ӨНЕРІМ САҒАН ҚАЗАҚСТАН
2023-ші жыл қортындыланды. Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде «Өнерім саған Қазақстан» атты этномәдени берлестіктер фестивалі өтті.
Салтантты жиын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаеваның құттықтау сөзімен басталды. Өткен жылы атқарылған ауқымды істерді ауыз толтыра айтқан мекеме басшысы алдағы жылдың жоспарымен бөлісіп, ел игілігі мен бірлігінің мызғымас беріктігі жолында атқарған әр іске береке тілеп серіктестер мен этнос өкілдеріне ақжарма тілегін арнады.
Фестиваль барысында жыл бойы ҚХА шеңберіңінде жұмыла жұмыс істеп белсенділік танытқан серіктестер, облыстық ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері, журналистер, медиаторлар, ЭМБ өкілдерінен құрылған ансамбльдер және өнерпаздар марапатталды.
Мерекелік жиында өңірдің белсенді өнерпаздары мен этнос өкілдері ән мен жырдан шашу шашты.
Марапат алып мадақталған қонақтар алғыс айтып, естелік суреттерге түсіп тарқасты.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі