«Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»

1

Қазақстандық патриотизм дегеніміз – ерекше нәрсе, ол көп ұлтты халқы бар қазақстандықтардың ортақ мақсаты, көптеген халық мекен еткен Отанына деген ортақ сүйіспеншілігі.

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып, оған судьялар, заңгерлер, ассамблея медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар мен ақсақалдар кеңесінің, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де шақырылды.   Бұл іс-шараның басты мақсаты –Қазақстан Республикасының негізгі Заңын зерттеу арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті, халықтың құқықтық сана-сезімінің нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, әлеуметтік кепілдіктердің негізі ретінде конституциялық заңдылықты іске асыру және кеңейту.

Дөңгелек үстел отырысын облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: «Біздің көп ұлтты мемлекетімізде барлық азаматтар тең болуы тиіс. Қоғамымызда этникалық белгілері бойынша бөлінуге жол беруге болмайды. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтарға қарамай қоғамды тек біріктіруі керек», – деп атап өтт.

Іс-шара барысында судья, облыстық соттың қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, ассамблея медиаторлары Сұлтан Әміркенов, Сәуле Дауылбаева, Елена Горбунова баяндама жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторы Сұлтан Әміркенов: «Патриотизм дегеніміз – ол тек қана тік тұрып өз елінің әнұранын айтып шығу ғана емес….. Патриотизм – ол сенің соңғы күшің қалғанша өз Отанының игілігі үшін үлкен сынақ алаңында оны қорғап, салт-дәстүрін құрметтеу, құқығын және заңын сақтауы» деп атап өтті.

Медиаторлардың баяндамалары қазақстандық патриотизмнің жалпы мақсаты мен міндеттері туралы ой-пікірлерге ұласты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.