Қош келдің, әз – Наурыз!
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі – Қазақ Елі-Жамбыл жері әз-Наурызды 9 күн тойлайтыны белгілі. Осыған орай 18 наурыз «Ынтымақ» күні деп бекітілген болатын. Аталған күні «Көне Тараз» тарихи – мәдени орталығында Жамбыл облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты меркелік іс-шаралар легі ұйымдастырылды.
Ынтымақ ұялап, бірлік қонған Қазақ Елінде көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні қатарынан бесінші күн тойлануда Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып келеді. Әрі жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, ҚХА Аналар, Ақсақалдар мен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, көп балалы аналар, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, суретшілер және қолөнер шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Айбын» әскери патриоттық клубының мүшелері, қала қонақтары мен тұрғындары, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Дулати жастары» жастар театры, Тараз қаласы білім және спорт бөлімдері, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы, қала қонақтары мен тұрғындары, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.
Наурыз – бірлікке, ынтымаққа шақыратын мереке, қайырымдылық айы болғандықтан, қоғамды мейірімді болуға үгіттейді. Бұл күні аймақтағы этномәдени бірлестіктер мен этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерттер, салт – дәстүрлерді насихаттау көрсетілімдері ұйымдастырылады. Осынау мереке арқылы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, қоғамды мейірімді болуға үгіттейді.
Мерекелік шара Достық үйі ғимаратының ауласында туған жер, ел, достық сынды тақырыпта әр түрлі тілдегі радиоконцертпен басталды.
Ғимараттың алдына киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды, сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық, ләңгі және тағы басқа ұлттық ойындар ойнатылды. Көне Тараз тарихи-мәдени орталығының ашық алаңында этномәдени бірлестіктердің суретшілер мен қолөнер шеберлердің көрмесі және мастер класс ұйымдастырылды. Облыстағы этномәдени бірлестік басшылары мен жастары Достық үйінің алдына ынтымақ пен бірліктің нышаны іспеттес мәңгі жасыл қалпын сақтайтын шырша талы отырғызылды.
Сонымен қатар, шара барысында мерекелік концерт көрсетілді. Концерт «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Дулати жастары» театрының қойылымынан басталды. Меркелік концерттік бағдарламада «Мектеп және мектептен тыс шығармашылық дамыту орталығының» бүлдіршендері, «Үкілім», «Infiniti», «Тохуар» би ансамблдері және неміс этномәдени бірлестігінің «Эремурус» вокалдық ансамблінің өнерпаздары, сонымен қатар, Қосақбаева Ақбота, Замир Әуелбеков, Аркадий Овчинников пен Мұхамеджан Дамир сынды өнерпаздар әсем әндерімен көпшілікке көреңікі көңіл күй сыйлады. Концерт соңы әр этнос өкілдері ақсақалдарының бата беріп, аналардың шашу шашу үрдісімен аяқталды.
Мерекелік концерттік бағдарламадан кейін, Достық үйі ғимаратының алдында көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, қарттар, жалғызбасты аналар және қала тұрғындары мен қонақтарға арналған киіз үй тігіліп, дастархан жайылады. Қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған күнтізбесі бойынша наурыз айына арналған «Шашу» акциясы өткізіліп, қазақ халқының ұлттық әрі ерекше дайындалатын тағамдарының бірі наурыз көже, бауырсақ, құймақ және палау дайындалып, көпшілікке таратылды.
Жамбылда бесінші күні тойланып отырған «Ынтымақ» күніне арналған «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты Достық үйінен бастау алған мерекелік шара қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағындағы өңірлік этномәдени бірлестік өкілдерінің шығармашылық топтарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен жалғасты.
Мұндағы концерттік бағдарламаға «Үкілім», «Юлдузча», «Асылай», «Дейвмакх Стайл», «Эремурус» би ансамблдері, Қосақбаева Ақбота, Замир Әуелбеков, Нұрай Ғаниқызы, Болатбек Мухраб, Аббасов Мамедали, әскери штабтан құралған «Жалын» тобы, «Асыл Ана», «Калинка», «Маричка» вокалдық ансамблдері, орыс халқының халық аспаптарынан құралған оркестр, «Самульнори» барабаншылары қатысты. Сондай-ақ, «Ордабасы» командасы спорттық қимылдар көрсетті.
Мерекелек іс-шара аясында облыстық ассамблея құрылымдарының қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді. Жалпы, мереке күні 3500 адам
Сондай-ақ, дәл осы күні яғни18 наурыз күні Талас аудандық орталықтандырылған кітапханада 22 – наурыз Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған , «Ынтымақ» күніне арналған «Наурыз айы туғанда» атты салт-дәстүр кеші өткізілді. Кеште тұсаукесер рәсімі өтіп, наурыз көже таратылған.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі