1

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау жиыны өтті. Іс-шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

Аталмыш кездесудің мақсаты – мақаланың еліміздің болашағы үшін маңыздылығы, тек экономикалық дамудың маңыздылығын ғана емес, Қазақстандағы барлық саланың мән-мағынасын ашып көрсету. Жиналғандардың алдында жаратылыстану ғылым Академиясының академигі, облыстық маслихат депутаты, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Бахтияр Алдашов сөз сөйлеп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты қырларына тоқталып өтті.

«Биылға жылы Мемлекет басшысымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тарихи кезеңге қадам басуымызды – Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталуын айтып еді. Осы тұғырнамаға сәйкес, 2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасының бағдарламалық мақаласы жарық көріп, үлкен масштабтағы міндеттер мен жаңғырудың басымдылықтары мақалада алға тартылды. Біздің Көшбасшымыз айтқандай, қоғамдық сананың жаңғыруы жай ғана экономикалық және саяси жаңғыру емес, ол сонымен қатар рухани жаңғыру», – деді ол өз сөзінде. 

Елбасының бағдарламалық мақаласын облысымыздағы барлық ҚХА мүшелері талқылауға қатысты.