құндылықтарға, отбасы мен балалар институтын қолдауға, инклюзивті қоғам құруға ерекше назар аударды. Мен Президенттің Жолдауына ана және педагог ретінде өте ризамын. Президент отбасы құндылықтарына, отбасы мен неке институтын нығайтуға және мемлекет тарапынан қолдауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Менің түсінігімде, егер отбасы мықты және күшті болса, мемлекет де солай болады. Бізге саналы жастарды тәрбиелеу керек.»-деді, баяндама барысында.

Жиын соңында  «Президент Жолдауында жаңашылдық» туралы М. Х. Дулати атындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты – Мамедова Парида өз ойымен бөлісті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы сайлауалды тұғырнамада айтылған көптеген бағдарламалардың көрінісі болды. Менің ойымша, бұл Жолдауды халықтың көпшілігі жақсы қабылдайды, өйткені ол әртүрлі әлеуметтік топтарға бағытталған, ал мемлекеттік билік органдары үшін Президент алдағы кезеңге қойған өзекті міндеттерді шешуге нақты бағдар беріледі. Жолдаудағы жаңашылдық «Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істеп өздерінің жинақталған зейнетақы қорының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды, мысалы, тұрғын үй сатып алу немесе білім алу үшін пайдалану». Бұл шара өзінің зейнетақы жинақтарын адал аударатын Қазақстандағы көптеген отбасылардың  қаржылық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді»-деді, кафедра меңгерушісі.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Тіл – татулық тірегі

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыстағы белсенді жастар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық жастар форумы өткізілді.

Форумға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Ақ желкен» жастар лигасы  және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, өңірлік этнос өкілдерінің  жас буын өкілдері, тіл жанашырлары, облыс жастары, мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мен маңыздылығын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшудің тиімділігін жастар арасында кеңінен насихаттау.

Жиын басы  К.Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның «Нұр-Шашу» би ансамблінің орындауында қазақ биімен және облыстық қазақ драма театры әртістерінің орындауында «Тіл-татулық тірегі» композициясымен басталды.

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, PhD доктаранты, республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпазы Бекназаров Бақтияр Арманұлы «Мемлекеттік тіл – тірегім» тақырыбында өз баяндамасын жасады. Бақтияр Арманұлы «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын өзіміз кеңейтіп, тілге жанашырлық танытпасақ басқа ешкімнің бас ауыртпасы анық. Тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек. Осы іске өзге демей өз демей бір ауыздан кірісейік. Себебі, жұмыла кіріссек жүк жеңіл болады емес пе? Әсіресес өзге этнос өкілдері арасында тілімізді кеңінен насихаттауымыз керек. Қазақстанда тұратын барлық халықты мемлекеттік тілді қолдауға шақырамын.»-деді, баяндама барысында. Сондай-ақ, жиын барысында Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Жас мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған республикалық байқаудың жеңімпазы  Қадырбекова Меруерт Нышанбекқызы «Латын қарпіне көшу – болашаққа бастар бағыт» тақырыбында сөз сөйледі.

Шара соңы облыстағы тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы белсенділіктері үшін бірнеше тіл жанашырлары марапатталып, Жамбыл облыстық филармонияның әншілерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Ел дамуын айқындайтын жаңа қадам

Жамбыл облыстық ҚХА Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаеваның ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына байланысты пікірі.

2019 жылдың қыркүйек айы жаңа серпінмен бастау алды. Жаңа парламенттік маусымның басталуымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті халыққа «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жолдады.

Мемлекет басшысы Жолдауда  бес маңызды қадамды тізбектеді. Атап айтқанда заман талабына сай тиімді мемлекет; азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қарқынды дамыған және инклюзивті экономика; әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі;  қуатты өңірлер – қуатты ел   тармақтарын   тайға таңба басқандай атап көрсетті. Жолдауда көрсетілген әрбір тармақ өз бетінше халықтың жағдайын, әл-аухатын жақсартуға бағытталған. Солардың ішінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілді одан әрі дамыту турасындағы тұжырымы көңілімізге жылу ұялатқандай.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаев ұлттың бірлігі және елде этностық топтардың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасалатынына уәде берді. Сондай-ақ, Ұлы Даланың кең байтақ жері шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұл шешімі қара халықтың көкейіндегі қыжылын басып, көңілін орнына түсірді. Ата-бабадан қалған асыл мұра ұрпаққа ғана тиесілі емес пе?! «Еңбек етем, егін орам!» дегенге жер жетеді, тек соны тиімді пайдалану керектігін де ескертті.

Жолдауды қолдау, талқылау мақсатында өзім басқарып отырған  өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұжымының ұйымдастыруымен этнос өкілдерінің, Аналар кеңесінің, жастар қанатының  дөңгелек үстелдері өтті. Мұнда этнос өкілдері Президенттің Жолдауы туралы ойларын, жеке тұлғалық пікірлерін ортаға салды. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл жолдауы жасқа да, кәріге де тиімді, жан-жақты тың дүниеге толы құжат болды. Бәрінен бұрын жастардың жұмылған жұдырықтай тізе біріктіре жұмыс істеуі мені қуантады. Оларға қараған сайын ертеңге сенімділігім артады. Осы орайда биылғы жылды «Jastar  jyly» деп атауымыз оларға қанат бітіргендей, мемлекетімізде жастарға деген сенімнің ерекшелігін сезіндіргендей.

Жалпы ел үшін, жер үшін, болашақ үшін Президенттің осынау Жолдауы қоғамды қозғап, көңілге күдік ұялатқан, ел көкейінде тұрған  сан түрлі сауалға жауап болды. Енді ел даңқы артып, мерейі үстем бола түседі деген сенімдемін. Себебі, мемлекет басшысы халыққа айтқанын орындауға серт етті. Бұл нағыз  ердің ісі.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Убайдуллаева Рано Махсудқызы

 

Перфильева Наталья Шиват Цион Еврейлер этномәдени бірлестігінің мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің өкілі

Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы Абдурахман Зайнутдинов_x264

Әулие Ата қазақ этномәдени бірлестігінің өкілі, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі -Куненова Паиза_x264

Қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің мүшесі – Исмаил Хаджимуратович

Өңірлік этнос өкілдері Жолдауға қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау жолдаған болатын.

Осыған орай, ағымдағы жылдың  қыркүйегінде Жолдауды  қолдап және насихаттау, талдау мақсатында өңірлік этнос өкілдерінің, Аналар, ақсақалдар, ардагерлер кеңестерінің мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасы және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділерінің қатысуымен қаламыздағы Достық үйінде кең көлемді дөңгелек үстел өтті.

Жиын тізгіні Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылық меңгерушісінің орынбасары Жақсылық Жасөркен Берікұлында болды. Жасөркен Берікұлы жиылған жұршылықтан  Жолдауды  талдап, жеке пікірлері мен ойларын ортаға салуларын сұрады.  Жарыссөз мінберінде алғаш болып ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы туралы сөз сөйлеген Жамбыл облыстық «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Клименко Федор Леонтьевич Жолдауға қатысты көзқарасының оң екендігін білдірді. Федор Леонтьевич «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын тыңдадым. Жолдауда айтылған мәліметтерге тұлға ретінде толығымен қанағаттандым. Аталған Жолдауда мемлекет басшысы көптің көкейінде күдік ұялатқан сауалдарға жауап бергендей.  Жолдауда микро және шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлер салық төлеуден 3 жылға босатылуы және 3 жылға дейін тексеруге тыйым салынатындығы айтылды. «Микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызмет түрлерінен салық төлеуден 3 жылға босатудың заңнамалық базасын әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін 3 жылға дейін тексеруге тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді»,– деді Президент Жолдауында. Расында еліміздегі жеке кәсіпкерлерді қолдауымыз керек. Сондай-ақ, Жолдауда отандық өнімдерді тұтынуға және оларды қолдау керектігінде айтты. Жалпы жолдау қоғамды қозғаған барлық мәселеге жауап берді деп ойлаймын.»-деді Жолдауға қатысты өз ойымен бөлісіп.

