Тараздық кішкентай ханзадалар мен ханшайымдар дефилесі
2022 жылдың 25 наурызында “Fabus” модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тараз ханзадасы мен ханшайымы – 2022» аймақтық сұлулық пен талант байқауының 12 маусымы өтті. Ассамблея тарапынан іс-шараны ҚР күрділердің «Барбанг» қауымдастығының Жамбыл облысындағы филиалы қолдады және демеушілік көмек көрсетті. Жетекшісі – Сартиф Алиев.
Дарынды балалар сұлулықты, сымбаттылықты, стиль мен сәнді көрсету үшін бір сахнада кездесті. Тәж үшін 14 үміткер күресті. Подиумда 4 жастан 11 жасқа дейінгі қыздар да, ұлдар да дефиле көрсетті. Байқау бағдарламасы ұлттық костюммен шығудан басталды. Одан әрі презентация болып, қатысушылар өздерін таныстыру барысында таныстыруларын бейнероликтермен көрсетті. Ал ағайынды Самир мен Әмір Ахметжановтар тұпнұсқалы тұсаукесер дайындап, өнерлерін дуэтпен, яғни сықак-өлеңдермен орындады. Іс-шараның ең жарқын сәті – таланттар сайысына да кезек келіп, қатысушылар өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Сайып келгенде, Самир мен Әмір Ахметжановтардың орындауындағы керемет «Танго биі» , сондай-ақ, Қанат Кәусардың тамаша «лезгинкасы» есте қалды. Бәрінен бұрын Әдия Алпыстың гимнастикалық нөмірі таң қалдырды. Байқау бағдарламасы балдық, мерекелік костюмдер мен көйлектер дефилесімен аяқталды, оның барысында қатысушылар керемет киім үлгілерін көрсетті. 10 балдық жүйе бойынша қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында – ҚР күрділердің «Барбанг» қауымдастығы аймақтық ҚБ Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Сартиф Алиев, вокал және актерлік шеберлік бойынша кәсіби педагог, фортепиано және гитарада ойнау бойынша педагог Макадина Кошмамбетова, «Эдельвейс» қазіргі заманғы би театрының директоры және бас хореограф Майя Воробьева, «Талантты жастар» компаниясының продюсері Лескүл Жиенбетова, «Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко. Дефилеге шыққан әр қатысушы өз өнерін көрсеткен сайын каталогтарда ұпайлар белгіленіп отырды. Марапаттау рәсімі іс-шараның ең биік, шарықтау шегі болды. Қатысушылар мен ата-аналарға, қазылар алқасы мен көрермендерге алаңдаушылық тудырған нәтижелер де міне, жарияланды. Басты аталымдардың иегерлері – Кәусар Қанат («Тараздың кішкентай аруы»), Асан Нұрғали (Тараздың кішкентай мырзасы ), Самир Ахметжанов («Тараздың ханзадасы»), Адия Алпыс («Тараздың ханшайымы») болды. Облысымыздың кішкентай жеңімпаздары бұдан ары да республикалық және халықаралық байқауларда өздерін көрсетеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы