ҚОЛӨНЕР — СЫРЛЫ ӨНЕР

2023 жылдың 9 қараша күні Меркі ауданы Жаңатоған ауылында аналар кеңесі Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұмыт қалған қолөнер» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараның алғашқы алғы сөзін аудан аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл анамыз ашып, сол округ аналар кеңесінің төрайымы Базарбаева Жаңыл өз мүшелерімен, ауылдың қолөнер сүйер аналарымен ши тоқуды, сырмақ тігуді, киіз басуды, кілем тоқуды көрсетті.

Жиынға әр округтің аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Аудан аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Роза Байбосынова іс-шараның өту барысына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ардагерлер мен ауыл округі әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтарын тапсырды.

Сонымен қатар ұлттар арасындағы ынтымақтастықты сақтау мақсатында сол ауылда тұратын әзірбайжан халқының «Қыз ұзату» дәстүрі өткізілді. Өз қолөнер бұйымдарын, тағамдарын тарту етті. Ұлттық биін, әнін, ойынын көрсетті. Қызды айттыру, оның қолына қына жағу, жеңгелерінің сыйлық тартулары, алтын тағулары, құрбандыққа малды шалуы, шамды айналып жүруі, қызды шығарып салуы,құрбыларының билері қоштасуы, қызыл белбеумен қыздың белін байлауы сияқты дәстүрлерін көрсетті. Мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты. Ауыл әкімі ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,орамал жауып, рахметін жеткізді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі