Жақында “Елу жылда – ел жаңа” ҚБ Жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін Тараз қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оның жұмысына қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов белсенді қатысты.
Іс-шара барысында № 55 орта мектебінде өткен іс-шараға мүмкіндігі шектеулі жандар мен қандастар келді. Бос орындар жәрмеңкесі-жұмыссыздардың жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, қойылатын талаптарды, еңбек жағдайларын білуге және жұмысқа жолдама алуға мүмкіндік береді. Бұл жолы бос жұмыс орындарын 16 жұмыс беруші ұсынды. Мектептерде, дүкендерде, жанармай құю бекеттерінде және т.б. жұмыс істеу үшін қызметкерлер қажет болды.
Абдырахман Зайнутдиновтың айтуынша, Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 30-дан астам үміткер жолдама алды. 1 орынға 2-3 жолдама берілді және бір ізденуші қолына 3-4 жолдама алды. Бұл жұмыссыз жан үшін оның жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырды және жұмыс беруші үшін құзыретті қызметкерлер табылып жатады. Сонымен қатар, іс-шараға келгендердің заңгерлік кеңес алу мүмкіндіктері қалыптасты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы