Наурыз-көктемнің ерекше мерекесі, жаңарудың, күн мен түннің теңелу күні
Наурыз-көктемнің ерекше мерекесі, жаңарудың, күн мен түннің теңелу күні. Бұл күні бүкіл әлем, табиғат және адамдар жаңару мен жылулыққа бөленеді, қуанады. Осынау ұлы Әз-Наурыз мерекесінде барлық қазақстандықтарға таусылмас молшылық пен ұзағынан сүйіндірерлік қуаныш тілеймін!
Көктемнің келуімен жаңарған Қазақстан жаңғыру жолында халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, ерен бақытқа есік ашылсын. Наурыз мейрамы ежелгі мерекесі біздің заманауи қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарды. Наурыз – барша түркітектес халықтардың ұлттық сана-сезімін шабыттандырып, мерейін үстем ететін құбылыстардың бірі. Наурыз мерекесін тек түркі тілдес халықтар ғана емес, Отанымыз Қазақстанда мекендейтін барлық ұлт өкілдері, славяндықтар да қуана бірге қарсы алысып, Қазақ бастаған түркілердің ұлттық тағамдарынан дәм татып, салт-дәстүрі мен өнерлерін тамашалап, бір үйдің баласындай бірге мерекелейді. Осы тұтастығымызға, ләйім, нұқсан келмесін! Наурыз құтты болғай!
Асабали Пойлиев Жамбыл облыстық «Хазар» әзірбайжандар этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі