Қоғамдық келісім кеңесі — билік пен халық арасындағы дәнекер ұйым
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Қызметі мен жасап жатқан жұмысы бір-біріне ұқсамайтын, ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелерді шешуге де көшбасшы болып келеді. Ассамблеяға артылған қай міндет болмасын, еліміздің біртұтастығына ықпал етіп отыр деуге болады.
Қазіргі уақытта бүкіл республика көлемінде 2000-ға жуық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Ассамблеяның негізгі қызметін атқарып отырған Қоғамдық келісім кеңестері бүгінде қоғамда болып жатқан келеңсіз мәселелерді талқыға салып, нақты ұсыныстармен шешілу жолдарын қарастырып келеді.
Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайланады. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Қоғамдық келісім кеңестерімен санасатынын да байқап отырмыз. Демек, бұл Кеңестердің айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны барын, беделінің артып келе жатқанын аңғартады.
Осы орайда, біз бүгін Ассамблея жанынан құрылған облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмыстарына тоқталмақшымыз.
Жамбыл облысында пандемия кезінде Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмысы жайлы айтар болсақ, Жамбыл облысында 1 облыстық, 10 аудандық, 3 қалалық, 154 ауылдық округтер мен 13 ірі мекемелерде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс жүргізілуде.
Достық үйінде облыстық Қоғамдық кеңес және ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі бірлесуімен құрылған 4 топ «Бірыңғай ашық есік күні» аясында тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша қабылдаулар жүргізілді, 45 адамның өтініші мен тілегі тыңдалып, 20 мәселе өз шешімін тапты және 25-і тиісті орындарға жолданды. Жамбыл облысында ҚХА қоғамдық келісім кеңестеріне екінші тоқсанда 404 өтініш келіп түсті, 299 өтініш өз шешімін тапты,105-і орындалу үстінде.
Атап айтқанда, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен және ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлер салу үшін жер беру, аялдамалар салу және т.б бойынша 147 мәселе, көп балалы, жағдайы төмен, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек беру, аймақтарды
абаттандыру бойынша, мектептер үшін кітаптар сатып алу, иесі жоқ иттерді аулау, елді-мекендегі тұрғындардың қауіпсіздігі, жеке меншіктің жиі ұрлануына байланысты мәселелер, тұрғын үй, ғимараттар мәлеселері бойынша 60 мәселе, қайырымдылық жұмыстар: қарияларға көмек көрсету, өрттен зардап шеккендерге үйді жөндеуге қаржылық көмек көрсету бойынша 49 мәселе шешімін тапты.
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы даулардың алдын-алу: бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қаупінен қорғау, қалада инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтердің тарифтік саясатын жүргізу, ауылдардағы емханалар, кәсіпкерлікті қолдау және заңсыз тексерулерден қорғау бойынша 33 мәселе, дауларды шешу: жанжал жағдайларының алдын-алу, дауларды медиация қағидаттарын қолдана отырып шешу бойынша 10 мәселе шешімін тапты. Қазіргі уақытта қоғамдағы тұрақтылыққа аса зор назар аударып отырған Қоғамдық келісім кеңестері Үкімет пен тұрғындар арасындағы әмбебап диалог алаңына айналғаны уақыт ақиқаты.
Жасыратыны жоқ, Қордай ауданында орын алған келеңсіз жағдай, бәрімізге – үлкен сабақ болды. Ендігі міндет – осындай жағдайға жол бермеу болып табылады.
Сондықтан да, Қордай оқиғаларынан кейін ауданда бірлескен Қоғамдық келісім кеңесі қайта құрылып, оның құрамына өз ортасында беделді және көпшілікке айтары мол, өмірлік бай тәжірибесі бар қоғамдық пікір жетекшілері енді. Бұл құрылымның тиімділігі республикалық деңгейде атап өтілді. Мұндай тәжірибе Қордай өңірімен ғана шектелмей өзге этнос өкілдері тығыз орналасқан Шу, Мерке, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында қоғамдық келісім кеңестерінің саны арттырылып, сонымен қатар, бірлескен Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша 87 Қоғамдық келісім кеңестерінің ішінен 12 Бірлескен Қоғамдық келісім кеңесі жаңа бағытта жұмыс атқаруды белсенді қолға алды. Бұл жұмыс облыстың басқа аудандарында да жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бірге, «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы аясында Жамбыл облысының тиісті сала мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, жоба аймақ тұрғындарының мәселелеріне нақты шешім табуға бағытталған. Облыс аудандарында халықты толғандыратын мәселелерді анықтауға, өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 49 іс-шара, әлеуметтік сауалнама өткізілді. Нәтижесінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберілді. Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздық, спорт және мәдени кешендердің жоқтығы, интернет күшінің төмендігі, азық-түлік бағасының жоғарылығы және этникалық белгісі бойынша қысым көрсету сынды мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, аудандардағы қоғамдық келісім кеңестерінің кеңейтілген отырыстары өтіп, аудандағы ауыл жастарының құқықтық сауатын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге тарту, діни ұйымдар жұмысын қадағалау, білім алуға этнос балаларының толық қамтылуы, этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруі сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.
Бұған қоса, Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қаракемер, Қарасай, Қарасу ауылдарының белсенділері мен ақсақалдарының бірлескен Қоғамдық келісім кеңесінің бүгінгі күнге дейін 7 отырысы өткізіліп, тұрғындар арасындағы әлеуметтік-рухани мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Этностар жинақы орналасқан Байзақ, Жамбыл, Талас, Шу, Меркі аудандарында бірлескен кеңестер жұмысы ұйымдастырылуда. Жамбыл облысының Сарысу, Талас, Байзақ және Меркі аудандарында ҚХА-ның «Қайырымдылық керуені» аясында облыстық қоғамдық келісім кеңесінің «Жергілікті атқарушы билік органдары мен қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтудағы өзара іс-қимылы» тақырыбында көшпелі отырыстары өтіп, онда инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік және ана тілдерін әрі қарай терең меңгеру мақсатында жасы келген кісілерді қамту, жайылымдық жер, ұлттық кәсіп- қолөнерді жаңғырту жөнінде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды.
Қорыта келгенде, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі көмегімен 2020 жылдың 4-ші тоқсанында әлеуметтік осал топтағы 3660 отбасына 135 млн 800 мың теңгеге қайырымдылық жасалды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары,
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Тажибаев Бигелді Халилуллаұлы