Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын талқылау бойынша ҚХА медиаторларының “Бітімгер – Тараз” медиация
Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын талқылау бойынша ҚХА медиаторларының “Бітімгер – Тараз” медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторларымен кездесуі өтті, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі қызметіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесуде өңірдегі медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Владимировна Сафонова өңірдегі ҚХА медиация институтын ілгерілету қажеттілігі туралы айтып, облыс бойынша бірлесе күш жұмылдыра отырып, кез келген тұрмыстық жанжалдың этносаралық жанжалға көшуінің теріс бейімділігін еңсеру бойынша жүйелі алдын алу шараларын әзірлеуге шақырды.
–Бүгінде біз ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек. Жұмыстың жаңа форматын ұйымдастырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы шиеленістердің алдын алудың медиативтік-қалпына келтіру тәсілдері мен тетіктерін енгізу қажет. Аталған жанжалды шешу үшін ақсақалдар кеңесі, қоғамдық келісім, аналар өкілдері қосылатын болады. Біз қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін алдын алу жұмыстарын бірлесіп жүргізетін боламыз”, – деді Лариса Сафонова.
Байзақ ауданы ҚХА медиаторы Ғани Көшекбаева медиаторлардың қатысуымен осындай жағдайлар қарастырылғанын атап өтіп, өз ауданында осындай дауларды шешу тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында “Бітімгер – Тараз” медиация және құқық орталығының төрайымы Федорова Ирина кәсіби медиаторлардың қауіпсіз әлеуметтік ортаны сақтауға бағытталған ынтымақтастық пен бірлескен қызметке дайындығын білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы