ҚХА «ЖОМАРТ ЖАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан халқыАссамблеясы Төрағасының орынбасары– ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА «Жомарт жан» республикалық орталығының төрағасы Евгений Больгерт, ҚХА «Жомарт жан» өңірлік орталықтарының төрағалары мен мүшелері, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысты. Жамбыл өңірінен аталған жиынға «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов қатысты.
Іс-шарада ҚХА қайырымдылық қызметін үйлестіру мәселелері және «Жомарт жан» республикалық орталығының алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.