Рождество – жарқын мереке

Жаңа жылдың алашқы күндерінде тойланатын, христиан әлемінің басты мерекесі — Рождество.  Әлемнің 145 мемлекетінде тойланатын бұл мейрам православтар мен католиктердің қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы ерекеше күндері. Аталған бұл мерекелік  күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларда шоқынумен өткізеді.

Осыдан екі мың жыл бұрын басталған Рождество мейрамының тарихы Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен бастау алған. Міне, содан бері христиан дінін ұстанушылар бұл мерекені  20 ғасыр бойы тойлап келеді. Аталған күннің басты ерекшелігі әр үйдің төрінде орын алатын  әсем безендірілген шырша, халықтың жақын – жұрағаттарына серуендеп сыйлықтар беруі, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен түрлі карнавалдар.  Рождество мерекесін – католиктер 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Ал, батыс елдері бұл мерекені отбасы мерекесі деп есептейді.

Аталған мереке, Жамбыл облысы аймағында да ескерусіз қалмады. Облыстық ассамблеяның қолдап, «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ «Рождество» мерекесі аталып өтті.

Аталған мерекелік кештің басты мақсаты, келер ұрпақты ізгілік пен мейірімділікке бағыттау, оларға өз салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын насихаттау.

Шара басы  Тараз қаласындағы Покров ғибадатханасының бастығы  Димитрийдің шіркеу хорымен басталды. Кеш барысы   «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерінің өнер көрсетуімен жалғасты. Концертте  Елена Дубровская, Михина Валерия, Диляра Сорокина, Лилия және Александра Новичковалар, Андрей Власов, Андрей Фирсов, кештің ең жас қатысушысы Ксения Зайцева және «Гармоня» вокалдық квартеттері ән салса, Ярёменко София және Қуанышбай Есіркегенов  орыс халқының белгілі ақындарының атаулы мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Сондай-ақ, кеш  барысында орыс халықының аспаптарынан құрылған «Русский наигрыш»,  «Сельский найгрыш»  оркестрлары, Владимир Сорокиннің жетекшілігімен «Калинка», «Днипро» украин этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелерінен құрылған  «Маричка», «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хорлары және «Жас дәурен» үлгілі хареографиялық би ансамблі, «Эдельвейс» заманауи би тобы өнер көрсетті.

Концерт барысында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы және облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева осынау жарқын мерекемен барша жиылған жұртшылықты құттықтады: «Раждество мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Аталған мереке мұсылмандар қауымында «Құбан айт» мерекесімен ұқсас келеді. Осынау жарқын мереке отбасыларыңызға береке мен бірлік, қуаныш пен шаттық сыйласын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ал, бүгінгі «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған кеш баршаларыңызға ерекше көңіл – күй сыйлады деп ойлаймын.»

Құттықтау сөзінен кейін Маржан Төреғұлқызы «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттады.

«Рождество» мерекесіне арналған кештің соңы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан бірлестік мүшелеріне алыс хаттар таратумен аяқталды.

Дәл осы күні, Қордай ауданында «Рождество» мерекесіне арнап «Соседушки» фольклорлық ән ансамблі кеш берді. Кеште Станислав Насыров, Любовь Лебедина, Лариса Бабешко, Светлана Османова, Виктор Ильницкий, Анатолий Бабешко және «Ромашка» балалар вокалдық тобы ән салды. Сондай-ақ, «Рассвет»  халық аспаптарыннан құрылған ансамблі және «Аққу» би тобы өнер көрсетті.

Айта кетейік, 2019 жыл “Соседушки” халықтық фольклорлық ән ансамблі үшін мерейтой жылы болып табылады.  Бұл өнер ұжымы аудан сахнасы және одан тыс жерлерде өз көрермендерін қуантып келе жатқанына 20  жыл толуда.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Таразда офицерлер мен сержанттарға дәріс оқылды

Ағымдағы жылдың желтоқсанында   мемлекеттік – құқықтық дайындық аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері  қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен бірлескен дәріс өткізілді.

Дәріс басталмас бұрын жиылған жұртшылықты Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми – сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Тапаева сәні мен сәулеті келіскен Достық үйі ғимратыны аралатып, Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бөлімдеріне сай атаулармен аталған алаңшалармен танысты. Ғимарат ішінің бірінші этажында офицерлер мен сержанттартардан құралған 80 адамға  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында слайд көрсетіліп, аталған мақала негізінде жүзеге асқан жобалардың нәтежиесімен танысты.

Экускурсия жасап, ғимарат ішімен танысып болған офицерлер мен сержанттартарға арнап Достық үйінің үшінші этажында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары – Мамедова Парида Иманжанқызы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дәріс оқыды.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Аталған мақала нгізінде халықтың санасын  жаңғырту, ұлттық болмыс пен ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен теңестіру, еліміздің игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы бағдарламалық мақала негізінде мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды «100 жаңа есім», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобалар жүзеге асты…

Ал, облыс көлемінде аталған бағдарлама төңірегінде атқарылған істер бойынша дәріс оқыған «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Байдешова Жамиля Абдрахманқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2017 жылы өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құны      1,1 млрд. теңгеге 24 жоба ұйымдастырылып, 120 мыңға жуық адам қамтылды.

2018 жылы өңірлік реестрге жалпы құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 149 жоба енгізілді. Оның ішінде жергілікті бюджет 369 млн. теңге, демеушілер есебінен 1 млрд. теңге тартылды.

Бүгінге 149 жобаның 115-і жүзеге асырылып, қалған 34 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ұйымдастырылған іс-шараларға 400 мыңға жуық адам қамтылды»-дейді.

Жиын соңы аталған мәселелер мен атқарылған жұмыстар негізін талдап, пікір алмасумен аяталды.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Таразда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған  іс – шаралар легі басталып та кетті. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені»  атауымен көптеген игі істердің басынан табылған жоба, биылғы жылы  «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен өтетін болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенконың айтуынша, акция бір жылға созылып, әр ай белгілі бір тақырыпқа арналатын болады. Мысалы, қаңтар – «Сарқыт», ақпан – «Сыбаға», Наурыз – «Шашу», сәуір – «Асар» және т. б. ұрандарымен өтеді. Байқағаныңыздай әр айға бөлінген іс – шара қазақ халқының әдет – ғұрпына сай және мерекелік күндер қарсаңында  өтетін көрінеді.

Аталған акцияны ерекше ықыласымен қолдаған Жамбыл облысы, 2019 жылдың алғашқы іс-шарасын өңірдегі Достық үйі ғимаратында «Сарқыт» қайырымдылық акциясымен бастап, жыл бойына жалғасатын қайырымдылық шараларының шымылдығын түрді.

Сарқыт – сый-құрмет көрсетудің көрінісі. Той-томалақ, айт, түрлі мерекелер болғанда шақырылған қонақтың үйіне үлестіріліп берілетін дастарханнан «ауыз тисін» деп  ала келетін арнайы дәмі. Мұндай дәстүр, қуанышымыз сіздің үйге де жұғысты болсын, жолын берсін деген мағынаны білдіреді. Жақындарына «Сарқыт» беру – онымен қуаныш пен бақытты бөлісіп, жылулықпен және қамқорлықты сезіндіреді.

Тараздағы Достық үйінде  бастау алған шара, облыстық этномәдени бірлестіктердің балаларына арналған «Балалар шығармашылығының мектептен тыс сыныптан тыс жұмыс орталығындағы» мерекеік дәстүрлі шыршамен жалғасыты. Онда  Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдық сыйлықтары мен мерекелік бағдарламаны тамашалаған бүлдіршіндер дәстүрлі жаңа жылдық шыршаға келгендеріне дән риза. Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған  қайырымдылық шыршасын өткізді. Сонымен қатар, поляк, күрді, еврей, әзірбайжан, этномәдени бірлестіктері Рождестволық мерекелер қарсаңында «Өмірлері қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етті. Облыстық ассамблеяның мұндай шаралары жыл сайын жаңа жыл қарсаңында балаларды қуантып, бүлдіршіндерге базарлық таратуды дәстүрге айналдырған. Балалар еліміздің ертеңі, Отанымыздың болашағы деп білетін ассамблеялықтар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Еліміз бойынша небәрі 7арнайы мектептің бірі осы Тараз қаласында орналасқан. Тәртібін түзеп, тәрбиесін жақсартуға ниеттілерді жиған арнайы мектеп бүгінде 30 жуық тәрбиеленушіге жағдай жасап отыр. Жасөспірімдер мен баларларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етуге барған облыстық  этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдеріне, ҚХА Аналар кеңесіне, “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының жастарына арнап арнайы мектеп тәрбиеленушілері   мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Қорыта айтқанда «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен бастау алған  «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында өткен жаңа жылдық шара осылайша тәмамдалды. Әр жыл сайын еркеше дайындықпен өтетін дәстүрге айналған шара келер жылыда жалғасын табады деп күтілуде.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз бөлімі қызметі

Page 11 of 11
1 9 10 11