«Достық» клуб аталды.
Этносаралық тақырыпты қамтуды осы тақырып аясында бірігіп үйлестіру жұмыстарын жандандыруда аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан журналистер клубын құру мақсатында Жамбыл облысының облыстық, аудандық газеттерінен 18 тілші жиналды.Үстіміздегі жылдың 18-ақпанында «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында баспасөз бөлімінің ұйымдастыруымен жиынға қатысушылардың құрылтай жиналысы өтті. Кездесуді журналистер клубын ұйымдастыруда бастамашылардың бірі, «Магнолия» апталық газетінің тілшісі, баспасөз қызметінің қоғамдық негізде кеңесшісі, 2015-жылғы этножурналистика саласы бойынша «Шаңырақ» республикалық ҚХА байқауы жүлдесінің иегері М.Бунин ашты. Ол өз сөзінде, құрылғалы отырған бірлестік формалді емес, шығармашылық негізге бағытталатынына тоқталды. Бұл бас қосуда алған тәжірибелер күрделі тақырыптық мәселелерді өздерінің болмаса басқада бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауда кәсіби шеберліктерін ашуға үлкен көмегін тигізеді, азаматтық бірлік мәселелерін ашып көрсетуде кәсіби шеберлікті көтеруге, журналистер этикасын және Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер жұмысы жайлы мәселелерді жарыққа шығаруда журналистік қауымдастықтың жауапкершілігі негіздерін сақтауды қамтамасыз етеді. Барлық қатысушылар осы мәселеге бір жақты келісті. Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім»КММ басшысы Р.Убайдуллаева жиынға қатысқан журналистер алдында «ҚХА 2025- жылға дейінгі даму» бағдарламасының негізгі бағыттарын ашып айтты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үлкен ел-Үлкен отбасы» мега-жобасы жоспарларының аймақтық ҚХА орындалуы жайлы мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар Р.Убайдуллаева жиналғандарға бүгінгі бас қосуда алған әсерлерінен үлкен қорытынды шығара отырып, жақсы ұсыныстар күтетінін, осы бағытта қатысушыларға мол мүмкіншіліктер жасалып отырғанын айтты, және этномәдени бірлестіктер жұмыстары жайлы қызықты материалдар жолдауларын сұрады. Жиналғандар алдында Жамбыл облысында қазіргі заманғы этносаралық жағдай, Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту бағдарламасы жайлы педагогика ғылымының магистрі, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми- сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы А.Тапаева нақты мысалдармен баяндады.Қызу пікір алысуларға Жуалы аудандық «Новая жизнь» газетінің тілшісі Г.Дембаева, Сарысу ауданы «Сарысу» газетінің тілшісі Ж.Жетенова, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының журналисті М.Копбосынова және де басқада тілшілер өз пікірлерін білдірді.Облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі В.Мазур өз әріптестеріне ҚХА сайтына және облыстық газеттерге ассамблея жайлы материалдарды шығару үшін тартымды, қызықты материалдар жіберуін сұрады.Оны жақын арада өтетін алғыс айту күніне орай тездетіп берулерін өтінді.Ол сонымен қатар аймақтық ассамблеяның өзін-өзі ақтау негізінде жеке баспасын ашу жайлы пікірін айтты.Журналистерге дайындалған материалдар таратылды,байланыс телефондары берілді және «Достық» клубында тоқсанына бір рет шығармашылық кездесу өткізуді белгіледі.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі.