Қордай ауданында «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» форумы өтті

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА «ҮЛКЕН ЕЛ-ҮЛКЕН ОТБАСЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

 

2015 жылғы 30 қараша күні Жамбыл облысы, Қордай ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» атты форумы өтті.

Форумға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйым басшылары, жастар қауымы қатысты.

Форумның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы азаматтық принциптерге негізделе отырып Қазақстандықтардың бірегейлікті алға жылжыту және кеңінен тарату.

Форум барысында аудан әкімі жиналған қауымға өзінің құттықтау сөзін арнады. Сондай-ақ жергілікті халықты славян, қазақ, дүнген этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері құттықтады.

Форум аясында аудан бойынша «Ұлтаралық татулық-үйлесім мен тыныштықтың кепілі» атты жалғыз бастыларға арналған қайырымдылық түскі ас, «Әртүрлі болсақ та, біз теңбіз» атты кәсіпкерлердің нашар отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуі, «Біздің таңдауымыз бірлік» атты денсаулығында кемістігі бар жандарға концерттік бағдарлама, «Қол ұшын бер» атты тұрмысы нашар отбасыларға киім кешек тарату қайырымдылық акциясы, «Басты байлық – ұлттар достығы» атты жаппай жүгіруден жарыс т.б. көптеген қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараларға  белсенділік танытқан азаматтары аудан әкімінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Форум аудандық мәдениет үйіндегі этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *