2022 жылдың қазан айының 6-ында

2022 жылдың қазан айының 6-ында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Алматы қаласында ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. .

Іс-шараның сән-салтанатын Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің өкілдері Камал Әлпейісова мен Баян Ахатай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменовалар модераторлар, спикерлер ретінде үйлестіріп отырды.

Жалпы, ҚХА Аналар кеңесінің қызметі сан қырлы. Екі күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен келген қатысушылар «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының тұжырымдамасын іске асыру, этнотәлім және тәрбие жұмысы сияқты жұмыс бағыттарын талқыламақшы.

Баяндамашылар арасында әйелдер қауымынан тұратын ҚХА Аналар кеңесінің өңірлік бөлімшелерінің өкілдері, ғалымдар, журналистер, психологтар, мұғалімдер, заңгерлер бар.

Спикерлер «Жас ұрпақты рухани және патриоттық тәрбиелеу – жаңа Қазақстанның берік негізі», «Ата мен әже- тұлғаны қалыптастырудағы маңызды буын», «Қазақстандық контент негізінде баланың дүниетанымын қалыптастыру», «Баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы баспасөз рөлі» және басқа да көптеген түрлі тақырыптарда қызықты баяндамалар жасайды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы