Өз басым Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде білемін
Өз басым Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде білемін. Біздің елімізде 140-тан астам өзге ұлт өкілдері тұрады, өзге ұлт өкілінің бірі -өзім.
Еліміздегі саяси тұрақтылық мен үшін өте маңызды. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысым шексіз және тұрып жатқан елімді, жерімді мақтан етемін.
Біз болашаққа сеніммен қараған тәуелсіз және заманауи мемлекетте тұрамыз. Елімізді көркейту жолында біраз іс тындырылды, бірақ біз одан да көп жұмыс істеуіміз қажет. Біздің мемлекеттілігіміз орнатылды, дегенмен тәуелсіздік, бірлік және даму сияқты негізгі құрылымдарын үнемі нығайтып отыруымыз керек! Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін Біздің Президентімізге алғысым шексіз және тұрып жатқан елімді, жерімді мақтан етемін.
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Қызылқайнар ауылының тұрғыны, ұлтым күрді бола тұра, Қазақ елінің 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні мейрамын жылдар өте қазақ халқымен бірге мерекелеп келемін. Тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтар аясында мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен қоғамды біріктіру, Отанға, өткен тарихымызға деген құрмет пен қызығушылық, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік, мемлекет алдындағы азаматтық парыз, Отан үшін қызмет етуге дайын болу сынды сезімдерді қалыптастыру – біздің мақсатымыз.
Келе жатқан Тәуелсіздік мейрамдарыңызбен, ағайын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық
ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі
Мұхтар-оглы Хадиша Дямаловна