Қазақстан сыртқы саясатта еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұлттық экономиканың дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды жалғастырады. Ұлу жылында мемлекетіміз үшін аса маңызды халықаралық шаралар өтеді. 2024 жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етпек. Жыл барысында Астанада осы халықаралық ұйымдардың жиыны өтеді. Оның ішінде, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының басқосуы мен Астана халықаралық форумын өткізу жоспарланған. Бұдан да өзге мәселелер көтерілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берілген сұқбаты үміт пен болашаққа деген нық сезімді оятып отыр. Махкам Орифов, Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі 2024 жылдың 3- қаңтарында Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында мемлекеттік қызметшілер – білімді, білікті, бастамашыл, тиянақты, тәртіпті, арлы және Әділетті Қазақстан идеясына адал азаматтар болуы шарт. Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатты берік ұстануы тиіс деді.

Бұл орайда, Президент қазақ елінің жастарына сенетінін баса айтты. Сондықтан билік құрылымындарына аға буыннның тәжірибесі де, жас ұрпақтың жаңа идеялары да керек.

 

Хамида Турдыева, Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары»

Қоғамдық бірлестігінің төрайымы