БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Ізгілікті іске ұйытқы болып, қайырымдылық жасауда Жамбыл облыстық этномәдени бірлестік өкілдері әрдайым белсенділік танытып келеді. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында облыстық «Хазар» Әзірбайжан этномәдени бірлестігі жақсылыққа жаршы атанып, тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созды. Бірлестік төрағасы Асабали Поилиевтің бастамасымен қаладағы 16 отбасыға азық-түлік таратылып, көпбалалы отбасылардың алғысына бөленді. «Қайырымдылық жасауға асығу бірлестіктің басты мақсаты. Берекелі айда сауапты іске атсалысып, ары қарай жалғастырамыз» – дейді Асабали Поилиев.