Украин этносының жетекшісінен кейін мінберге өзге де этнос өкілдерінің мүшелері мен жастар қанатының белсенділері шығып Жолдауды қолдап, ол туралы жеке пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» турасында Тараз қаласының Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі – Зайнутдинов Абдрахман Юлдашевич  өз ойын ортаға салды.     Жолдауда аталған агросектор өнеркәсібі туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Махусеев Зайнуддин Абдулбахтиярұлы  жеке пікірімен бөлісіп, аталған Жолдаудан алған әсері мен маңыздылығына тоқталды.  Сондай-ақ, Президент жолдауын қолдауда облыстық ассамблеяның жастары да белсенділік танытуда. Жастардың тарапынан жиын барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшесі Мухтасимова Алина Наирбекқызы  Жолдаудағы көтерілген маңызды мәселелердің бірі саналатын қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады. Алина Наирбекқызы мемлекеттік тілді дәріптеу, оны меңгеру деңгейін көтеру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, белсенді жас  әр этнос өкілдері ана тілімен қоса мемлекеттік тілді де тереңірек білсе екен деген тілегі барын да жасырмады. Сонымен қоса, облыстық ҚХА медиаторы Кошекбаева Ғайни Ақылбекқызы да Жолдаудың маңызды бөлігінің тағы бір тармағы – қылмыскерлерге берілер жазалардың қатаңдығын арттыру және адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне кеңінен тоқталып кетті.

Жиын соңы сұрақ-жауап және  пікір алмасумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Казақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты Жамбыл облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктер өкілдерінің пікірлері

1. «Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдрахман Юлдашұлы: Нынешнее Послание Президента Касым-Жомарта Токаева, это новое руководство к действию для нас -для казахстанцев, оно дает не только заботу о казахстанском народе, прослушано не только отчет как за прошлое, в нем Президент четко отразил все интересы нашего народа, начиная  из пенсионных выплат и включая также этнические отношения между нашими народами. Я как представитель этнокультурного объединения АНК Жамбылской области,хотел бы сказать, что в Послании четко и ясно сказано, о том, чтожители нашей республики чувствуют себя едиными в нашей многонациональной стране. Также мне хотелось подчеркнуть ряд проблем, которые среди них расширение охвата социальной помощью малообеспеченных и многодетных семей, жесткий контроль над ходом строительства и распределением доступного жилья, реформа пенсионной системы, оптимизация системы госуправления.Токаев намерен продолжать реализацию инициированных первым президентом социальных программ, создать условия для вхождения Казахстана в число 30 самых развитых стран мира, реализовать институциональные реформы, укреплять внутриполитическую стабильность и общественное согласие, развивать гражданское общество, защищать права, свободы и законные интересы граждан, обеспечить безопасность каждого человека, полноценную защиту частной собственности, исключить проявления нетерпимости, экстремизма на социальной, культурной, этнической, религиозной почве, поддерживать отечественный бизнес, обеспечить безопасность инвестиций, стимулировать деловую активность населения, защищать национальные интересы в политической, торгово-экономической, культурной, гуманитарной сферах и осуществлять сбалансированную, конструктивную внешнюю политику.

«Я беру на себя ответственность за обеспечение: гражданского мира и согласия; достойной жизни граждан; демократизацию общества; миролюбивой внешней политики. Это мой долг перед всеми соотечественниками», – заявил Токаев. К.Токаев намерен продолжать реформу судебной системы. Он заявил, что будут ужесточены требования к кандидатам в судьи, обеспечена независимость судебной власти и судей, работа судебных органов станет более прозрачной, а за нарушение законов будут нести наказание все, вне зависимости от должности и социального статуса. В судебном процессе будет равенство сторон обвинения и защиты. Кроме этого, будет усилен общественный контроль над деятельностью полицейской службы, ужесточены требования по отбору и подготовке кадров правоохранительных органов. Вместе с тем будет обеспечено карьерное продвижение для лучших сотрудников правоохранительных органов, их социальная поддержка.

Для борьбы с коррупцией «до полного ее искоренения» планируется объединять усилия государства и граждан. Также будет усилен общественный контроль, НПО будут привлечены к антикоррупционной экспертизе нормативно-правовых актов на всех уровнях управления, а в принятии государственных решений для обеспечения прозрачности будут участвовать общественные и неправительственные организаций, средства массовой информации. Отражено все, чем больно наше общество и я считаю вот  это Послание полезно тем, что мы- казахстанцы когда чувствуем,что правительство обеспокоено и озобочено всеми нашими проблемами, это дает нам уверенность на наше завтрашнее будущее.

2.Облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Давришев Махмуджон Мирадинович: Если бы, не было нашего единства может я и не достиг бы таких успехов в своей деятельности, хочу сказать спасибо нашему обществу где я себя чувствую частью одной единой нации. Во многих соревнованиях играет Гимн Республики Казахстан и у меня мурашки от того, что значит Гимн и что значит Родина, я с гордостью пою Гимн и с гордостью чувствую себя гражданином Республики Казахстан.Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос өкілдері арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақ әрдайым жалғаса берсе деп тілеймін.Мен «Ахысқа» түрік этномәдени Жамбыл облыстық бірлестігінің  мүшесі ретінде, ұстаз ретінде еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті, татулық пен келісімді қолдауға шақырамын. Бейбіт қоғамда ғана зор жетістіктерге қол жеткізуге болады. Тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сенім артқан тұлға Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаев бүгінгі өзінің алғашқы жолдауында бірқатар ел еңсесін көтеретін игілікті мәселелерді қозғады. Мен Жолдауда айтылған барлық тармақтарды қолдаймын және бұл Президенттің беталысына ризамын.

3.Облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ахметов Алихан Юсупұлы: Тұңғыш президент қолдаған Қасым-Жомарт Тоқаев Президентіміздің бүгінгі Жолдауы маған зор әсер қалдырды. Қ.Тоқаевтың ел бірлігін нығайтуда әрбір іске ерекше мән беретіндігі, оларға немқұрайлы қарамай, аса зерделілікпен қарайтынын аңғаруға болады. Осы орайда еліміздің белсенді жасы ретінде айтқым  келетіні  – Қазақстанымызда 130дан астам ұлт пен ұлыс қоныстанған. Олардың әрқашан ынтымағы мен бірлігі жарасып келеді. Бұдан әрі қарайда осы құндылықты нық ұстап тұратын тұлға дәл осы Қасым-Жомарт Кемелұлы деп білемін.

«Жамбыл облыстық  Махмут Қақари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мухаббат Турдыева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің біріккен отырысыVI шақырылымының 5 сессиясында Қазақстан халқына өз жолдауын жолдағаны баршаға аян. Мемлекет басшысы кезекті жолдауында ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жандандыру, халықтың хал-ахуалын көтеру, әлеуметтік   қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды.Бұл өз кезегінде көпшіліктің көкейінде жүрген сан түрлі сауалдарға жауап бола білді.  Сондай-ақ, Президентіміз жолдау барысында қазақ тілі мәртебесі турасында да сөз қозғады. Бәрінен бұрын заң бұзушылар мен адамзаттың жеке басына келетін қылмыстық әрекеттерге қарсы жаза қатаңдығын одан әрі күшейту туралы үкімет басшыларына арнайы тапсырмалар берілді. Қазір шындығын айтқанда адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, балаларға қатысты педофилдік ауыр қылмыстар өршіп тұрған уақыт. Ешкім халықтың тыныштығын алуға қақысы жоқ. Себебі, халық тыныштығы, бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігінің бекемдігі басты назарда болу керек. Міне сондықтанда мұндай қылмыстардың басын қайтару кезек күттірмес міндет. Менің санамдағы Президент халық қамын ойлайтын, ел мүддесін көздейтін, халықтың болашағына, мамыражай өмір сүру салтына мүмкіндіктер туғызатын және жағдай жасайтын ерек тұлға.

Жолдауда тағы да жанымызға жай таптырған, шешуін тапқан бір дүние Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұл мәселе дәл осы күнге дейін көптің көкейіне күдік ұялатқаны белгілі.  Енді алдағы уақытта жай жатқан жер болмайды. Бәрі халық игілігіне беріледі. Ал, мемлекеттен жерді тегін алғандар алған жерлерін кәдеге айналдырмаса оның қайта тәркіленетінінде жасырмады.  Жалпы, мемлекет басшысының жолдауы көкейдегі көп сауалға жауап болды.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жолдады. Жолдауды бар ынтаммен тыңдадым. Жауабы жоқ сұрақтай көптеген мәселелер көтеріліп, шешімдері табылды. Бұл мәселелер халықтың жанына түйіндей батып тұрған түйіткілдер болатын. Оның басында жердің сатылуы, көпбалалы отбасылардың баспаналы болуы, заңды белден басып жүрген қылмыскерлер жазасының күшейтілуі, микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеу секілді біраз жұмыстарды шешу тапсырылды. Бұл жолдау елімізді жаңа бағыттарға, жаңа жетістіктерге бастайды деп білемін. Себебі, мұнда елді елеңдеткен көп мәселе түзу жолға қойылды. Бәрінен бұрын ана ретінде, Аналар кеңесінің төрайымы ретінде жүрегімізге бала деп аталатын мәселенің бәрі батады. Қазір елімізде балалар арасында болып жатқан қылмыстық істер, педофилдік жүгенсіздіктер өте көп орын алуда. Ана болғасын мұндай жағдайға қалай алаңдамайсың. Бәрінен бұрын осы істі қолға алып, жазаны күшейтуге тапсырма бергені мені қуантты. Себебі, бала елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы. Бізді тарих сахнасында мәңгі қалдыратын осы ұрпағымыз. Оларды сақтау, қорғау біздің міндетіміз бен парызымыз.

