«Этносаралық жағдайдың мониторингі, бағалау және болжау» семинар-тренингі
«Бейбітшілік пен келісім – мемлекет дамуының кепілі» – бұл Қазақ елінің ұстанымы. Іс-шараны Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты – этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты насихаттау.
«Қазақстанның Этносаралық қарым-қатынас тақырыбын кездейсоқ алған жоқпыз. Себебі биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Яғни, осы жылдар ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісім мемлекет дамуының басты жолына айналды», – деді өз сөзінде Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева.
Өңірдегі әлеуметтік зерттеулердің IV-тоқсан бойынша этносаралық жағдайларды бағалау нәтижесі мен өңірдегі басты этносаралық жағдайлар көрсеткіші жайына ҚХА ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Парида Мамедова тоқталып өтті. Ал «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшысы Зарина Кулиева фокус топтық зерттеулер жүргізудің таныстырылымы жайында семинар-тренинг өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдарына контент-анализ жүргізу, әдістер және ұсынымдар туралы «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшысы Альбина Тапаева түсіндіріп өтті.
Жиын соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.