ҚХА ҒСК ЖАС ҒАЛЫМДАР КЛУБЫНЫҢ ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Республикалық Жас Ғалымдар Клубы мен
Өңірлік Жас Ғалымдар Клубтарының онлайн кездесуі өтті.
Жиында Клубтардың қалыптасу қорытындылары мен 2025 жылға арналған
жұмыс жоспарлары талқыланды.
Онлайн өткен шараға ҚХА ғылыми-сараптамалық топ және жас ғалымдар
клубының мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, аймақтық Ассамблеяның Жас Ғалымдар клубының тең төрағасы
Ш.Мұртаза атындағы ХТУ «Ғылыми жұмыстар және халықаралық
байланыстар басқармасы» басшысы, PhD докторы Мурат Әбутәлипов
қатысып, клуб мүшелерімен таныстырып, қысқаша ақпарат берді.
Айта кетейік,қазіргі таңда клуб құрамында 166 жас ғалым бар. Олар
этносаяси, әлеуметтік-экономикалық, конфессионалдық және мәдени даму
үдерістерін, этносаралық қатынастар, этномедиация және Қазақстан
Республикасындағы қоғамдық дамудың өзге де маңызды аспектілерін
зерттеумен айналысады.