4.«Жаңғыру жолы» жастар лигасының белсенді мүшесі Лигостаев Артур: В число поддерживающих Первое Послание Президента РК Токаева К.  вошли и молодежи этнокультурных объединении Жамбылской области. Весьма радует, что наше государство большое значение уделяет на уголовное наказание за наркодилерство, педофилию, сексуальное насилие и другие тяжкие преступления против личности. Власть страны и правильная политика нашей Родины очень важны для каждого из нас. Поэтому  задача нашей областной ассамблеи – поддержать инциативы Президента РК.     Представители этнокультурных объединении Жамбылской области, мы -молодежь, сделаем все зависящее от нас, чтобы молодежи и старшое поколение поддержали Президента и чтобы крепло наше единство и росло благополучие граждан.

5.Председатель ОО еврейского культурного центра «ШиватЦион» Людмила Григорьевна Корнилина: Сегодня мы с особым вниманием выслушали Послание Президента и не можем не поддержать человека, который является ярким примером: человека с добрым и отзывчивым сердцем, человека с большой буквы-Касым-Жомарта Токаева.  В каждой идее Послания, в каждой строке и цифре ощущается твердая уверенность Президента, опирающегося на четко рассчитанную стратегию национального развития, а главное, на поддержку политики всем народу. Дальновидная политика Президента К.Токаева направлена на повышение социально-экономического развития.

Мы одной великой семьей строим будущее нашего общего дома –Казахстана.  Не смотря ни на какие трудности, мы – евреи не растворились среди других народов, а сохранили свой язык, культуру и традиции. И все это благодаря мудрой политике Главы государства и Президента К.Токаева, Правительстве Казахстана и доброте самих казахов.Теперь мы ставим перед собой основную цель, содействовать единству и согласию в межэтнических отношениях, вносить свой вклад в развитие Казахстана, продвигать изучение истории, сохранение традиций и культуры евреев в регионе.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың  тамызында Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысын Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жасөркен Жақсылық пен  Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Юрий Минаков өткізді.

Күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер  бойынша Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралыТ.Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен облыс әкімдігі білім басқармасының «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Гүлзира Дәрібаева баяндама жасады. Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Леля Узденоважәне сонымен қоса, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағалары және аудан әкімдерінің орынбасарлары пікірлерімен  бөлісті.Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева өзінің баяндамасында жоспарланған іс-шараларға сәйкес «Қазақтану» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясында 15 іс-шара, 2019 жылдың бірінші  жарты жылдығында барлығы 6850 адам қатысқан 11 іс-шараның өткізілгендігі турасында атап өтіп, екінші жарты жылдыққа жоспарланған қалған 11 іс-шара жөнінде қысқаша мәлімет берді: -«2019 жылдың екінші жарты жылдығына 11 іс-шара жоспарланған. «Мәміле» клубы, шеберлердің қолөнер клубы өз жұмысын жалғастыруда. «Қазақтану» – Қазақстанның барлық этностары арасында қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, тілін үйренуге және насихаттауға бағытталған жоба. Осы тұста жобаның жастар үшін ерекше маңыздылығын атап өткім келеді. Аталмыш жоба қазақ мәдениетінің дәстүрге бай тарихына терең үңіле білуге, көшпелі халықтың сан ғасырлық философиясын түсіну мүмкіндігіне жетелейді. Ол қазақ халқының құндылықтарын рухани қабылдау арқылы жас қазақстандықтарды біріктіруге жаңа серпін бере алады».

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің осы отырыстағы шешімі бойынша: Т. Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімі орынбасарларының және облыс әкідігі білім басқармасы басшысының атқарған жұмыстары туралы есебі назарға алынуы; облыс әкімдігінің басқарма басшыларына және  Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

– Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту;

– Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі және кәсіби емес медиаторлардың жұмысын жандандыру. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпарт 2019 жылдың 26-қарашасына дейін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығына берілуі; осы  шешімнің орындалуын қадағалау облыстық ҚХА хатшылығының бас инспекторы Ж. Жасөркенге жүктелуі сынды мәселелерні алға қойылды.

Жиын соңы ҚР 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес, этномәдени бірлестіктер басшыларының есептерінің назарға алынуы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысына – этномәдени бірлестік өкілдері мен жастарына қазақ халқының танымал ғылыми, деректі, көркем фильмдердің көрсетілімдері мен талқылауларын ұйымдастыру, сондай-ақ аға буын мен жастарға аймақтық тарихи орындар мен қорықтарға саяхат жасатып, қазақ халқы тарихының ұмытылмас беттерін зерделеу туралы викторина мен интеллектуалды  турнир ұйымдастыру сияқты ассамблея іс-шараларын іске асыру жөнінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің шешім қабылдауымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Тараз қаласының Достық үйінде Конституция күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 28-тамызында Тараз қаласының Достық үйінде   Жамбыл облысы  ҚХА Аналар мен ақсақалдар кеңесінің этномәдени бірлестік  жастарымен   Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Елімнің еркіндігі – Ата Заңым» атты кездесуі өтті.

Кездесуді ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Салтанатты түрде орындалған Мемлекеттік әнұраннан соң облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық және қалалық БАҚ тілшілері қатысуымен өткен іс-шараның модераторы   Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы күн тәртібінде белгіленген мәселелерге тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі – Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы

«Қазақстан Республикасының Конституциясы – еркіндік, теңдік және бостандық мұраттарын ұстану» тақырыбында сөз сөйлеп, Конституциямыздың ерекше тұстарын атап өтті.  Келесі кезекте «Ахыска»  түрік  этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы» төрағасының  орынбасары – Зуфаров Ибрагим Хуршудұлы  Ата заңымыз – Конституцияның біздің өміріміздегі маңыздылығы жөнінде баяндама жасап, Қазақстан конституциясына сәйкес  қазақстандықтардың ұлтына, тіліне, дініне шектеу қойылмай, құқықтары тең дәрежеде қаралатындығы, кез-келген Қазақстандағы этнос өз салт-дәстүрлерін ұстануға, көпшілік назарына ұсынуға құқылы екенін қуантатыны жайлы ой-пікірін ортаға салды.  «Және әрбір қазақстандық азамат конституцияда көрсетілген заңға сәйкес әрекет етсе, Қазақстанның болашағы жарқын болары анық. «Ахыска» этномәдени бірлестігі еліміздің Ата заңына толық арқа сүйеп, медет тұтамыз» – деп сөзін түйіндеді.

Жиын соңында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсұдқызы іс-шараға қатысқан этномәдени бірлестіктердің аға буыны мен жастарын  Конституция күнімен құттықтады.

Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды

Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды.  Мектепкебарар уақыт  жақындап келеді. Қарбалас кезең: алғашқы қоңырау соғылады, кіршіксіз,  сыңғырлаған балалар күлкісі үздіксіз естілетін кезең. Қамсыз балалық шақтан,жауапты мектеп өміріне көшу. Осы тұста білім күніне орай Тараза қаласының«Достық үйі» ғимаратндаұйғыр этносының бірінші сынып оқушылары “Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және аталған іс-шараның ұйымдастырушысф Турдыева Мухабат ханыммен кездесті. Мухабат Абдрахманқызы балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан мерекемен құттықтады:

–  «Бүлдіршіндер, сіздер үшін “мектеп”атты жаңа жол ашылғалы тұр. Сіз үшін бұл жол қызыққа және тағылымға толы болсын. Сіздертек қана жақсы бағалармен ғана емес, сонымен қатар ұқыптылықтарыңызбен мына біздерді  қуантады деп сенемін! Ақ жол тілеймін сіздерге! »

Одан әрі оқушылар Достық үйі ғимаратының ішінде және Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайы бойынша танымдық экскурсия жүргізілді. Мұхабат Абдрахманқызы балаларға олардың мәдени мұрасы мен ондағы экспонаттары туралы толық айтып берді. Балалар айтылған әңгімелерге үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында балаларға алғыс хат пен мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзак табыс етілді. Айта кету керек, Мухабат Абдрахманқызы үшін бұл дәстүрге енді. Жыл сайын ол бірінші сынып оқушыларын сыйлықтармен мектеп атты кемеге шығарып салады.